Главная » Файлы » РЕФЕРАТ [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2903
Показано материалов: 1361-1370
Страницы: « 1 2 ... 135 136 137 138 139 ... 290 291 »

Салт айтысы. Салт айтысы екіге бөлінеді: қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы.
Қыз бен жігіт айтысы. Қыз бен жігіт айтысы көбіне ойын-тойда айтылады. Ойын-тойдың бір бөлімі болып кіруі оның салт өлеңі екендігін айқындайды.
Әдетте, қыз бен жігіттің айтысы ақынды талғамайды, ақындығы жоқ жігіттер де, қыздар да үйреншік, жаттамалы өлеңдермен айтыса беруі мүмкін. Бірақ кейде ақын жігіт пен ақын қыздың не әдейі кездесіп, не кездейсоқ ұшырасып айтысатыны да болады.
Барлық реферат | Просмотров: 1507 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

Қазақ өлеңсіз оты жағылмаған халық. Ұлтымыздың тұрмыс тіршілігі ертеден ән мен жырға ұйқасып, біте қайнасып жатыр.  Мұны какім Абай «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең» деп түйіндейді. Бұл жағыннан  өзімізді-өзіміз мойындап қоймай, өзге ел де, мойындап отыр. Қытайдың қазақ тілді басылымы «Алтай» газетінің 1998-жылы 5-айдың 2 күнгі санындағы, Қытайдың белгілі ақыны Жиаң ЛИЖУНнің «Тау әні» атты шалқымасында «тамыздың тамылжыған күндерінде тауға бара қалсаңыз, самал шалғынға сүңгіп, қыр өртеніп, гүл жанады. Бойың елітіп, жаның рахат табады.
Барлық реферат | Просмотров: 1207 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

Мысал айтыстарды  тиімді тәсіл ретінде айтыс формасын пайдалану деп түсінгеніміз жөн. Зерттеушілердің  көбі мысал айтыстарды мазмұнына қарай бөліп алып, жеке түр ретінде талдайды. Мысалы, Х.Досмұхамедұлы: «Ел әдебиетінің түрі көп. Осы түрлерден ескерілмей келе жатқан түр – аруақпен ай- тысу» деп жіктейді. Қазақ халқы өлген адамның рухын, аруағын аса қастерлеген. «Аруақ аттамау», «Аруаққа тас атпау» деген ұғымдар, «Өлі разы болмай, тірі байы- майды»  деген сияқты мақал-мәтелдер  осы ойымызға дәлел болса керек. Х. Досмұхамедұлы да осы жайды атап айта отырып, там салу, ас беру, өліктің аруағына сыйыну секілді ырымдардың қазақтың шамандығынан қалғанын ескертеді. «Күйікке шыдай алмай сүйгенінің моласына барып зарлайды. Моладағы кісіден жауап алады. Іштегі шерін шығарып, мауқын басады. Өлік зарлаушыға жау- ап береді. 
Барлық реферат | Просмотров: 1524 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

Сахнаға шығардың жұртым бізді,

 Орындап тілегіңді тұрмыз ізгі.

 Әке, бала екеуі алдыңда отыр,

 Қарсы алсаң ықыласпен жылы жүзді.

Өсіп тұр мәртебеміз болып биік,

Өсірсе әкеге бақ бала сүйіп.

Жолынды мұрат тұтса бір ғанибет,

Бетімен кетсе егер көзге күйік.

Ризамын атақ-абырой, даңқыма да,

Ризамын бақыт берген халқыма да.

Барлық реферат | Просмотров: 1404 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

Ақындар айтысында "жаттама (трафарет) өлеңдер аз болады" (С.Мұқанов). Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін, өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады. Соның бәріне ақындар жөпелдемеде жауап беруге, дәлел айтуға әзір болуы керек. Мұның бәрі ақындардан сөзге жүйріктікті, білгірлікті, тапқырлықты, ұсталықты қажетсінумен қатар, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек етеді. Олай болмаған күнде құр ділмарлықпен ештеңе өндіре алмайды, сайыста дәрменсіз болып қала береді. Жаттанды сөз өрнегін қолдану ақынға абырой әпермейді. Ақындар айтыстың бас кезінде асқақ әуенге басады, өздерінің мойны озық сөз жүйрігі екенін таныта, қарсылас ақынын тұқырта, кеміте, үркіте сөйлейді. Әсет пен Ырысжан айтысында Ырысжан:
Барлық реферат | Просмотров: 1093 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

Осыдан бір-екі жыл бұрын «Қазақстан» телеарнасынан Оңтүстік Кореяда қазақ тілін оқып жатқан кәріс студенттері туралы арнайы хабар берілгенде, әрі таңырқай, әрі сүйсіне тамашалағаным есімде. Бір ғажабы сол, сонау қиыр қонып, шет жайлаған елдің шәкірттері қазақ тілінде сөйлеп қана қоймай, домбырамен күмбірлете күй төгіп, қазақша би билей алады екен. Мен үшін үлкен жаңалық сол болды.
Барлық реферат | Просмотров: 1060 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

Қазақстанның үлкен қалаларын ара­лап жүрген қонақ мұнымен де шек­теліп қалмай, жуырда жаңа клиптің тұсауын кесті. «You should speak қазақша» деп аталатын әзіл-қалжыңға толы, көңілді клип қазақ тілін наси­хаттауға арналған. «Айдаладан келіп», біздің ана тілімізді қолдауға ынта-шынтасымен кірісіп кеткен Сон Пас­каль дейтін кім өзі дейтін болсақ, ол өз елінде жап-жақсы танымал әнші­лердің бірі. Әйгілі «aTunes-2011» му­зы­­калық жобасының финалисі.
Ғаламторды кезіп кеткен «You should speak қазақша» клипін түсіруге өзіміздің жергілікті музыканттар, қа­зақ продюсері Жомарт Сүлейменов кө­мектескен. Бұл композиция тұсауы кесіле салып-ақ «Авторадионың» му­зы­­калық хит-шеруінде топ бастапты. Көңілділігімен, жеңілдігімен жастарға ұнайды
Барлық реферат | Просмотров: 702 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

– Кеңес одағы тұсында, яғни жетпісінші жылдары тұсында мен Орта Азияны зерттеуді ұйғардым. Орталық Азияға тұңғыш рет 1976 жылы ат басын тіредім. Әуелі Өзбекстандағы тіл саясатын зерттеумен айналыстым. Докторлық диссертация жазу үшін материал-дар жинақтадым. Терминология, кадрлар мәселелері туралы диссертациямды Америкада қорғадым. Көбіне Өзбекстандағы тіл саясатына мән беріп, оны түбегейлі зерттеуге бар зейінімді арнадым. Ал сексенінші жылдары Қазақстанды зерттеуді қолға алдым. Себебі, Қазақ еліндегі тілдік ахуал мені қатты қызықтырды. Өзбек еліне қарағанда Қазақстаннан шығатын басылымдарды шолып шығатынмын. Көп мағлұматтар алдым. Бүгінде Қазақстанға жыл сайын келіп тұрамын. Бұған дейін Атырау, Ақтау, Павлодар, Қарағанды қалаларында болып, елдегі тілдік ахуалмен танысып қайттым.
Барлық реферат | Просмотров: 894 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

...Соңғы кезде шетелден, оның ішінде Жапония мен Германиядан келген азаматтар Қазақстанның мемлекеттік тіліне құрметпен қарап, аз уақыт ішінде бұрын-соңды естімеген қазақ тілін толықтай меңгеріп үлгерген. Жапондық Масуджима Шигенобу қазір қазақша майын тамызып сөйлегенде, оған тілді мұндай деңгейде меңгеруге небары бір жарым жыл кеткеніне сенбейтіндер де табылады, ал Германиядан келген студенттер Игорь Фишер, Катарина Драхе, Сакия Кентер, Алеша Пране де санаулы күндер ішінде қазақша ауызекі сөйлейтіндей деңгейге жетіп қалған. Шетелдік азаматтар тілді меңгеруге бар жағдайдың жасалғанын алға тартады.
Барлық реферат | Просмотров: 745 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

Қазақстан тәуелсіздігінің арқасында әлемге танылды. Қазақ тілі де дамып келеді. Енді оны тек республика аумағында ғана емес, шетелдерде де оқи бастады. Мұхиттың арғы жағында қазақтың ортағасырлық поэзиясына арналған ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, антологиялар шығарылуда. Түркі тіліне жататын  қазақ тілін оқып-үйрену үшін біздің елге әлемнің түкпір-түкпірінен  шетелдіктердің де көптеп келуі қуантады.
Барлық реферат | Просмотров: 900 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1341-1350 1351-1360 1361-1370 1371-1380 1381-1390 ... 2891-2900 2901-2903