Главная » Файлы » РЕФЕРАТ [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2903
Показано материалов: 1181-1190
Страницы: « 1 2 ... 117 118 119 120 121 ... 290 291 »

Тас ұйқыда мастығы буып, бастырылып қалыпты. Басын әрең көтерді. Кенезесі кеуіп жатыр екен. Сүйретіле тұрып, ас бөлмеге барды. Май сіңіп қалған үстел нан қоқымдарынан көрінбей, жүрек айнытады. Жуылмаған ыдыс-аяқ тау болып үйіліп жатыр. Майлық көгеріп кеткен. Сағат тілі тоқтап қалғалы қашан. Уақыт та сонымен бірге тоқтағандай... Қай ай, қай күн екенін есіне түсіре алмады. Әйтеуір даланың жылымық таңы есінде. Терезенің ар жағы түн, көзге түртсе көргісіз қараңғылық, бер жағы тозақ. 
Барлық реферат | Просмотров: 1135 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

Екеуміз оқыста бағдаршам түбінде жолықтық. Жұрт аяғы басылып қалған сәт еді. «Аға...» деп менен бір көшені сұрадың. Сауалыңның соңын естімеген едім, сенің Айдың өзі қызғаныш туғызып, Күн көзін алмай қарайтын нұрлы жүзіңе байланып қалғанмым. Сен мендегі бір түрлі сезімді аңғардың да, бірден бағдаршам көрсеткен жасыл түске өте бердің. Бағытым басқа еді. Бірақ соңыңнан бірге ердім. 
Барлық реферат | Просмотров: 933 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

Санамды өлім торлап алды. Қалай өлем? Асылып па, әлде жүрегіме пышақ сұғып алсам ба екен? Жоқ, бәлкім машинаммен құйындай құйғытып келіп бір ғимаратқа соғармын а? Білмеймін, білетінім әйтеуір өлуім керек. Үйдегі ұрыс-керіс, жанжал, таусылмайтын дау мені әбден мезі етті. Қазір тек өлім туралы ойлайтын болдым. Өлім. О, Құдірет. Бұл жалғанда жер басып жүргім келмейді жаным. Ешкімді көргім де келмейді. Жалықтым, бәрінен шаршадым. Жерініп біттім. 
Барлық реферат | Просмотров: 733 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

«Кеңсай» саяжайына келіп тоқтаған алпысыншы нөмірлі автобустың ішінен бір топ адам түсті. Күн кешкіріп қалған. Қанша жаз мезгілі дегенмен де бойды шымырлатар сәл салқындық бар. Көкке оранған Іле Алатауының жондана біткен белестерінен танауды қытықтаған түрлі жұпар иістер аңқиды. 
Автобустан ең соңғы болып шыққан Арман аялдамадағы дүкеннен бір бөлке нан мен қалбырға салынған балық алды. Сосын өзі жарық дүниеге келмей тұрып салынған, бұл күндері асфальт деген аты ғана болмаса, затының жұқанағы да қалмаған қара жолға түсті.
Барлық реферат | Просмотров: 781 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

І-раунд. 
Рингке көтеріліп келе жатып, көк бұрыштағы қарсыласыма ұрлана қарадым. Жоқ, бұрынғыдай емес. Денесінің шиыршық атып жинала түскендігі көзге бірден ұрып тұр. Буылтық-буылтық білегі, қоладан құйғандай тырсиып тұрған кеудесі залдың айқыш-ұйқыш жарығына еркін шомыла жалтылдап, адамның үрейін ұшыратын ерекше бір серпінмен жұлқынады. Резеңкелі арқаннан өте бере рингке шығар алдындағы жаттықтырушымның соңғы пысықтап айтқан сөзін есіме алдым. 
Барлық реферат | Просмотров: 859 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

Қара домбыраның қоңыр үнімен қабыса шыққан әншінің әсем дауысы төгіліп тұр. Үкілі сәукелесі, етек-жеңі бүрмеленіп, кеңінен пішілген көйлегі, белін қынай буынған көк түсті камзолы − бәрі өзіне құйып қойғандай, мінсіз бойына жараса кеткен. Қарақаттай мөлдір қара көздері де сол баяғыдай нұрланып, лағыл тастай от шашып, жалындап тұр. Тек қос ішекті қағып тұрған оң қолының шылдыр шүмек саусағына көзім түскен кезде ғана көңілім су сепкендей басылып, пәс тартып қалды. Әрине, үйленетін жастан баяғыда-ақ асты емес пе. Оның несіне ренжимін, қайта қуануым керек шығар. Жанарымның мәңгілік жадында сақталып қалған Жадыраның балаң бейнесін дәл алдымдағы сахнада тұрған әнші келіншекпен салыстырдым. Өзгере қоймапты. Күлген кезде екі езуінде пайда болатын әдемі қос шұңқыр, тамсана сөйлегенде жарасымды ырғақпен қастарын көтеріп қоятындығы, ренжіп қалса ұрты томпайтып, астыңғы ерінін салпайтып шығаратыны... ары қарай есіме түсіргім келмеді. Жанымда отырған ұлымды қолынан тартып, жүр шығамыз деп ымдадым. Ол қозғала қоймады. Концертті көргісі келіп, көңілі құлап тұр. Ұлымның қолынан тартып, сүйрей жөнелдім. 
Барлық реферат | Просмотров: 821 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

Өзімнен үлкен қой терісінен тігілген сөмкемді сүйретіп Талдыбақ ауылына аяңдап келем. Сонда интернат бар. Жазалымын. Хандық дәуірді аңсаушы деп мектептен қуылдым. Еңбекшілерге арналған концертте «Колхоз таңы» әнін айтудың орынына, ұмытып қалып, көпшіліктен ұялғасын аңдаусызда әжем жаттатқан «Алпамыс батыр» жырын жатқа соғып жіберіппін. Ендігі жүрісім, міне... Өзекте - өкініш. 
Барлық реферат | Просмотров: 862 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

Ақырын ғана есікті аштым. Үй іші айқай-шуға толы. Шаңқылдаған дауыстар. 
Төргі бөлмеге өткенде барып көрдім, кереуетте шалқалап жатқан күйеуі мен терезе алдында жыламсырап тұрған әйелінің дәл ортасындағы кішкене ғана үстелге жайғасқан Түлен оларды азғырып отыр екен. Ақырын жақындадым. 
− Мына дүниенің барлығын менің әкем әперді. Сен де түк те жоқ, бей-ша-ра, − деген сөзді әйелінің ауызына салып берген Түлен екі санын шапаттап қойды. Масаттанып отыр. 
Енді күйеуінің құлағына сыбырлай бастады. 

Барлық реферат | Просмотров: 879 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

Саламаттың бұл қалаға көшіп келгеніне небәрі екінші күн. Әлі айналасындағы көрші-қолаңдарын да танымайды. Оның үстіне жүктерін де біржақты етіп жайғастыра алмай жатса, кеше шешесіне көмектесіп жүрген көрші әйел келіп бұған үйімді қарап бере тұршы дейді. «Уақытым жоқ, ренжімеңіз», − деп айтуға оқталып барып тоқталды. «Екі сағатқа ғана», − деп ол да қиылып тұрып алсын. Уәж айтып көріп еді, шешесі: 
Барлық реферат | Просмотров: 913 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

− Адамзат баласы, қасірет! Қасірет! 
Халық түсінбей тұр. Аса таяғы шошаңдаған дәруіш олардың арасында жүгіріп жүр. Мен де мектептен шыққан болатынмын. Елдің бәрі мәдениет үйінің алдына жиналып қалыпты. Жолым осылардың үстін басып өтетін болғандықтан жиылып тұрған жандардың санын көбейтіп, қастарына келіп тұрдым. 
− Қарғыс атты бізді! Қарғыс атты! Ұғасыңдар ма пенделер, бізді қарғыс атты! 
Барлық реферат | Просмотров: 1926 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1161-1170 1171-1180 1181-1190 1191-1200 1201-1210 ... 2891-2900 2901-2903