Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Үй жасаулары мен ыдыстар
03.01.2014, 16:13

Үй жиһаздары – үй ішіндегі дүние-мүліктердің жалпы атауы.

Адалбақан – киім ілуге арналған ашалы, ою-өрнекті ағаш.

Асадал – ыдыс-аяқ қоятын жәшік.

Әбдіре – зат, киім, бұйым салып қоятын үлкен сандықтың қарапайым түрі.

Сандық – зат салатын оюлы, сырты темірмен қапталған үй мүлкі.

Сандыққап – көшкенде қажалмас үшін киізден жасалған жұмасақ қаптама.

Жағлан – сыртын былғырмен қаптаған сандық түрі.

Жәшік – қақпақпен жабылатын төрт аяқты мүлік.

Қобдиша – сандықтың кішкене түрі.

Жүкаяқ – сандық астына тұратын оюлы төрт аяқты жиһаз.

Төсекағаш – кереует.

Шабадан – ішіне көрпе, жастық, киім, бұйым салатын қалың матадан, киізден оюлап жасалған мүлік.

Кілем – жүннен тоқылатын бұйым.

Тұскиіз – тоқылған, жүннен басылған немесе матадан кестеленген керегеге ілінетін кілемше.

Текемет – түрлі түсті, ою-өрнек түр салып, киізден басылатын төсеніш.

Алаша – өрмекпен  тоқылып, қосылатын кілемше.

Шымылдық – ерлі-зайыптылардың жатарда тұсына ұстайтын, ақ матадан тігілетін перде.

Көрпе – ішіне жүн, мақта салып матадан тігілетін жамылғы.

Төсек көрпе – адамдар астына төсейтін көрпе.

Көрпеше – бір адам отыратын шағын көрпе.

Сырмақ – киізден сырып жасалатын түскиіз немесе төсеніш.

Талдырма – жұмсақ төсеніш киіз.

От киіз – от басына, ошақ қасына төселетін, кесек киіз.

Тулақ – босаға жаққа төселетін мал терісі.

Шыпта – ас тұратын жерді қалқалап қоятын ши.

Мамық – құс жүнінен жасалатын жатын төсеніш.

Жастық – басқа жасьайьын құс жүнінен жасалған мүлік.

Жастық  ағаш – жастық асытан қоятын ағаш мүлік.

Бөстек – қозы, тоқты терісінен жасалған төсеніш.

Кірсалғыш – жеңіл бұйымдарды салып, кереге басына ілетін, матадан әшекейлеп жасалған дорба.

Жүк – сандық үстіне жиналған төсек орын.

Жүк жапқыш – жүк үстіне жабатын кестелі жапқыш.

Шатыр – жауыннан, ыстыққа күн көзіне қорғанатын жиналмалы баспана.

Бесік – баланы бөлейтін қастарлі мүлік. Оның жастық, мамық, жаялық, тартпа, түбек, шүмек, бесік жапқыш, бағы басқа бөліктер мен бұйымдары болады.

«шешесін көріп, қызын ал, ыдысын көріп, асын іш» деген қазақ мақалында пәлсапалық, әлеуметтік терең ой жатыр. Демек, ата-бабаларымыз ұлт тұрмысында ас сақталатын ыдыс-аяққа да үлкен мән берген. Олар ыдысты көбіне ағаштан  (немес қайыңнан), малдың (жылқының, ешкінің) терісінен, металдан (мыстан, жезден) жасаған.

Ыдыс – ас құятын, сақтайтын мүлік.

Аяқ – ағаштан жасалған, көлемі шұңғыл табақтан кіші, әсем сырлы ас құятын ыдыс.

Астау – ет салатын, көлемі табақтан үлкен, ұзынша ағаш аяқ сақтайтын ыдыс.

Аяққап – киізден, былғарыдан істелген. Керге басына ілетін, шұңғыл табақтан кіші, әсем сырлы ас құятын ыдыс.

Бұлқыншақ – жылқыны, ешкінің бітеу сойылған сан терісінен жасалған сұйық құятын ыдыс.

Бақыраш – су құйып алуға арналған темір ыдыс.

Бүйен – мал бүйеннен жасалған, май сақтауға арналған ыдыс.

Жан торсық – жолаушы жанында жүретін, сусын құятын шағын тері ыдыс.

Жуас – май шайқайтын ағаш ыдыс.

Зере – шара тәріздес беті қақпақты, күміспен, сүйекпен шектеулеген кәделі ағаш ыдыс.

Күбі – талдан, аршадан, тиіп жасалатын, айран, қымыз пісуге арналған іші кең ыдыс.

Қазан – шойыннан жарты шар үлгісінде құйылған, ұстауға қолайлы, төрт құлағы бар, көлемі әр түрлі бетінде қақпағы бар ас пісіруге арналған қасиетті ыдыс.

Қарын – бұзаудың, қойдың қарнынан жасалған май сақтайтын ыдыс.

Құты – су, сусын құятын шағын ыдыс.

Саба- жылқы терісінен тігілетін, қымыз құятын кәделі ыдыс.

Самаурын – шай қайнайтын ыдыс.

Табақ – ет тартатын кәделі, жиекті ағаш ыдыс.

Табақша – фарфордан, қыштан, шыныдан жасалатын жайпақ ыдыс.

Таба – отқа салып, нан көметін екі бетті ыдыс.

Шәугім – құманның бір түрі.

Шара – ағаштан ойып жасаған, қымыз немесе сұйық ас құятын шұңғыл тік жиек ыдыс.

Шәйнек – жезден, мыстан жасалған құманның бір түрі.

Шөміш – қазаннан ас құятын ыдыс, ожаудың бір түрі.

Шанаш – тұз сақтайтын тері қапқыш.

Шылапшын – қол жуғанда пайдаланатын легеннің бір түрі.

Қауға – құдықтан су тартатын шелек.

«Армысың, әз-Наурыз» Астана, «Зерде» баспасы, 2010

Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 2023 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar