Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 41-50 |
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 7 ... 175 176 » |
Орталық Қазақстан атырабы гипсометриялыктұрғыдан Солтүстік Қазақстан, Торғай, Бетпақдала және Балқашмаңы жазықтарынан бөлектеніп, ерекше өлкеге жатады. Жалпы ауданы 1 млн. км2-ге жуық атыраптың мұндай бөлектенуі оның геологиялык дамуының тарихымен және геологиялык кұрылымымен байланысты. Кристалды жыныстар беттерінің өз түзілу элементтерін барлық тұстарда анық көрсете, ашыла жатуының салдарынан орыс тілді әдебиетте Қазақтың катпарлы атырабы, Орталық Қазақстандық қалқан, Орталық Қазақстан платформасы, Қазақ үстірті деген терминдер пайда болды.Сонымен қатар, Орталық Қазақстанның өзіне тән жер бедері «Қазақтың ұсақшоқылығы» (Казахский мелкосопочник) деген қалыптасып кеткен атауын туғызды. |
Батыс Қазақстанның жануар және өсiмдiк әлемi өте бай және алуан түрлi. Шөлдi далалары өзендер мен көлдерге жалғасады, альпiлiк шалғындар биiк тау қыраттарымен шектеседi. Батыс-Алтай мемлекеттiк қорығы 1992 жылы ұйымдастарылған. Оның ауданы 56,3 мың га. Қорық Алтайдың қазақстандық бөлiгiнiң таулы жерлерiнде орналасқан: Ақ Оба өзенiнiң бастауындағы Линей, Холзын, Көксi және Иванов ауданы, Тұрғысын өзенiнiң құйылуындағы Қара Оба және Борсық жерлерi. Ақ Оба өзенiнiң бастауында 14 майда мұздықтар бар. Орман шекарасынан жоғары мұздан түзiлген майда тау көлдерi және жылғаларға бастама болатын батпақ орналасқан. |
Халықтың қоныстануының географиялық ерекшелігі Қазақстан халқының саны аумағының, үлкендігіне сай келмейді. Халықты біркелкі қоныстандыру және үлкен аймақты игеру мүмкін емес. Сонымен бірге халықтың қоныстануына табиғат жағдайы қолайлы жерлердің тек 1 / 3 бөлігі ғана жарайды. Сондықтан да мемлекетті модернизациялау бағдарламасында негізгі рөлді халықты аумақтық ұымдастыруга баса назар аударады. Оның дұрыс орындалуы халықтың еңбек әлуетін тиімді пайдалануға мүмкіншілік береді. Халықты аумақтық ұйымдастыруға орналасу және қоныстану жатады. |
Қағаз ақша – атаулы құны бар ақша белгілері, яғни айналыста толымды ақшаны алмастыратын құн белгілері. Оны мемлекет өзінің шығыстарын жабу үшін шығарады. Қ. а. асыл металдармен қамтамасыз етілмеген, асыл металға айырбасталмайды және ұсақталмайды. Бағамы мәжбүрлі түрде белгіленеді; Қ. а-ның бірнеше мәні бар: төлемнің заңды құралы – экономиканы, мемлекетті несиелендіру үшін және мемлекеттің алтын-валюта сақтық қорын молайту мақсатымен айналысқа шығаратын банкнота |
КАПИТАЛДЫ ШЕТКЕ ШЫҒАРУ, капитал экспорты – кәсіпкерлік қызметтің түрлі нысандарын жүзеге асыру және пайда алу мақсатымен капиталдың шет елдегі ұзақ мерзімді салымы. К. ш. ш. негізгі екі нысанға бөлінеді. Олар: тікелей және қоржындық инвестициялар. Тікелей инвестициялар қаражатты шет ел кәсіпорындарын (филиалдар, бөлімшелер, бірлескен кәсіпорындар) құруға, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар сатып алуға, акциялардың бақылау пакетін сатып алу немесе бақылау құқығын беретін мажоритарлық қатысу жолымен шетелдік компанияға бақылау орнатуға, шетелдік филиалдардың қызметін кеңейтуге, соның ішінде пайданы кері инвестициялау есебінен кеңейтуге жұмсау болып табылады. |
КАПИТАЛ (нем. kapіtal, ағылш. capіtal, лат. capіtalіs – басты нәрсе‚ басты мүлік, негізгі қаржы) – кең мағынада – табыс әкеле алатын нәрселердің бәрі немесе адам өзінің тіршілік әрекеті барысында тауарлар‚ өнімдер‚ т.б. өндіру‚ қызметтер көрсету үшін жасаған ресурстар, яки қосымша құн әкелетін құн; тар мағынада – табыстың жұмыс істеп тұрған қайнар көзі‚ іске қосылған өндіріс құрал-жабдығы‚ ақшалай қаражат‚ зияткерлік меншік. |
ҚАРЖЫ, финанс (ағыл. және фран. fіnances, орта лат. fіnantіa – ақшалай қаржы, аяқтау, төлем төлеу туралы бұйрық) – ақша қорын жасау және пайдалану барысындағы экон. қатынастар жиынтығы. Мемлекеттің, аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңды және жеке тұлғалардың кірістері мен шығыстарының, жинақ қорларының қалыптасуы барысында ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі және қайта бөлінуі процесін, осыған орай туындайтын ақша қатынастарын сипаттайтын іргелі, жалпылама, көп мәнді экон. категория ретінде қарастырылады. |
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ, қаржы рыногі – капитал несие берушілер мен қарыз алушылар арасында бағалы қағаздарды шығару және сатып алу-сату нысанында қайта бөлінетін несие капиталдары рыногінің бір бөлігі. Қ. н-н бастапқы және қайталама рыноктардың жиынтығы деп қарауға болады. Бастапқы рынок бағалы қағаздарды шығару сәтінде пайда болады, оған қаржы қорлары жұмылдырылады. Қайталама рынокта бұл қорлар бірнеше рет қайта бөлінеді. Қайталама рынок биржалық және биржадан тыс рыноктарға ажыратылады. |
ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ЖИНАҚ БАНКІ, Халық банкі – аса ірі әмбебап коммерциялық банк; Қазақстанның ең сенімді және әртараптандырылған қаржы құрылымдарының бірі. Банктің Қазақстанда 528 құрылымдық бөлімшесі, Ұлыбританияда (Лондон), ҚХР-да (Пекин) және Ресейде (Мәскеу) шетелдік өкілдіктері бар. Банк өз тарихын 1923 ж. тамызда Ақтөбе қ-нда мемл. еңбек жинақ кассасының ашылған кезінен бастайды. 1988 жылғы банк реформасы бойынша екі деңгейлі банк жүйесіне: орт. банкке және мамандандырылған банктерге көшу межеленіп, мемл. еңбек жинақ кассалары жүйесі халық пен заңды тұлғаларға қызмет көрсететін КСРО жинақ банкі болып қайта құрылды. |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ МИНИСТРЛІГІ – орталық атқарушы орган Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеп, салааралық тұрғыда үйлестіретін, еліміздің стратегиялық жоспарлары мен индикативтік жоспарларын, мемлекеттік қаржыны, лицензиялау жүйесін басқаратын, орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін белгілейтін, республикалық бюджеттің тиісті қаржы жылына арналған жобасын жасайды. |