Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 1756
Показано материалов: 61-70
Страницы: « 1 2 ... 5 6 7 8 9 ... 175 176 »

Қазақстан Даму Банкі (ҚДБ) – мемлекеттік қаржы институты. ҚР-ның "Қазақстан даму банкі туралы” Заңына сәйкес мемлекеттің инвестициялық саясатын іске асыру мақсатымен 2001 ж. 25 сәуірде жабық акцион. қоғам ретінде құрылды. Банктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі – 100%. ҚДБ-ның құрылтайшысы – Үкімет (Қаржы мин.), жергілікті атқарушы органдар. Банктің жоғ. органы – акционерлердің жалпы жиналысы, ол ҚР Президентінің ұсынуымен директорлар кеңесінің мүшелерін сайлайды. Кеңес банктің қызметіне (жалпы жиналыстың ғана құзырына жататын мәселелерден басқасына) жалпы басшылық жасайды. ҚДБ қызметінің мақсаты – мемл. инвестиц. қызметті жетілдіріп, тиімділігін арттыру; өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, елдің экономикасына ішкі және сыртқы инвестициялар тартуға жәрдемдесу. 
Барлық реферат | Просмотров: 1222 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Кәсіпкерлік – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. К-ті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңи тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. К. кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны (мемл., ашық акцион. қоғам, жабық акцион. қоғам, серіктестік, жекеше кәсіпорын, өндірістік кооператив, муниципалдық кәсіпорын) арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді.
Барлық реферат | Просмотров: 1725 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Әлемдік экономиканың жаһандануы – шаруашылық өмірдің интернационалдануының ең жаңа сатысы. Ә. э. ж-ның жалпы жұрт қабылдаған анықтамасы жоқ. Қазіргі әлемдік экономика ұлттық экономикалардың барған сайын біте қайнасуымен сипатталады. 19 ғ-дың аяғында басталған интернационалдану жаңа сатыға аяқ басып, бірыңғай жаїандық әлемдік шаруашылық қалыптасты. 1980 – 90 ж. өндіріс аялары мен салалары бойынша дағдылы мамандануға ғана емес, сонымен қатар компоненттерді, тораптарды, бөлшектерді әлемдік нарыққа шығарып, жеткізуге де маманданған мүлде жаңа халықаралық еңбек бөлінісі қалыптасты.
Барлық реферат | Просмотров: 1530 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Мұнай-грек халқының «нафта» деген сөзінен шыққан «нафта» жарып шығарлық қасиеті бар деген мағынаны білдіреді. Шынында, жер бетінде кездесетін мұнай мен газ, көздерінің терең орналасқан қабаттарымен адам баласына жұмбақ болып келді. Кейбір ойпаттарды жер қойнауын жарып шығып атқылап , кейде бұлақ болып ағып жататын «қарамай» немесе үзілмес от болып жанып тұратын таңғажайып жаратылыс құбылыстары халыққа әр заманда «құдірет күші» деп танылады.
Барлық реферат | Просмотров: 1230 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта-Мұнай мен газ улы заттар болғандықтан қоршаған ортаға түскенде табиғатқа және адам денсаулығына орасан зор зиян келтіреді.Топырақ, атмосфера, су қоймалары ластануға ұшырауда. Жер қойнауынан шамадан тыс көмірсутектерін игерудің нәтижесінде жасанды жер сілкінісінің пайда болған кездері де болды. Мұнай газ өнеркәсібінің табиғатқа және адам денсаулығына қолайсыз әсер етуін азайту мақсатында табиғатты сақтау технологиясын қолданып отыруды қажет етеді. Өндіруші компанияларға ілеспе газды жағуға тыйым салынды.

Барлық реферат | Просмотров: 3428 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Барлық реферат | Просмотров: 1128 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Мұнай  (түрікше neft – мұнай) – Жердің шөгінді қабатында таралған, жанғыш майлы сұйықтық; адамзат тіршілігі үшін маңызы зор, пайдалы қазынды. Мұнай 1,2 – 2,0 км-ден астам тереңдікте газ тәрізді көмірсутектермен бірге түзіледі. Түсі ашық-қоңырдан қою қоңырға, қараға дейін өзгереді, тығыздығы 0,65 – 1,05 г/см3 аралығында; жеңіл (тығыздығы 0,83 г/см3-ке дейін), орташа (0,831 – 0,860 г/см3), ауыр (0,860 г/см3-тен жоғары) болып бөлінеді. 28°С-тан жоғары температурада қайнайды, меншікті жылу сыйымдылығы 1,7 – 2,1 кДж/(кг.К), меншікті жану жылуы 43,7 – 46,2 МДж/кг, диэлектрлік өтімділігі 2 – 2,5; тұтану температурасы 35 – 120°С, органикалық еріткіштерде ериді, суда ерімейді.
Барлық реферат | Просмотров: 2702 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Монополиялық пайда – рынок пен өндірісті монополиялық бақылау жолымен алынатын жоғары пайда; монополистік бірлестіктердің орташа пайдадан асып түсетін пайдасы. М.п. тауарларды монопол. өндіру мен өткізу жағдайында рыноктың монопол. бақылауға алынуын сипаттайды. Тауар өндірушілер монопол. жағдайға аса білікті жұмыс күшін, жетекші мамандар мен менеджерлерді, ғыл. ашылымдар, патенттер, лицензиялар негізінде жаңа технологияларды пайдалану жолымен қол жеткізеді. Монополияларда сұранымды зерттеу, оны қанағаттандыру, нақты сатып алушылар рыногін қалыптастыру үшін мүмкіндіктер көп.
Барлық реферат | Просмотров: 1246 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Әкімшілдік-әміршілдік экономика, өндіріс құрал-жабдығына қоғамдық меншікке, орталықтандырылған жоспарлауға және қоғам өмірінің барлық аясын директивалық басқаруға негізделеді. Басты белгісі – іс жүзінде барлық экон. ресурстарға (жерге, жер қойнауына, кәсіпорындарға, қаржыға, т.б.) мемл. меншіктің үстемдігі. Тиісінше халық ш. бірыңғай "фабрика” болып табылады, ал орт. жоспарлаушы органдар кім үшін, қалай өндіру мәселелерін шешеді, яғни нарықтық жүйедегідей сұраныс емес, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ұсынысы айқындаушы фактор болып табылады. Мұндай шарттар монополия мен бюрократияны сөзсіз тудырады, мұның өзі дамуға деген ынтаны төмендетеді.
Барлық реферат | Просмотров: 1152 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Көмір өнеркәсібі – елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады.
Қазақстанда көмір өнеркәсібі шаруашылықтың ең көне саласына жатады. 1833 ж. қойшы Байжанов Аппақ Қарағанды мекенінен "отқа жанатын қара тасты” кездейсоқ тауып алған. Бірақ 23 жыл өткеннен кейін ғана өнеркәсіп иелері кен орнына назар аудара бастады. Қарағанды кенінен алғашқы 30 жылда (1857 – 87) 303 мың тонна немесе әр жылы орта есеппен 10 мың тонна көмір өндірілді.
Барлық реферат | Просмотров: 2458 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 41-50 51-60 61-70 71-80 81-90 ... 1741-1750 1751-1756