Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 1756
Показано материалов: 621-630
Страницы: « 1 2 ... 61 62 63 64 65 ... 175 176 »

Ергенеқон
Ергенеқон— дастан; ғұндар мемлекеттік бірлестігі ыдырап, көк түріктердің алғашқы мемлекеті — Түрік қағанаты салтанат құрған (552 — 745) кезеңге дейінгі 450 жыл ішінде болған түрлі оқиғаларды қамтитын, түркі халықтарының ата тегін тарихи деректер бойынша жыр еткен ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі. "Ергенеқон” дастаны толық күйінде сақталмаған, тек жекелеген үзінділері мен жалпы сюжеттік желісі ғана бізге мәлім. "Ергенеқон” дастанына алғаш назар аударғандар Түркияның түркітанушы ғалымдары — М.Ф. Күпрулу (1896 — 1966), Атсыз Нихал (1905 — 1975) болды.
Барлық реферат | Просмотров: 1025 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

«Кабуснама» - Кей-Кабустың 1082-83ж. парсы тілінде жазған, әлемге кең тараған дидактикалық сарындағы шығармасы. Европа мен Азияның озық ойшылдары «Кабуснаманы» орта ғасырлардағы педагогикалық тәлім-тәрбие, өсиет-өнеге жөніндегі танымның энциклопедиялық жиынтығы ретінде жоғары бағалаған. «Кабуснаманың» аударма нұсқаларын қазақтың ағартушы-демократтары өз еңбектерінде шығармашылық тұргыда пайдаланып отырды. 
Барлық реферат | Просмотров: 1795 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Ертеде бірге болып мекен жайы,

Достасып,

Ашылыпты бекем, бағы...

Қой, Ешкі бір өріске шығып күнде,

Отар боп жайылады екен бәрі.

Шүйгін шөп жайылуға жараса нақ,

Бас қойып жұлады екен бара сала-ақ.

Барлық реферат | Просмотров: 1411 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Қарны ашқан қасқыр тамақ іздеп, арсалаңдап келе жатады. Сол кезде түлкі жолығады.

-        Қасеке, жолың болсын! Қайда жортып барасың? - деп сұрайды түлкі жылмаңдап.

-        Түкем, қарным ашты. Тамақ іздеп барамын.

Барлық реферат | Просмотров: 1496 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Ақ лақ пен Қара лақ әрі жүгіреді, бері жүгіреді. Жан-жағына алақ-жұлақ қарайды. Мына жағы - қалың шілік, ана жағы - қалың бау. Маңайда ешбір қой-ешкі көрінбейді.

-        Сен Ақ лақсың, түк білмейтін ақымақсың. Мені әрлі-берлі сүйреп жүріп, ақыры адастырдың. Жаның барында қойды тауып бер! - деп, Қара лақ Ақ лақты бүйірден бір түйіп кеп қалады. Қара лақ бір күн бұрын туған еді. Ол Ақ лақтың ағасы саналатын. Денесі шымыр, жұп-жұмыр, мағдайында екі мүйізі бар. Өзі барып тұрған сотқар, желбас еді. Ақ лақты «бауырым екен» деп аямайтын. Қит етсе «Ақ лақсың - ақымақсың» деп мазақтайтын. Ашуланса болды, мүйізімен бүйірден түйіп қалатын. Өзі және жалақор болатын. Бағана: «Бә-ә, бә-ә! Мына жердің шөбін қара-а!» - деп, қалың шіліктің ішіне бастап келген де өзі болатын. Енді адасқан соң, Ақ лақты жазғырып тұр:

Барлық реферат | Просмотров: 1743 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Түлкі мен бөдене екеуі айрылмас дос болыпты. Екі дос талай жерді шарлапты, талай қызық көріпті. Күндерде бір күні:

-        Досым, мені бір күлдірші, - депті түлкі.

Барлық реферат | Просмотров: 1670 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Қазіргі кезде лингвостилистикалық зерттеулерді жазушының таза тілдік ерекшеліктері, яғни стильдік, сөз қолдану, көріктеу құралдарын қолдану ерекшеліктері т.б. сипатта қарастырумен ғана шектеуге болмайды. Мысалы, көркем мәтіндегі тұрақты тіркестер сөздің эмоциялық – экспрессиялық мәнін арттырады. Мұндай тұрақты тіркестер арқылы жазушы шығармаларында ұлттық болмыс пен танымның белгісі айқын аңғарылады. Мысалы: Жоламан тез-тез адымдап, үй орнындай жерге топтала өскен доланаға таянғанда, Кәрішалдың даусы пышақ кесті тына қалды [М.Ғ.] деген сөйлемдердегі тұрақты тіркестер арқылы ақпаратты ықшам, бейнелі түрде берудің өзіндік қолтаңбасын көрсетеді.   
Барлық реферат | Просмотров: 1094 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Б.Соқпақбаев, М.Гумеров, М.Қабанбаев қазақ балалар әдебиетінде ерекше қолтаңба қалдырған тұлғалар. Аталмыш жазушылардың шығармаларындағы кейіпкерлер мен олардың лақап аттары,  жер-су атауларының мәні ұлттық таным мен болмысқа, психологиялық танымға негізделген. Балаларға арналған әңгімелері мен повестерінде дүниені танудағы жас ерекшелік психологиясы мен танымның когнитивтік санадағы көрінісі айрықша рең беріп тұрады. Мысалы: «Менің атым – Қожа» шығармасының тілдік жүйесі Қожаның  психологиялық қабылдауы  мен оның  когнитивтік санасындағы дүниетанымы  деңгейінде құрылған.
Барлық реферат | Просмотров: 1256 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Ерте, ерте, ертеде, бір белгісіз теңізде балықтар патшалығы құрылыпты. Ол патшалықтың басшысы кит екен. Патша еліне елеулі, халқына қалаулы, абыройлы болыпты. Қарамағындағылар оны құрмет тұтып, айтқанын екі етпейді екен. Кит ірі, азулы, көк көзді екен. Сонымен бірге жомарт, қолы береген. Бұл патшалықтың халқы тату, арыздасу дегенді білмейтін кең пейілді деседі. 
Барлық реферат | Просмотров: 2305 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

Ерте де бір ханның ұлы болыпты. Күні кешке дейін үйден шықпайтын ханзада әбден зерігетін халге түсіпті. Себебі, онымен ойнайтын бауыры, не болмаса досы жоқ екен. Ханзада есік алдына шығып, балалардың ойынына қосылса, олардың барлығы тым-тырақай үйлеріне қаша жөнеледі екен. Олар бұның хан баласы екенін білетін, сондықтан да онымен бірге ойнауға батылдары жетпейтін. Өздерінше: «Жазатайым  құлап мертіксе, не ойында жеңіліп қалса… ондай жағдайда  міндетті түрде әкесіне шағымданады. Оның бізге қандай жаза беретінін кім білсін», – деп ойлайды екен.
Барлық реферат | Просмотров: 1485 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 01.01.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 601-610 611-620 621-630 631-640 641-650 ... 1741-1750 1751-1756