Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 201-210 |
Страницы: « 1 2 ... 19 20 21 22 23 ... 290 291 » |
Қытай философиясының жалпы түсініктері мен ерекше белгілері 1. Қытай философиясының негізгі кезеңдерімен ерекше белгілері. Қытай философиясы. Қытай философиясының дамуынының негізгі кезеңдері. VII б.э.д - III б.э Ежелгі ұлттық философиялық мектептердің қалыптасуы мен тууы. III-XIXб.э –Индиадан Қытайға буддизмнің кіруі және оның ұлттық философиялық мектептердің әсері. XXб.э – қазіргі таңғы кезең Қытай қоғымының үнсіздігінен өту, Қытай философиясының Еуропамен әлем философиясының жетістіктерімен толуы.Қытай философиясында көрсетілген әлем мен қоршаған ортаны қытайша көрудің ерекше белгілері .Өз мемлекеті Өытайды әлемнің орталығы деп қабылдау. |
1. Қытай философиясындағы адам мәселесі : Қытайда адам табиғатпен, космоспен теңестірілетініне қарамастан , ол Қытай философиясында орталық орынға ие. Қытай философиясының дәсүріне сәйкес қаймағы адам болып табылатын космостық энергиялардың үш түрі. Цзин- барлық тіршіліктердің тууының энергиясы, тірі организмнің тұқымы , түбірі. Бұл психофизикалық энергияның Бұрынғы көктің тұқымы деген түрлері болады.Ци – барлық тіршіліктің құрылыс материалдары қызметін атқаратын материалды рухани күш. Ци энергиясы заттық ци (заттар, тірі организмдер материалды формаға айналады. ) және рухани ци деп бөлінеді. Шэнь- адамның тұлғалық стерженін құрайтын, таусылмайтын рухани энергия, ол адам дүниеден өткеннен кейін де жоғалмайды. |
Ұлытау өңірін мекен етіп отырған Бағаналы елінде ХІХ ғасырдың ортасында атақты Ерден батыр, би, аға сұлтан өмір сүрген. Ерден-Бағаналының атақты батыры Төлек батырдың Сандыбай деген ұлынан туады. Елді жау шапқанда әкесі Төлекке ырық бермей, жауға қоса аттанған Сандыбай 16 жасында батыр атанған адам. Ерден осы Сандыбайдың төртінші ұлы. Туған жылдарына қатысты әр түрлі деректер бар. Ресейде сақталған, 1842 жылы жазылған құжатта Ерденнің жасын 31-де деп көрсетеді. Егер шынымен солай болса Ерден 1811 жылы дүниеге келген болып шығады. Ал, ресей мұрағаттарында сақталған енді бір құжаттарда Ерденнің туған жылын 1809 жылы етіп жазғанын кездестіруге болады. |
1. Құқықтық мемлекеттің түсінігі және қағидалары. Құқықты
мемлекет - бұл адам мен азаматтың құқықтар мен бостандықтарының толық түрде
қамтамасыз етілуіне және құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік билікті
құқықпен мейлінше байланыстыруға жағдай жасаушы саяси билік ұйымы.І Құқықтық мемлекеттің мәнін
қарастыруда оның негізгі екі
жағын (екі негізгі кағиданы) бөліп қарастыруға болады: 1) мазмұнды жағы -
адам мен
азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын мейлінше толық көлемде
қамтамасыз етуден тұлға үшін
құкықтық ынталандыру режимін орнықтырудан
көрінеді; 2) формальды-заңды жағы - мемлекеттік билікті құқықпен
байланыстырудан, мемлекеттік құрылымдар үшін құқықтық шектеу режимін
орнықтырудан көрінеді. Сонымен қатар, құқықтық мемлекеттің кағидасына мыналар да
жатады: - билікті заңсыз пайдалануды болдырмау мақсатында оны заңшығарушылық, атқарушылық
және сот тармақтарына бөлу; - заңның үстемдігі, яғни, биліктің жоғары органымен барлық
конституциялық тәртіптерді сақтай
отырып қабылданған заң
атқарушылық билік актілерімен жоққа шығарылуы, өзгертілуі және тоқтатылуы
мүмкін емес; - мемлекет пен тұлғаның өзара жауапкершілігі; - қоғамдағы құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары
деңгейі; - азаматтық қоғамның болуы және тарапынан құқық
субъектілерінің заңдарды орындауына бақылау жүргізілуі. |
Қалманбай Байдәулетұлы 1860 жылы Ұлытау өңіріндегі Сарыкеңгір өзені бойында «Алданазардың ақсуаты» деген жерде дүниеге келген. Әкесі Байдәулет Орынборда, Омбыда оқыған пысық, зерек кісі болыпты. Ол Сарысу өзені бойындағы Сымтас деген жерден 12 отбасылық қызыл үй мен мешіт салдыртқан. Шетелден шеберлер әкеліп, сағана, тоған жасатқан. Омбыдағы оқуын аяқтай алмай, атасы Құлыбектің көзі, киелі сөзі тиіп, 25 жасында ауырмай-сырқамай қайтыс болған екен. Қалманбай одан 1,5-2 жас шамасында қалыпты. Інісі Мақыш 1 жасқа да толмаған екен. Бұларды өсіріп, жеткізген Байдәулеттің ағасы Жандәулет те атақты бай болған екен. |
Оман сұлтандығы Арабия түбегінің шығысында орналасқан шағын мемлекет. Жерінің аумағы Қарағанды облысының екі ауданының шамасындай ғана. Ана шеті мына шетіне Қазақстан секілді тәуліктеп емес, сағаттап жетуге болады. Халқының саны да шамалы. Біздің жолбасшымыздың айтуынша 2,5 млн. шамасында. Негізінен халықтың басым бөлігін арабтар құрайды. Халықтың басым бөлігі осы арабтар болғандықтан ислам діні берік орын алған. Ресми тілі – араб тілі.Бірақ біздегідей қос тілділік бар. Араб тілімен қатар ағылшын тілі де үстем. Халқы екі тілде де еркін сөйлей алады. Мемлекетті монархиялық тәртіппен Хафуз сұлтан басқарады. Ақшаларының атауы риал. Мұнайға бай ел болғандықтан ақшасыда құнды. Халқы негізінен бай тұрады. Жергілікті арабтар ешқашан қара жұмыс жасамайды. Қара жұмыстардың барлығын сырттан келген белуджилер, парсылар және африкалықтар атқарады. Арабтар өздері мұнай компанияларында, жеке кәсіпкерлік саласында басқарушылық жұмыстарымен айналысады. |
Заңдардың иерархиялық принципіне сәйкес, ұлттық құқық жүйесінің негізгі қайнр көзі, соның ішінде Қазақстан Республикасы нотариатының да негізгі қайнар көзі Конституция болып табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық, зайырлы және әлеуметтік мемлекет, басты құндылығы адам, оның құқығы мен бостандығы болып табылады деп көрсетеді. Адам құқығы мен бостандығын тану мен кепілдік беру одан әрі Конституцияның 12 бабында қарастырылады. |
Қосарлама қос сөздер лексикалық мағынасы басқа-басқа екі түрлі сөзден құралады. Қосарлама қос сөздер мағына жағынан ыңғайлас, морфологиялық жағынан тектес, синтаксистік жағынан теңдес сөздерден құралады. М, әке-шеше, алты-жеті, туған-өскен. Қосарлама қос сөздер компоненттерінің дербестігі бар я жоқтығына қарай, біріншіден, екі компоненті де бірдей мағыналы қос сөздер, екіншіден бір компоненті мағыналы, бір компоненті мағынасыз қос сөздер және үшіншіден, екі компоненті де бірдей мағынасыз қос сөздер болып үшке бөлінеді. |
Ақындар жырға қосып, әншілер ән әуезімен тербеткен жыр арқауы – Жаңаарқа өңірінде 1952 жылы 20 мамырда дүниеге келген Ғалым аға, бала кезінен өнерге жаны құштар, талапты болып өссе керек. Ауылдағы кішігірім іс-шараларда қолына қара домбырасын алып, тыңдарманын бей-жай қалдырмайтын «әнші бала» атанған қара домалаққа елі танданысын жасыра алмайтын. «Болашақта осы бала әнші болады» деп жас – кәрісі күңкілдесіп жататын. Көптің тілегі қабыл болып, «әнші бала» өсе келе, «Әнші ағаға» айналды. 1969 жылы ауылдағы орта мектепті бітіргеннен кейін, туған ауылында қатардағы жұмысшы болып еңбек жолын бастады. Еңбек ете жүріп, әншілік өнерімен де көпшілікке танылды. Жұмыстан қолы қалт еткенде жанына серік етері – киелі қара домбырасы еді. Домбыраның қос шегіне халықтың әндерін салып, әннің тарихында мәнерлеп әңгімелей білетін. Қолындағы домбыраның қос шегінен шыққан бірде мұңды, бірде жайдары әуез беретін қасиетіне қарап, қазақтың ән өнерінің құдіретін сезінді. Алты мыңжылдық тарихы бар бабалар мұрасы - домбыраның шығу тарихын да насихаттай жүрді. Қолына ұстаған домбырасының астыңғы ішегінен Зарлықтың жіңішке, үстіңгі ішегінен Мұңлықтың бос қоңыр дауысы шыққан аспаптың киесі мен қасиетін жас кезінен түсініп өсті. Табиғи талантын лезде-ақ көрсете білген Ғалым аға 1971 жылы Жаңаарқа аудандық мәдениет бөлімінде автоклуб меңгерушісі болып, ауыл еңбеккерлеріне мәдени қызмет көрсетуге белсене қатысты. Бұл оның кәсіби өнердегі жолының бастауы еді. |
Қос
сөздердің көмескі сыңарлары туралы Ағайын-анжы, айып анжы немесе жақсы-жайсаң сыртқы түрі
ұқсас болғанмен, шындығында бұл екеуі екі бөлек сөз. «Ағайын» сөзімен
қосарланып тұрған «анжының» о бастағы тұлғасы (әнжі (енжі). Бұл сөз көне түркі
жазбаларында, әсіресе, монгол тілінде жазылған нұсқаларында жиі қолданылады.
Негізгі мағынасы – ұзатылған қызға (ұлға емес) беретін жасау, енші. Ондай
еншілер, дүние-мүлік, қызметші, малшы ,
жалшы, көрші-қолаң түрінде болған. Академик Б.Я. Владимирцов өзінің «Монғолдардың
қоғамдық құрылысы» атты кітабында мынандай бір мәлімет келтіреді. Керей Уан
ханның інісі қызын ұзатқанда таңдаулы аспазы Әмір-Темірмен қоса екі жүз адамды
әнжіге берген. Кейін ло адамдардың біразы жаңа «иелерімен» жақындасып, тіпті
қыз алысып татуласып кеткенге ұқсайды. Атақты Шыңғыс ханның нөкелерінің көбі-ақ
бір кезде әжесіне енжі болып келгендердің ұрпағы екен. |