Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 1756
Показано материалов: 71-80
Страницы: « 1 2 ... 6 7 8 9 10 ... 175 176 »

ҚАЗАҚСТАННЫҢ 1946 – 1991 ЖЫЛДАРДАҒЫ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ – халық шаруашылығындағы тарихи кезең. 1941 – 45 ж. соғыстан кейін халық ш. бейбіт бағытқа көшті. Ауыр өнеркәсіпті дамытуға баса көңіл бөлінді. Жергілікті отынға негізделген энергетика дамыды. Республикада 4-бесжылдықта (1946 – 50) егіс көлемі бір миллион га-дан астам ұлғайды. А. ш. дақылдарының түсімі артты. Керісінше, мал басының өсу қарқыны төмен болды. 50-жылдары Қазақстанның экон. күш-қуатының өсуі үшін шаруашылық айналымға жаңа қорларды тарту, өндірістің тех. дәрежесін арттыру шаралары жүзеге асырылды. Бірақ жеңіл және тамақ өнеркәсіп салалары артта қалып, шикізат және отын өндіретін салалар озық дамыды. А. ш-ның даму қарқыны өнеркәсіптен едәуір төмен болды. 
Барлық реферат | Просмотров: 1359 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Қоғамның аумақтық ұйымдасуындағы басты буын - экономикалық-әлеуметтік аумақтық кешендер (ЭӨАК). Олар аумақты игеру барысында қалыптасады. Әрқайсысы ландшафт, тұрғын халық және шаруашылыктың үштік бірлігін көрсетеді. ЭӨАК-нің мысалы ретінде қала, ауыл шаруашылық аудан, демалыс зонасы, т.б. қарастыруға болады. Ең ірі кешендерге облыстар және тұтас ел жатады. География оларды сипаттап жазып, жүріп жаткан процестерді түсіндіре отырып, болашаққа болжам жасайды. Бұл зерттеулердің мақсаты - қоғамның тиімді аумақтық ұйымдасуын қалыптастыру. Мұндай ұйымдасуды жоғары дамыған экономика мен адам өмірінің жоғары сапасы ерекшелендіреді.
Барлық реферат | Просмотров: 3940 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Еңбек ететін адамдар - қоғамның негізгі өндіргіш күші болып табылады. Олар материалдық құндылықтарды өндірушілер ғана емес, әрі пайдаланушылар болып саналады. Сондықтан халыққа сараптама жасау - кез келген эқономикалық-географиялық зерттеудің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Халықты көптеген ғылымдар, ең алдымен - халықтар географиясы, демография мен этнография зерттейді.
Барлық реферат | Просмотров: 2467 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Шағын бизнес — ешқандай монополистік бірлестікке кірмейтін және экономикада монополияға қатысты бағынышты рөл атқаратын жеке меншіктегі ұсақ және орта кәсіпорындардың қабылданған жиынтық атауы. Дамыған елдерде сыртқы экон. байланыстардың негізгі бөлігі Ш. б-тің үлесіне тиеді. Елімізде 20 ғ-дың 90-жылдары белсенді түрде жүргізілген жекешелендіру үдерістері шағын кәсіпкерліктің қалыптасып дамуына жол ашты. Республикада Ш. б-тің дамуы экономиканың ойдағыдай реформалануы көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Барлық реферат | Просмотров: 1631 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Сыртқы экономикалық фактор – мемлекет пен аймақтардың дамуына үлкен әсер ететін объективтік фактор. Бірегей және құрамдас факторлар экономиканың жаїандануына орай жаңа міндеттерді шешуге итермелейді. Ұлттық экономиканың әлемдік экономикаға тиімді бейімделуі үшін экспорттық әлеуетті құрылымдық жетілдірді, әртараптандырды, өндіріс-құрал-жабдықтары мен халық тұтынатын тауарлардың бәсекеге жарамдылығын арттыруды көздейді. 
Барлық реферат | Просмотров: 1109 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Мемлекеттік құнды қағаздар, Мемлекеттік бағалы қағаздар, мемлекеттік билік органдары атынан шығарылады. Оларды ҚР өлттық банкінің 1997 ж. 14 ақпандағы ғ396 қаулысы бойынша бекітілген ережелерге сәйкес ҚР Қаржы мин. респ. бюджеттің тапшылығын бейинфляц. тұрғыда қаржыландыру мақсатымен шығарады. М. қ. қ-ды бастапқы орналастыру мынадай әдістермен жүзеге асырылады: а) бағаның көптігін қанағаттандыратын аукциондық әдіс, әдетте, дисконттық М. қ. қ-ды бастапқы орналастыру кезінде пайдаланылатын әдіс, мұнда өтінімдерді қанағаттандыру ең жоғары деңгейде дисконтталған бағадан басталады және шығарылымның бүкіл жарияланған көлемі таусылған жағдайда аяқталады.
Барлық реферат | Просмотров: 884 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА,  Рыноктық экономика, Базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.  Рынокта бәсеке барысында сұраным мен ұсыным, баға құралады. Сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті Н. э-ның тиімділігін қамтамасыз ететін тетік болып табылады.
Барлық реферат | Просмотров: 3079 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Көлеңкелі экономика – 1) үкіметтің, құзырлы мекемелердің бақылауынан тасада, ішкі жалпы өнім санатына енгізбей тауар-материалдық құндылықтарды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну, ақылы қызметтер көрсету; 2) жекелеген азаматтар, әлеум. топтар тарапынан мемл., жекеше, акцион. және басқа меншік түрлерін жеке бастың пайдасы және топтық мүдделер үшін пайдаланып, мемл. басқару органдарынан жасырылатын заңсыз әлеум.-экон. қатынастар орнатуы арқылы жүзеге асырылатын экон. қызметтің күллі түрінің әлеум.-экон. әдебиеттегі атауы. К. э-ның бейресми (ашық жүретін, бірақ салықтан табысты жасыратын, ресми статистикада ескерілмейтін) экономика, қосып жазу, алаяқтық шарттар мен пара алушылық тән жалған экономика, заң тыйым салатын астыртын экономика деп аталатын түрлері бар. Кеңес Одағы кезінде де болған. Көптеген елдерге тән. Нарықтық экономикаға ауысуға байланысты К. э. ТМД елдерінде кең етек алды. К. э. құрылымы экон. қатынастардың қылмыстық тұрпаттарымен де, бейқылмыстық тұрпаттарымен де бой көрсетеді.
Барлық реферат | Просмотров: 1543 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Кредиттік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық  негізде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне, осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды). Бірақ, өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де салаларына қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. 
Барлық реферат | Просмотров: 800 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 51-60 61-70 71-80 81-90 91-100 ... 1741-1750 1751-1756