| Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
| В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 1341-1350 |
Страницы: « 1 2 ... 133 134 135 136 137 ... 290 291 » |
|
Әдебиет сыны, әдеби сын, көркем әдеби сын — әдебиеттану ғылымының бір саласы. Ол өмір шындығы мен әдеби шығармадағы көркем шындық арақатынасын саралап, көркем шығарманы әдеби тұрғыдан бағалайтын, әдеби дамудың ағымдағы мәселелерін талқылап, бағыт сілтеп отыратын әдеби-публицист., ғыл.-эстетик. шығармашылық түрі. Ә. с. — аса күрделі сала. Оның негізгі зерттеу объектісі — көркем әдебиет, әдеби процесс. Сыншы белгілі бір әдеби шығарманы талдап, баға беру үшін әдебиеттану ғылымының зерттеу әдістерін, методол-сын қолданады. Ә. с-ның басты ерекшелігі, көбінесе, қазіргі әдебиеттің жай-күйін қарастыруында, әдеби мұраларды бүгінгі заман тұрғысынан пайымдауында. Ә.с. әдебиеттің теориясы, әдебиеттің тарихы жеткен жетістіктерге сүйенеді. Көркем шындыққа айналатын өмір — аса күрделі құбылыстардың біртұтас жиынтығы |
|
ЖАНУАРЛАР ТУРАЛЫ ЕРТЕГІЛЕР, хайуанаттар туралы ертегілер — ертегінің көне замандағы мифтер мен әр түрлі тұрмыстық, аңшылық әңгімелердің негізінде пайда болып, кейінгі замандардағы адамдар мінезін, олардың өзара қатынасы мен байланысын аллегориялық түрде жан-жануарлар бейнесі арқылы тұспалдап көрсететін түрі. Ж. т. е., негізінен, үш топқа бөлінеді: |
|
ӨЛЕҢ – шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Ө-нің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, элегия, баллада, сонет, т.б. Кең мағынасында Ө. қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада муз. өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән Ө-і. Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық Ө-дері еңбек-кәсіпке орай (аңшылық, төрт түлік, наурыз Ө-дері), ескілікті наным-сенімге байланысты (бақсы сарыны, арбау), әдет-ғұрып негізіндегі (салт, үйлену, мұң-шер Ө-дері), қара Ө., тарихи Ө., айтыс Ө-дері болып бөлінді. Ө. сөздердің болмысы, жаратылысы аса күрделі, оған ишара, меңзеу, салыстыру, жұмбақтау, астарлау, бейнелеу, теңеу, ұқсату, т.б. тән. Ө. лирика жанрында кең тарады, тақырыбы жағынан саяси, көңіл күйі, табиғат, махаббат және филос. түрлерге жіктеледі. |
|
"ЕР ТАРҒЫН” — батырлық жыр. Ноғайлы дәуірінің тарихи оқиғаларын бейнелейтін жырдың негізгі идеясы — ерлік пен батырлықты дәріптеу, ел бірлігін сақтау, сұлулыққа сүйсіну. "Е. Т.” жырының нұсқалары көп. Алғаш Н.И. Ильминский (1859), В.Радлов (1870), Н.Саркин (1904), Ә.Диваев (1922) жинақтарында жарияланған. Орт. ғыл. кітапхана мен Әдебиет және өнер ин-тының қолжазбалар қорында жырдың 8 түрлі нұсқасы сақтаулы. Жинаушылары — Саркин, Диваев, Қ.Иманов, Ә.Ыспанұлы, Б.Адамбаев, З.Бекарыстанов, М.Құсниұлы, айтушылары — Марабай, О.Қисықов, Н.Нұрғалиұлы, М.Бекетұлы. |
|
Баба Түкті Шашты Әзіз - қиындықтар мен түрлі кедергі-кесепаттарға тап болған адамды қолдаушы, батырларды желеп-жебеуші, баласы жоқтардың тілегін қабыл етуші, аян беруші әулие, әрі асқан батыр. Фольклорлық дәстүрде Баба Түкті Шашты Әзіз бірде Ахмет Иасауидың түп бабасы, бірде Едіге батырдың бабасы ретінде дәріптеледі. Баба Түкті Шашты Әзіз бірде туралы шығармалардың алуан үлгіде кездесетіндігі сондықтан. Ислам дінінің қазақ арасына тарап, дәстүрлі ортада мұсылмандык шарттары атқарыла бастаған тұста да, қазақ ежелгі наным-сенімінен арыла қойған жоқ. |
|
Батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. |
|
Бұл дастанды Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық кетерілісіне бастан-аяқ қатысып, барлық оқиғаларды өзі көрген Нысанбай жырау Жаманқұлұлы шығарған. Нысанбай көлемді, тарихи-реалистік сипаттағы жырда Кенесары мен Наурызбайдың бейнесін батырлық эпос үлгісімен жырлап, ұлт-азаттық көтерілісінің соңғы кезін терең танып, үлкен ақындық шеберлікпен суреттеген. Ұлттық батырлар Кенесары мен Наурызбайдың психологиялық жағынан ең бір айқын айшықталған бейнесі жасалынған. |
|
«Ер тоңға» - түркі халықтарының арғы ататегі тарихынан сыр шертетін қаһармандық жыр. Біздің заманымызға «Ер тоңға» жырының жалпы сюжеттік желісі мен жекелеген үзінділері ғана жеткен. Әйтсе де, сол үзінділерінің өзінен-ақ бұл жырдың мазмұнын, негізгі идеясын, көркемдік дәрежесін аңғару қиын емес.Жырдың басты қаһарманы - Алып Ер Тоңға.Алып Ер Тоңға - аты аңызға айналған тарихи тұлға. Алып Ер Тоңғаның тарихи тұлғасы мен дастандағы әдеби бейнесі жайында кезінде Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Мухаммед Хайдар Дулати, Хамза Исфахани, Рашид әд-Дин, т.б. аса құнды пікірлер айтқан. |
|
Батырлық жырлар, батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Б. ж. халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. |
|
"Манас” — қырғыз халқының батырлық эпосы. Жырдың негізгі идеясы — халықтың бостандығы, бірлігі, бақытты өмір үшін қаһармандық күресі. "М-та” қырғыз халқы бастан кешкен түрлі оқиғалардың, тұрмыс-салттың, наным-сенімнің іздері бар. Ш.Уәлиханов эпос туралы "...қырғыздың барлық мифтерінің, ертегілерінің, аңыздарының белгілі бір уақытқа тән Манас батыр айналасына топтастырылып берілген жиынтығы” деп жазды |

