| Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
| В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 1381-1390 |
Страницы: « 1 2 ... 137 138 139 140 141 ... 290 291 » |
|
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары аймақтарға шықты. Халық қалаулыларының басты мақсаты – қабылданған заңдардың жергілікті жерде қалай орындалып жатқанын, қала, ауыл тұрғындарын қандай мәселелер толғандырып жүргенін білу және өздерінің заң шығармашылық қызметтері туралы жеткізу. |
|
Әрбір баланың балалық шағының көп уақыты мектеп қабырғасында өтеді. Мектеп табалдырығында қаланған білім, ілім, тәрбие баланың болашақта тұлға болып қалыптасуына әсерін тигізеді. Негізгі білімнің кілті саналатын оқу ордасында жан-жақтылыққа тәрбиелейді, түрлі шаралар өткізеді, қосымша сабақ пен ашық сабақтар жүргізіледі және міндетті түрде патриоттық тәрбиеге баулиды. Жеңістің желі ескен жетінші және тоғызыншы мамыр күндері мен қыстың аязына төтеп беріп Тәуелсіздік таңын атыруға бірден-бір себепші болған желтоқсан оқиғасында қаза тапқандарды еске алу кешінде патриоттық тәрбие бағытына аса тоқталып өтеді. |
|
Қазақтар бұрын сақ, скиф, ғұн деп аталып, мыңдаған жылдар бойы жалғасып келе жатқан отансүйгіштігімен белгілі халық екендігін тарихтан білеміз. Сонау бағзы заманда елін шабуға келген парсы патшасының жаушысына сақ елінің басшысы Иданфирс: «Патшаңа айтып бар, егер менімен соғысқысы келсе біздің ата-бабаларымыз жатқан қорымдарға қолын тигізіп көрсін, сонда біздің қалай соғысатынымызды көреді», – деп жауап берген. Ақырында, ойлағаны іске аспаған парсы патшасы еліне қашып құтылуға мәжбүр болады. |
|
Этносаясат теориясы бойынша адамзат баласының өз ұлтына байланысты қалыптасатын таным, түсінік көзқарасының үш түрі болады екен. Олар: нигилистік, космополиттік және патриоттық сезімдер. Тәуелсіз елімізде жүзден аса ұлт өкілдері тұрғанымен, бізде үшінші көзқарас басым келеді деп ойлаймын. Еліміздегі тыныштық пен бейбітшілік, ұлтқа бөлу мен оларды төмендету жоқ, бәріміздің құқығымыз тең, тату өмір кешуіміз, Отанымызды спорт, білім, ғылым арқылы өзге елдерге танытып жатқанымыз осының дәлелі деп тұжырымдасақ қателеспеспіз. |
|
Иә, «Отан оттан да ыстық – күймейсің, арың үшін алыссаң – өлмейсің», туған жердің топырағы мамық, қысы ыстық, арығы мұхит, торғайы қыран болып көрінеді. Оны сезіне білу үшін нағыз патриот болу керек. Жалпы «патриот» деген кім деген сауалға жауап беріп көрейікші. Патриот деген – керек болса елі үшін соңғы қасық қаны қалғанша жанын пида етуші, Отанын шексіз сүюші, қадірлеуші, қастерлеуші, қорғаушы, халқына еңбек етуші. |
|
Бүгінде жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің түрлі жолдары қарастырылып келеді. Соның бірі жастар, жас өрендер арасында ұлттық нақыштарымыз рәміздерді насихаттау. Рәміз – бұл мемлекеттің төлқұжаты десе артық айтпаған болар едік. Рәміздерді насихаттаудағы мақсат – әрбір жас буын жеткіншектің Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туарлы түсініктерін қалыптастыру. Оларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу. |
|
Бүгінгі тәуелсіз еліміздің дамып, одан әрі өсіп-өркендеуі мен Елбасының атап айтқандай бәсекеге барынша қабілетті болуы ең алдымен осы мемлекеттің іргетасын құрайтын жастардың білімділігі, мәдениеттілігі, саяси саналығы мен өмірге бейімділігіне байланысты болса керек. Бүгінгі қоғамда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық, саяси құбылыстар жас ұрпақты тәрбиелеу ісіне жаңа өзгерістер енгізуді талап етуде. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған ел тығырыққа тірелуі анық» делінген. XXI ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпақты жан-жақты тәрбиелеу керек. Себебі рухани жан-дүниесі бай, халқын сүйген, ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашағымыздың тірегі бола алады. |
|
Кино – кез келген мемлекеттің мәдениет айнасы іспетті. Ол сол халықтың тұрмыс-салты мен дәстүрін дәріптейтін құрал болып саналады. Сондықтан да бүгінде бүкіл әлем кино мен телехикая саласына салғыртпен қарамай, үлкен ден қойып жүр. Жыл сайын ең үздік туындылар таңдалып, оның авторлары құрмет даңқпен марапатталып келе жатыр. Мұның бәрі ұлттың ажырамас бөлігі мәдениет пен өнердің дамуына үлкен үлес қосатыны сөзсіз. Біздің елімізде де кино саласына жіті көңіл бөлініп, кеңінен насихатталып келеді. Себебі, кино жай ғана өнер емес, ол қоғамның ұлттық идеологиясын қалыптастыратын үлкен құралдардың бірі болып саналады. Сондықтан да, кез келген мемлекет өз кино индустриясының дамуына зор мүмкіндіктер жасайды. |
|
«Ұлттық патриотизмсіз ұлтты сақтап қалу мүмкін емес, ал ұлт болмаған жерде мемлекеттік ұғым жойылады. Біз қазақ ұлтын сақтап қалғымыз келсе, ұлттық патриотизмді мықтап дамытуымыз керек» деген болатын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Расымен де, еліміздің өзіне тән болмысын, салт-дәстүрін, елдігін сақтау жолында ұлттық патриотизмнің алар орны ерекше деп айтуға болады. |
|
Осыдан дәл бір жыл бұрын бір сайттың сұрақ-жауап бөлімінде: «Сіз патриотсыз ба? Патриоттық сезімді тұлға бойында қалыптастыру үшін қалай тәрбиелейміз?», – деген сауал қойылыпты. Сонда Гүлзия есімді бойжеткен: «Патриоттық сезімді тұлға бойында қалыптастырудың маңызы зор екенін жақсы білеміз. Бірақ ол үшін қалай тәрбиелейміз? Патриот сөзінің аудармасы ретінде ұлтжандылық пен ұлтшылдықтың бірін алсам, әркім әртүрлі пікірде болар деп ойладым, себебі бірде достарымыздың арасында осы сөздерді қолдануға қатысты әңгімелескенімізде түрлі пікір естіген едім. Бірақ өзім ұлтжандылықты қолданғанды дұрыс көремін» – деп |

