Главная » Файлы » РЕФЕРАТ [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2903
Показано материалов: 1151-1160
Страницы: « 1 2 ... 114 115 116 117 118 ... 290 291 »

Үлпершек – семіз жылқының айналдырған жүрек қабына толтырып, аузын тігіп пісірген май мен ет. Үлпершіктегі  екі-үш бойына асқан етке қосып пісіреді. Себебі оның 2-3 сағатта пісуі қиын.

Қарын бөртпе – ел арасында сирек дайындалатын өте дәмді тағам. Көбінесе жаңа сойылған малдың етінен, майынан, бауырынан қосып, ұнмен арластырып, қарынға салып пісіреді.

Барлық реферат | Просмотров: 1854 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Қуырдақтың түрлері және сүрленген ет

Қуырдақ – жаңа сойылған малдың өкпе,бауырынан, мойын, төс етінен, жүрек, бүйрегінен, сондай-ақ ішек-қарынның ұсақтап турап әзірлейді. Ол үшін іш майды немесе құйрық майды турап салып шыжғырып алады да, алдымен үстіне туралған өкпе, жүрек, ішек-қарын, мойын, төстік еттерді салып, қазанның отын қатты жағып 15-20 минут қуырады. Содан кейін бауырды салып, үстіне бұрыш, пиязды қосып, әбден піскенше қуырады. Тұзды татымына қарай қосады.

Барлық реферат | Просмотров: 1452 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Құйрық-бауыр – су 30-350 жылығанда қазанға құйрық майын салып, отты баяу жағып, 15 минуттай қайнатады. Піскен құйрық-бауырды табаққа салып суытады. Бұдан кейін бауырды жұқалап турап, оның үстіне құйрық майын турап салады және дәміне келтіру үшін дөңгелектеп туралған пияз, бұрыш салған тұздық құяды. Құйрық-бауырды асқан еттен бөлек береді.

Сірне – бағланның, қаракөз, кепе қозының етін қазанға жілік-жілігімен қуырып дайындалатын өте дәмді ас. Ол көбінесе сыйлы қонақтарға арнап дайындалады. Үйітілген бас-сирақ, ішек-қарны, мүшеленіп бұзылған еті түгелдей қазанға салынып, малдың өзіш майы мен еттің сөліне бұқтырылып пісіріледі. Ол үшін қазанның аузынан бу шықпайтындай етіп ыдыс төңкеріп, от мейлінше баяу жағылады. Түбі күймес үшін, қазанның түбіне аздап су құюға болады.

Барлық реферат | Просмотров: 1354 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Қазақтың қолөнер қазынасының көзі боларлық бірден бір сала -  кілем тоқу саласы. Шын мәнінде бұл сала тұрмысқа сән-салтанат берумен қатар мақтан тұтар ою-өрнегіміздің алтын қоры іспетті. Кілем тарихын арыдан қозғайтын болсақ,  түркі кілемінің алғашқы нұсқасы – «Пазырық кілемі». Бұл кілем біздің дәуірімізден бес ғасыр бұрын тоқылған. Кілемнің 3600 түйіні бар. Ені мен ұзындығы — 1,90х2 метр. Кілемде «төрт жапырақты гүл», «айқасқан гүл», «ғұн гүлі», «небен гүлі» деген өрнектер бейнеленген. Түркі халықтар үшін өрнексіз заманның мәні жоқ. Біздің көркемдік талғамымызды қалыптастыруда ою-өрнектің алар орны айрықша. Жалпы түркілер ою-өрнекке ерекше мән берген. Тіпті ағайын елдер бір-бірін бас киімдегі ою-өрнектерге қарап кімнің қазақ, кімнің өзбек, ұйғыр, татар, тәжік, қырғыз екенін жазбай таныған.
Барлық реферат | Просмотров: 1110 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Қазақ қолөнері – қолданбалы-безендіру өнерінің дәстүрлі ұлттық саласы. Тарихын тереңнен алған Қ. қ. дәстүр сабақтастығын үзбеген, рухани мәні мен мәдени құндылығын жоймаған. Қазақстан жерінде асыл тастан, сүйектен, жүннен, ағаштан, қыштан, құнды металдан, былғарыдан, саздан – қару-жарақ, құрал-сайман, үй жиhазы, т.б. тұрмысқа қажетті тұтыну бұйымдарын, түрлі сәндік қолөнер туындыларын жасаумен қатар, оларды өздерінің дүниетанымына, эстет. талғамына сай әшекейлеп, безендіру ерте замандардан дамыған. Қарағанды обл-нда Беғазы бейітінен табылған қыш сауыттар (б.з.б. 10 – 8 ғ.), атақты Қарғалы алтын тәтісі (диадема) мен сырғалар (б.з.б. 2 ғ. мен б.з. 2 ғ.), т.б. көне дүниелер – шебер мүсінделген өнер туындылары. Айша-Бибі, Ахмет Иасауи кесенелерінен, Бабажы қатын күмбезінен қазақ халқының атадан балаға мұра боп келе жатқан ою-өрнек, әшекей түрлерінің бәрін ұшыратуға болады. 
Барлық реферат | Просмотров: 2831 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Қазақ бейнелеу өнері – көркем кескіндеме, мүсіндеме, графика, сән және қолданбалы өнер салаларын қамтитын, ұлттық дүниетанымға негізделген көркем өнер. Қ. б. ө-нің бұқаралық ең ежелгі түрі – халықтыңқолөнері болып табылады. Әдебиет пен музыкаға қарағанда, кәсіби Қ. б. ө-нің қалыптасу және даму жолы өте күрделі болды. Оның бастауында этнограф-ғалым Ш.Уәлиханов тұрды. Кейінгі зерттеулер Шоқан туындыларынан (әсіресе, график. суреттері), "Потанин”, "Тезек төре”, т.б. портреттік жұмыстарынан оның кәсіби суретшілерге тән шеберлігі байқалатынын анықтады. Шоқанның қас-қағым сәтте салған график. 
Барлық реферат | Просмотров: 2490 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Кескіндеме , кескіндеу өнері (живопись) – бейнелеу өнерінің бір түрі. Ол белгілі бір заттың бетіне бояу арқылы салынатын  көркем шығарма  өнердің барлық басқа түрлері сияқты , кескіндемеде идеологиялық және танымдық қызмет атқарады, адамға эстетикалық ләззат беретін құнды да әсем шығармалар тудырады. Кескіндеме дәуірдің рухани мазмұны мен әлеуметтік бейнелеп қана қоймай , белгілі бір идеологиялық концепциялар негізінде оларға баға береді. Кескіндеме туындысы көрерменнің сезіміне, ойына әсер ету арқылы бейнеленген шындықтан тәлім алып, өзінше қорытынды жасауға себепкер болады. Сондықтан да кескіндеменің  тәрбиелік мәні зор және ол деректемелік мағлұматтар береді. Кескіндеме бұл нақтылы көрсетілетіндіктен де оның көрерменге әсері күшті. Сондықтан да Н.Г.Чернышевский өнерді «Өнер мектебі» деп бағалаған.
Барлық реферат | Просмотров: 2726 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа, Византия, Русь, Кавказ, Балқан кескіндемесінде рухани, асқақтыққа құрылған діни тақуалық тақырыптар көбірек кездеседі. Бұл дәуірдің кескіндемесі белгілі бір тақырыптың (діни тақырыптар) төңірегінде болғанымен, онда ұлттық діл мен нақты тұрмыс көріністері де бейнеленді (мыс., Русьте Феофан Гректің, Андрей Рублевтің иконалары мен фрескаларында). Ол кезде кескіндеме нің негізгі түрі фреска (құрғақ, кейде ылғал сылақтың бұдырлы бетіне салынатын кескіндеме) болды. Иконалар мен миниатюралар салуда бейнелеу, құрастыру, бояу, т.б. әдістердің қатаң тәртібі сақталған.
Барлық реферат | Просмотров: 1323 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Абылай (Әбілмансұр) хан — (1733—1737) билік құрған. Абылай хан (1711-1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы, Рахметтің досы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады.
Барлық реферат | Просмотров: 1249 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

ҚР  ӘҚБтК 44 бабының 1 тармағына сәйкес  әкімшілік жаза – бұл  әкімшілік құқық бұзғаны үшін  заң бойынша өкілетті сот, орган (лауазымды тұлға)   қолданылатын  және   ҚР  ӘҚБтК  осындай құқық бұзушылық жасаған  тұлғаның  құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе  шектеу    көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу  шарасы болып табылады.

Әкімшілік жазалар  әкімшілік бұлтартпау шараларымен  өте ұқсас болып келеді, өйткені оларды мәжбүрлеу шараларын қолдану  негіздерінің ортақтығы біріктіреді, сондай – ақ  осы мәжбүрлеу шараларының  ортақ мақсаты -  жаңа құқық бұзушылықтардың алдын алу болып табылады. Бірақта,  әкімшілік бұлтартпау шаралары  жазалау шаралары болып табылмайды және олар, ең бастысы,  құқық бұзушылықты тоқтатуға және  құқық бұзушыны жасаған құқық бұзушылық сипатына  сәйкес  жауапкершілікке тарту  мүмкіндігінне бағытталған. Әкімшілік бұлтартпау шаралары  көбінесе  әкімшілік  жаза шараларын  қолданудың алғы шарты болып табылады.

Барлық реферат | Просмотров: 2051 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.01.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1131-1140 1141-1150 1151-1160 1161-1170 1171-1180 ... 2891-2900 2901-2903