Главная » Файлы » РЕФЕРАТ [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2903
Показано материалов: 1351-1360
Страницы: « 1 2 ... 134 135 136 137 138 ... 290 291 »

ЭПОС (грек. epos – сөз, баяндау, әңгіме, өлең) – 1) әдебиеттің бір саласы. Құрамына аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, эпик. поэма, эпопея жанрлары, сондай-ақ көркем очерктер кіреді. Э-тың басты ерекшелігі – өзі әңгімелеп отырған өмір құбылыстарын кең көлемде, эпик. тұрғыдан қамтып, кейіпкер образын, көркем әдебиеттің алуан түрлі әдістерін мейлінше мол қамту арқылы суреттеу. Көбінесе шығарма жазылудан әлдеқашан бұрын болған оқиға туралы жазылатындықтан, Э-та баяндау тәсілі басым болып келеді. Э-тық шығармада суреттелетін оқиға оған тікелей куәгер болған адамның атынан баяндалады.
Барлық реферат | Просмотров: 1260 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

Әдебиет (арабша    — асыл сөз) — сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы. Мазмұнына қарай саяси, ғыл., тех., көркем Ә. болып бөлінеді. Ә. атауы көбінесе, көркем әдебиет мағнасында қолданылады. А.Байтұрсынов оған "бір нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері”, "Сөз өнері” деп баға берген. Ә. — жалпы өнердің бір саласы. Бірақ ол қоғамдық сананың ерекше түрі есебінде шындықты логик. ойлау жүйесімен емес, көркем тіл арқылы, сөз өнерінің күшімен суреттеп көрсетеді. Көркем бейненің сыртқы сұлбасымен бірге ішкі мазмұнын, сырын оқырман тұшынып сезіне алатындай етіп ашады, адамның жан дүниесі мен ішкі сезім байлығын көзге елестету арқылы қоғамдық санаға әсер етеді. Оның "өнер атаулының ең қиыны және күрделісі” (Бальзак), "Өнердің ең жоғарғы түрі” (В.Белинский) болатыны да осыдан. Қазақ та "Өнер алды — қызыл тіл” деп тегін айтпаған.
Барлық реферат | Просмотров: 1150 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

Әдебиет теориясы  әдебиеттану ғылымының сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен методологиясын, әдеби процесс, рухани-эстетикалық құндылықтар заңдылықтарy  зерттейтін саласы. Ә. т. осы бағыттағы заңдылықтар мен қағидаларды жүйелеп, поэтикалық, прозалық және драмалық көркем шығармалардың табиғатын тануға қызмет етеді. Ә. т. ұғымдар мен терминдердің, ғылыми қағидалар мен ережелердің құрғақ жиынтығы емес, ол — сол арқылы көркем әдебиетті (өз пәнін) барлық қырынан жан-жақты ашып көрсетудің құралы болып табылады. Әлемдік әдебиеттану ғылымында қалыптасқан дәстүр бойынша, Ә. т. — зерттеу объектісіне байланысты төрт топқа бөлінеді.
Барлық реферат | Просмотров: 1806 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

Қазақ әдебиеті – қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерінің асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерінің тегі әріден, түркі тілдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезінен басталады. Халық фольклоры мен поэзиясының негізі сол тайпалар шығарған ертегі, аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр. Батырлардың отаншылдық сезімі, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерін жырға қосқан батырлық эпостар ("Қобыланды батыр”, "Алпамыс”, "Ер Тарғын”, "Қамбар батыр”, т.б.), халық арасына кең тарап, сүйікті шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпик. дастандар ("Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, "Қыз Жібек”, т.б.) қазіргі Қ. ә-нің өз алдына мол мұрасы болып саналады; қ. Ауыз әдебиеті.
Барлық реферат | Просмотров: 4009 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

"Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” – қазақ халқының лиро-эпостық жыры. 13 – 14 ғ-лардан бастап жырланып, қазақ арасына кең тараған. Жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулай жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруымен басталады. Әрі қарай қос ғашық Қозы мен Баян, зорлықшыл Қодар, қаражүрек Қарабай арасындағы шиеленіскен оқиғалар негізінде зұлымдық пен махаббат күресі баяндалып, Қозы мен Баянның қайғылы қазасымен аяқталады. Жырдың негізгі идеясы – мөлдір махаббатты дәріптеу.
Барлық реферат | Просмотров: 2699 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі. Айтыс 1871 ж. қазіргі Алматы обл-ның Қапал-Ақсу өңірінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 ж. Қазанда "Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны” деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады. Кейін Зайсаннан 2-нұсқасы табылып, "Біржан сал мен ақын Сараның айтысқаны” деген атпен Қазанда жеке кітап болып басылды. Айтыстың алғашқы нұсқасы — 969 жол, 2-нұсқасы — 1080 жол. Әріп Тәңірбергенұлы жазған тағы бір нұсқасы 1907 ж. жарық көрді.
Барлық реферат | Просмотров: 2416 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

ЖАМБЫЛ МЕН ДОСМАҒАНБЕТ АЙТЫСЫ — ақындар айтысының үздік үлгілерінің бірі. Айтыс 1907 ж. Досмағанбеттің нағашысы Көбісбай үйінде өтеді. Айтысты Жамбыл бастайды. Досмағанбет те өлеңмен ұстаса кетеді. Сөзді бірінші болып бастаған Жамбыл өлеңді борандатып, құйындатып, екпіндетіп шарықтайды. Жамбыл қыран құс секілді биіктеп көтеріледі де тік шаншылып, аспаннан жасыл түскендей сөздің отын жарқ-жұрқ еткізеді, бірден шабуылға шығады. Жамбыл өзінің ақындық күшін жақсы сезінеді, сондықтан да Досмағанбетті елеусіз көреді, оны қырғи, қаршығадан қорғалақтап, бұта-бұтаның арасында, өзінен-өзі дірілдеп отыратын шымшық торғайға теңейді.
Барлық реферат | Просмотров: 1253 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

Айтыс — ауыз қдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. А. — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. А-та осыған орай лирик., эпик., драм. сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі қсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да қсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген
Барлық реферат | Просмотров: 3391 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

Бәдік айту - магиялық ғұрып. Бәдік атауының түп-төркіні парсының «бадхох» «бадху» деген сөзінен шыққан. Тәжікше «бадху» қаскөй деген мағына береді, яғни бәдік «бойға дерт дарытушы қаскөй күш» дегенге саяды.Фольклорлық еңбектерде «бәдік» сөзі екі түрлі ұғымда: мал ауруының аты ретінде; өлең (айтыс) түрі ретінде қолданылады. Байырғы ортада бәдік айту жолымен мал, адам бойындағы дертті қашырған. С.Сейфуллин өз еңбегінде: «Адам ауырса, яки мал ауырса, әйел-еркек жиналып, ауырған малды қамап алып, екі-екіден қосылып, шулан өлең айтады.
Барлық реферат | Просмотров: 1023 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

Жұмбақ айтысы. Айтыстардың ішінде ерекше орын алатын түрі – жұмбақ айтысы. Жұмбақ айтысы халықтың өмір, табиғат құбылысын білсем деген арман-тілегінің елесі. Алуан өмір құбылыстарын түсіну, білу, білмегендерді соған жетектеу, әсіресе жастардың ойсанасын кеңейту тілегінен туады. Сондықтан ұсақ нәрселерден бастап жұмбақ етіп, қиынға көшу, өзінше сол ойсананы өрістету, ойлауға дағдыландыруды мақсат етеді. Жұмбақтардың өзі сияқты, жұмбақ айтысы да ұйқасқа құрылады.
Барлық реферат | Просмотров: 1840 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1331-1340 1341-1350 1351-1360 1361-1370 1371-1380 ... 2891-2900 2901-2903