Главная » Файлы » РЕФЕРАТ [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2903
Показано материалов: 1051-1060
Страницы: « 1 2 ... 104 105 106 107 108 ... 290 291 »

Кайнозой дәуірінің төрттік кезеңінің көптеген омыртқалылар өкілдерінің қаңқа қалдықтарын Қазақстан аумағынан табуға болады. Бұл қалдықтар жануарлар әлемінің даму тарихының куәлері. Мұндай бірегей жәдігерлерді табиғат мұражайының экспозициясынан көруге болады.

Табиғат мұражайы Қазақстан Рес­публикасы БҒМ Зоология Инс­титутының жетекші ғалым­дарының бастамасымен және Қазақстан Респуб­ликасы ҰҒА Бірінші президенті, академик Қ.И.Сәтбаевтың қолдауымен 1961 жылы ашылған болатын. 2006 жылы Академия ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізілуіне байланыс­ты Мұражай жабылып, экспонаттар жәшіктерге салынып, Зоология инс­титутына көшірілді. Араға жылдар салып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылы 11-ақпандағы №84 қаулысымен республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Ғылым ордасы» құрылды. 

Барлық реферат | Просмотров: 1149 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Журналистика (французша - journal, немісше - journalіstіk, ағылшынша - journalіst) – 1) баспасөз, радио, теледидар, кино, интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі; 2) белгілі бір халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесі, оларда жарияланған материалдар жиынтығы; 3) баспасөз тарихын, теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым саласы.
Журналистикаға және Ақпарат
Барлық реферат | Просмотров: 2538 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Шертер – ежелгі шекті аспап. Шертерде домбыра сияқты ойнайды. Шертердің көлемі домбырадан көп кіші, бірақ сыртқы түрі қобызды еске салады, оған жұмыр түр беріп, сыртын терімен қаптайды, аттың қылынан екі шек тартылады. Аспап бір ғана бұрандалы болып келеді, шектің бір басы бұрандаға, екіншісі басына бекітіледі. Шертер аспабы аңыз, ән, ертегілерді айтқанда қолданылған. Ол бақташылар арасында кең тараған. Қазақтың көне музыкалық аспаптарының біріне жататын ол шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Шертер екі немесе үш ішекті болып келеді. 
Барлық реферат | Просмотров: 1348 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Шежіре, (арабша шаджарат — бұтақ, тармақ) — тарих ғылымының халықтың шығу тегін, таралуын баяндайтын тармағы. Ру, тайпалардың тарихын ұрпақтан ұрпаққа жеткізген, қалыптасқан ресми Шежіре барлық халықтарда кездеседі. Ресей, Германия, Англия, Франция және көптеген шығыс елдерінде Шежіренің көп томдық жинақтары шыққан. Башқұрт, өзбек, түрікмен, қырғыз, Сібір халықтарында Шежіре дерек көздері ретінде молынан кездеседі. Шежірені шежіреші қарттар ауызша таратып отырған. Сондықтан оны кейбір ғалымдар далалық ауызша тарихнама (ДАТ) деп те әспеттейді.
Барлық реферат | Просмотров: 1266 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Маңғыстау мәдениеті. 2-дүниежүзілік соғысқа дейінгі кезеңде Маңғыстау өлкесіндегі 32 ауылда қызыл мүйіс жұмыс істеді. Алғашқы кезде Маңғыстау ауданының мәдениет бөлімінде М.Ниязов, Т.Меңдібаев, С.Ыбраев, С.Алдабергенов, одан кейінгі кезеңде (1972 жылдан кейін) С.Еділханов, Ш.Ерғазиев, К.Үйсінбаев, А.Арашев, т.б. мәдениет саласына басшылық жасап, еңбек етті. 1946 жылдан қызыл мүйіс атауы клубқа өзгертіліп, содан бері мәдениет үйлері мен клубтар тұрғын халыққа мәдени қызмет көрсете бастады. 1950 жылдан клуб жанынан ұлт-аспаптар оркестрі мен үйірмелер, ал 1954 жылдан бастап драма үйірмелері қолға алынды. Бұл салаларда С.Ордабаев, М.Жолдасбаев, Ө.Алшынбаев, О.Құлсариев, К.Махмұтов, Ғ.Әбілтаев, Қ.Әмірханов, Меңдібаев, т.б. өз үлестерін қосты. Маңғыстау ауданы 1928 ж. ірге көтерген. 
Барлық реферат | Просмотров: 1406 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Орта ғасырдағы театрЕрте кезеңдегі театр түрлерінде жеке, бір адамға тән мінез даралығын емес, жалпы адамдарға ортақ мінез-кескіндерді көрсету принципі үстемдік алды да бұл тұрақты маска-типтердің тууына себепші болды. Мұндай принцип орта ғасырдағы халық театры сауықтарына да тән болатын. Орта ғасырда Батыс Еуропадағы театрдың дамуы реалистік-демократиялық ағымдағы халық өнерінің шіркеу мен феодал діни-мистикалық идеологиясына қарсы күресі үстінде өтті. Халық театры қала мен ауыл бұқарасының әуесқойлар шығармашылық түрінде өмірге келді. 

Барлық реферат | Просмотров: 1332 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Біздің елімізде қою сүт, қаймақ қатқан шай ішпейтін адам жоқ. Шай мен кофе, жеміс шырындары мен квас – негізінен, алкогольсіз сусындар. Олардың кең тарап, кең тұтылуының сыры – сүйкімді дәмінен, жұмсақ стимуляторлық әсерінен. Қазір ауыз суына хлордың қосылуы салдарынан бұл сусындардың дәмдік сапасы өз деңгейінде емес. Алайда хлорсыз, бактериялық жолмен өңделген, терең артезиан құдықтарынан алынған, мөлдір, таза күйінде дүкендерде сатылатын (бұлақ суы) ауыз суынан дайындалатын шай, кофе өте дәмді келеді. Әйтеуір, қандай судан қайнатып ішсе де шайдың жаманы жоқ және де қазақтай шайқұмар халық аз шығар, сірә...
Шай ағашы қайда өседі?
Барлық реферат | Просмотров: 2016 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

«Антика» сөзінің латын тілінен аударғанда «көне» деген мағынаны білдіретінін ескерсек, бұл жалпы философиялық ой дамуының бастапқы кезеңін ағартады.  Алайда қалыптасқан дәстүр бойынша антик дәуірі тек батыстың көне заманын білдіріп, осы грек — рим әлеміне қатысты айтылады.

Антикалық мәдениет — барлық грек-рим көне бағыттардың жиынтығы. Антикалық мәдениет космологизмі антропоцентризмді қажет етеді және адам денесі негізі – мәдениеттің барлық түрінің өлшемі.

Барлық реферат | Просмотров: 1259 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Майя өркениеті

Майя — құшағына бiрнеше ұлтты басқан, тiлi мен дәстүрi, құдайы ортақ ұлыс. Сол кезеңде тамыры бiр бiрнеше жұрттың бiрiккен ошағын майялар деп атаған. Бірақ олар жайлы зерттеуер көп уақыт жүргізілмеген.

 Майя өркениеті мекендеген аймақ қызылмен шектелген, қарамен — мезоамерикалық өркениеттер аймағы

Барлық реферат | Просмотров: 1425 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Мадлен мәдениеті, палеолит дәуірінің соңғы кезеңін — шамамен б.з.б. 16 — 10 мыңжылдықтарды қамтиды. Ла-Мадлен (Дордонь, Франция) үңгірінің атына байланысты аталған. 1872 ж. француз археологі Г.Мортилье зерттеулерінде атап көрсетті. Мадлен мәдениеті, негізінен, Франция, Бельгия, Испания, Швейцария, Германия жерлеріне тараған. Бірақ оған тән белгілер Орал тауы маңына дейінгі аралықты да қамтиды. Бұл кезде адамдар үңгірлерді, жер кепелерді ішінара жер үстіне салынған үйлерді мекен еткен. Олар, негізінен, аң және балық аулаумен, терімшілікпен айналысты. Мадлен мәдениетінде еңбек құралдары жетілдіріліп, шақпақтастан түрлі тескіш, кескіш жасау, хайуанаттар сүйектері мен мүйіздерінен найза ұшын, ине, біз дайындау дамыды.
Барлық реферат | Просмотров: 1025 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1031-1040 1041-1050 1051-1060 1061-1070 1071-1080 ... 2891-2900 2901-2903