Главная » Файлы » РЕФЕРАТ [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2903
Показано материалов: 1161-1170
Страницы: « 1 2 ... 115 116 117 118 119 ... 290 291 »

2000 жылғы есеп бойыншы жер шарында 870 000 адам асқазан рагымен ауырады деп тіркелген. Оның үлесіне барлық қатерлі ісіктердің 8,7% кіреді. Ең үлкен ауру көрсеткіші Жапонияда еркектер арасында 69,2%; әйелдерде 28,6% ( әр 100 000) адамға шаққанда), ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Африкада болды. Қазақстанның Солтүстік облыстарында ол кең көп тараған. Мысалы: Павлодарда, Қостанайда, Қарағандыда. 
Барлық реферат | Просмотров: 3030 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

Таң бозынан ояна сала жертөленің төбесін ала орналасқан жалғыз терезеге көз салған. Әйнектің арғы жағынан ақ сәлделі ата қол бұлғап шақырып тұрғандай болды. «Соңғы таңым». Неге екенін, ойына алғаш түскен сөз - осы. Күндегі әдетінше киімін жүре іліп тысқа беттеген, алдынан қаракөлеңке ағып өтті. Соңғы әлетте осы бір елеспен жиі жолығысып қалатынды шығарып жүр. Сол құрығырдың ажал екенін сезсе де, сезбеген түр танытқансиды. Жо-жоқ, өлімнен үріккені емес, әке-шешесінен бірдей айырылып, мылқау ғұмырды еншілегелі ол өзін осы үкімге қиып қойған. 
Ләм дегенін естіген жан жоқ. 
Барлық реферат | Просмотров: 898 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

Штутградтық жас суретші әйелдің алғашқы көрмесінде бір сыншы: 
- Сіз шынымен де таланттысыз. Бірақ туындыларыңызда тереңдік жетіспейді, - деді. Сыншының ешқандай алабөтен ойы жоқ еді. 
Жас әйел оның не айтқысы келгенін ұққан жоқ, тіпті бұл сөзді ұмытып та кетті. Бірнеше күннен кейін жергілікті газетте сол сыншының мұның шығармашылығына қатысты жазған рецензиясы жарық көрді. Онда «жас суретшінің дарыны мол, туындылары да бір қарағанда көз тартарлық, бірақ өкінішке орай, тереңдік жоқ» деп жазылыпты. 
Әйел ойға кетті. 
Барлық реферат | Просмотров: 673 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

Желді күні сабағынан дір-р-р етіп үзіліп түсіп, көкке ұша жөнелген жап-жасыл жапырақ боп елестейді ол маған. 
Жер бетін он тоғыз-ақ жыл мекен етіп, жаны жаннаттан орын алғаны болмаса, ол өмірді сүйетін. Менің мұңнан арылмайтын өлеңдерімді оқып отырып, «осы қызыл-жасыл әлемдегі қоп-қоңыр түсті сен қайдан көріп қала қоясың?» деп кінәлаушы еді. 
Жер бетіндегі пенделік пен арамдық-қулық атаулыны жүрегіне жақындатпаған күйінде о дүниеге озды ол. Менің аяулы досым Айымгүл... 
Барлық реферат | Просмотров: 794 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

Біз шипажайдағы қонақ үйде таныстық. Фойеде ылғи жастар шулап жүретін де, ол бір бұрышта ешкіммен әуресі болмай кітап оқып отыратын. 
«Әне, әне мұз адам» деп сыбырлады жанымдағы құрбым. Түс ауса да маған оның жанында қысқы таңның салқын лебі есіп тұрғандай көрінді. Мен онда Мұз адам дегеннің кім екенін, қандай болатынын білмейтін де едім. Құрбым осындай ныспыдағы тірлік иесінің барын жақында ғана естіген екен. «Бәлкім шынымен мұздан жаралғасын да солай атайтын шығар» деді тағы ол, тап елес әлде жұқпалы ауру туралы айтып тұрғандай үрке. 
Барлық реферат | Просмотров: 945 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

- Ана самаурынның тогын былай-былай орап, беліне байлап қойса, жақсы болады. Әйтпесе тез бұзылады. 
Мен саған айтып тұрмын ғой. Неге тыңдамайсың? 
Шелегін қолына қыса ұстаған күйі мал қораға бет алған көрші апа өз-өзімен осылай сөйлесіп бара жататын. Тіпті айтпайтын әңгімесі жоқ. Қашан көрсең мәз, екі езуі екі құлағында. Ен даладағы екі үй сол кісінің айқайлап айтқан әңгімесі мен сақылдаған күлкісіне толып жатушы еді. 
Бізге бәрі қызық. Ол кісінің қораға дейін қандай, сиыр сауып отырғанда қандай, мал жайғағанда қандай әңгіме айтатыны. Күнұзын жағы жабылмайды. 
Барлық реферат | Просмотров: 862 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

Ой, ол қандай көрікті десеңізші! Қандай сымбатты! Қандай сезімтал, тұнған талант! Менің күйеуім! Күнім менің! 
-Мен сені сағындым, қымбаттым! Қашан келсем де үйде болмайсың. Қайда жүрсің? Жұмыста? Сол бір дүкенде ертеңнен кешке дейін қалай отырасың? Бір керемет бутик не фирмалық салон болса бір сәрі. Қайдағы? Құнсыз шүберек сататын адам барғысыз лашық. Таныс біреу-міреу көріп қойса не етесің? Иә, білем, менің таныстарым ондай дүңгіршектерге бас сұқпайды. Бірақ кенет... Ұйқыдан ояна сала сені көргім келеді. Менің төсегіме кофе әкелсең ғой... Біз бірге тамақтанар едік. Осы бір дүкеннің саған не қажеті бар? Жалақы? Әй, білмеймін. Жақсы бутикте тұрсаң ғой, бұдан да жоғары ақы алар едің.
Барлық реферат | Просмотров: 856 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

«Қырсық қырық ағайынды» дейді халық даналығы. Ал егер бір айналдырғанда шыр айналдырса-шы? 
Бұл ешқандай даналық емес! Құрбыммен сөзге кеп қалдым, ілгегім түсіп қалды, қоғамдық көлікке міне қойып ем, тіпті де көргім келмеген ескі танысыммен жүздестім, тісім ауырды, жаңбыр жауып кетті, таксиге отырғам, жол-көлік оқиғасы боп, тығынға тіреліп қалдық. 
Мұндай жағдайда қайткен болар едіңіз? Бәле жабысты – дарбазаңды аш та, күтіп ал демекшісіз бе? 
Сіздің осылай қыларыңызға сенімдімін. Өйткені мұның да өз даналығы бар. Сондықтан да менің жұртпен бірден тіл табысып кетуім екіталай. Кейде кәдімгі есік алдында тапталып жататын кілемшеге айналып кетсем ғой деп армандаймын. Өмір бойы өзіңді қапталға таста! 
Барлық реферат | Просмотров: 944 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

Үйде жападан-жалғызбын. Күйеуім жұмысқа кеткен. Ертеңнен кешке дейін құр сенделемін деп зәрезап болдым. Уақытты тіпті өткізе алмағасын терезенің алдына отырып, баққа көз салдым. Әрнеге бір шалынысып отырған жанарым терезе түбіндегі кәрі еменге түсе кетті. Бұл емен менің балалығымның куәсі. Қашан көрсең жап-жасыл күйін өзгертпейтін осы ағаш жанымның ажырамас бір бөлшегіне әлдеқашан айналып кеткен. Тіпті жан адамға ашпаған сырымды осы терекке айтып, түбінде мұң шағатынмын. 
Барлық реферат | Просмотров: 696 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

Ес білген бала кезімнен өлеңге құмартып өстім, өсе келе қара өлеңнің құдіретін таныдым. 
Өлең менің тағдырым екен. Соны ұқтым. 
...Бірнәрсе қинағандай болған. Жүрегім аузыма тығылып, алқынып бара жаттым. Сана, түйсік, саусағымның ұштарына дейін белгісіз бір қимылға елтіп, қағаз бен қаламға қол соз деп тұрғандай болды. «Ә» дегеннен бас тартпақшы болғам. Білмеймін, әйтеуір ақын болғым келмеген. Еңкілдеп ұзақ жыладым. Басымнан сипап жанымда отырған жолдасым жүзіме мейірлене қарап: «өлең жаз» деді жай ғана. Мен бас шайқадым. 
Барлық реферат | Просмотров: 857 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1141-1150 1151-1160 1161-1170 1171-1180 1181-1190 ... 2891-2900 2901-2903