| Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
| В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 1131-1140 |
Страницы: « 1 2 ... 112 113 114 115 116 ... 290 291 » |
|
Тік күйлер болса, өмір құбылыстарын тыңдаушысына елестетіп отырады. Тік күйлер өмірдің қызық да күрделі құбылыстары туралы дыбыспен сурет салады, дыбыспен баяндап береді. Әрі қарай тыңдаушысы өз өресі, өз сезім түйсігі жеткен жерге байлам жасайды, белгілі бір әсерге бөленеді.Тік күйдің классикалық үлгілері ретінде Құрманғазының «Ақсақ киік», Әшімтайдың «Қоңыр қаз», Нұрғисаның «Аққу» сияқты күйлерін атаған жөн. Бойлаулық күйлер көбінесе жоқтау сарынымен өмірдің қайғылы, зарлы сәттерін бейнелейді. Мәселен Ықыластың «Ерден», Әбдидің «Қосбасар» күйлері. |
|
Арабы кілем – бұл негізінен түксіз тоқылатын, екі жағы, бас-аяғы, оң-терісі бірдей, тұтуға да, төсеуге де, ілуге де мейлінше ыңғайлы, төзімді әрі салмағы жеңіл кілем. Көнекөз шеберлердің айтуынша ерте замандағы осы дүние түпнұсқасында араб харпіне ұқсас өрнектер болса керек. соған сәйкес арабы кілем деп ат қойылған екен. Сол үшін де бағалы саналып еденге төселмей, таза ұсталатын үйдегі бір киелі дүние ретінде қалыптасқан. Уақыт өте келе ол қазақы өрнектерге айналып сіңісіп кеткен. |
|
Ақан Сері, А қ ж і г і т Қ о р а м с а ұ л ы — ақын, әнші, композитор. Ақан 1843 ж. бұрынғы Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысындағы Үлкен Қоскөлдің маңында туған. Әуелі ауылда, содан соң Қызылжардағы Уқли (Ахметуқли) молдадан оқыған. 16 – 17 жасынан өнер жолына түскен. Бірінші әйелі Жұман қызы Бәтимадан туған жалғыз ұлы Ыбан (Ыбырайым) тілсіз, мылқау болған. Бәтима өлген соң, аз күн отасқан әйелі Ұрқияға «Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия» деген өлеңін арнаған. Тірідей айрылған сүйген қызы – Ақтоқты. Бұл – аты аңызға айналған оқиға. Ақтоқты есімі Ақан шығармаларынан кең орын алды. |
|
Біржан сал, Біржан Қожағұлұлы – әнші, композитор, ақын. Ол 1834 ж. Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында дүниеге келіп, 1897 ж. алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары. 1865 ж. Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. |
|
Адамзат тарихында XX ғасыр мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені, бұл кезең тарихи оқиғаларға, қантөгіс соғыстарға, санқилы дағдарыстарға толы сындарлы заман болды. Ғылым мен техниканың қарышты қадамы, жарқын болашаққа деген сенім өркениетті дамыған елдерде біртұтас жалпы адамзаттық мәдениеттің дамып, қалыптасуына әсерін тигізбей қойған жоқ. Ғасыр аяғында планетамызда парасаттылық пен ізгіліктің кеңінен өріс алуы жалпы адамзаттық мәдениеттің дамуына және оның ұлттық түрлерінің нәрленуіне, олардың өзара қарым-қатынастарының жаңа арнаға түсуіне ерекше әсер етті. |
|
Белгiлi этнограф, жазушы Қажытай Iлиясовтың сөзiне сүйенсек, «Наурыз» ай атауы емес, мереке атауы болуы керек екен. Әрине, салмақтап айтылған ой. Тәңiрлiк дүниетанымды алғаш мiнәжаттаушы Зоратаның пәтуаларына құлақ асар болсақ, күн мен түннiң теңелуi «мәңгiлiк өмiрдiң басталуы» ретiнде айрықша мән берiлiп, бiр жылда жетi рет тойланатын болған екен. Бұл дәстүрдi тудырушы көшпендiлер екендiгi де негiзсiз емес. Кейiннен бұл дәстүр парсылардың да табиғатымен ұштасып, күн мен түннiң теңелген мерзiмi олардың тiлiнде «Наурыз» деген атауға ие болды. Өздерiңiз бiлетiндей, парсы тiлiнде нау - жаңа, рұз - күн деген мағынаны бiлдiредi. Кейiннен Ислам дiнi көшпелiлер өмiрiне енген кезде өзiмiз тудырған осы бiр ұғым дендеп сөзiмiзге ендi. Наурыз - мереке күнi болатын болса, ендi ай аты болып қалыптасып кеттi. |
|
Орда – салтанатты, жоғарымәртебелі адамдар басын қосатын елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар. Алтын орда – 30 қанаттан (керегеден) тұратын хамәжіліс ордасы. Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй. Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі. Ақ үй – 6 қанатты дәулетті бай үйі. |
|
Үй жиһаздары – үй ішіндегі дүние-мүліктердің жалпы атауы. Адалбақан – киім ілуге арналған ашалы, ою-өрнекті ағаш. Асадал – ыдыс-аяқ қоятын жәшік. Әбдіре – зат, киім, бұйым салып қоятын үлкен сандықтың қарапайым түрі. Сандық – зат салатын оюлы, сырты темірмен қапталған үй мүлкі. |
|
Қазақтың халықтық зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Өнердің бұл түрінің түп төркіні мыңдаған жыл әріде жатыр. Археология мен топонимиканың деректеріне қарағанда, Қазақстан территориясында мыс, қалайы, алтын, тағы басқа асыл және түсті металдарға бай кен орындарын игеру ісінің ежелгі замандарда – ақ қолға алынғандығын айғақтайды. |
|
Ою-өрнек түрлері: Қазақтың ою-өрнектері төрт түрге бөлінеді: өсімдік тектес, жануарлар, геометриялық формадаа, космогендік (астрологиялық).Бұлардың әрқайсысының өзінің белгілі бір мағынасы бар. Мүйіз – қазақ оюының негізі және ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мүйіз» ою-өрнегі кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында пайдаланылады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданады. «Гүл» ою-өрнегі барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнектің түрі қолөнер бұйымдарында үш жапырақтан басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін кездеседі Кесте тіккенде және киім-кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне салады. |

