Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 31-40 |
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 ... 175 176 » |
Қазақ Философиясы – қоғамдық сананың ұлттық түрі; тұрмыс пен танымның ортақ принциптері, адам мен дүние жүзінің қатынасы туралы ілім, табиғаттың, қоғамның және дүниетанымның жалпы даму заңдары жайындағы ғылым. Қазақ халқының даналық өрісінде дүние мен адам туралы дүниетанымдық көзқарастардың тарихи қалыптасқан даму жүйесін қамтиды. Қазақ тіліндегі даналық түсінігі мәні жағынан философияға жақын. Қазақтың даналық ой-пікірлерінің тарихы екі кезеңнен тұрады. |
Этикет хан (шах, король, патша) сарайларында рәсімділік сақтау тәртібі ретінде пайда болған. "Этикет" сөзі француз тілінен аударғанда "рәсімді реттеуші қоқау-қағаз, этикетка, рәсім өткізу тәртібі" деген мағынаға ие. XVIII ғасырда этикет деп монархтар сарайларында өзін-өзі ұстау ережелерінің жиынтығын айтатын болған, бірақ өмір бұл терминнің одан гөрі кең мағынада қолданылуын қажет етті. Жоғары билік жүргізушілер арасындағы қарым-қатынастардың өз алдына бөлініп, қарапайым халықтан ерекшеленуінің нәтижесінде этикетке көп мән берілгендігін тарих дәлелдейді. Этикет билеушілер сарайындағы өмірді қатаң түрде реттеп отырды: кімнің қашан тұруы керектігі, монархты кімнің, қашан, қалай киіндіретіндігі, аудиенциялардың өту тәртібі және т.б. |
Ежелгі грек этикасы. Этиканың өзіндік мәртебесі бар философиялық ілім ретінде қалыптасуы антикалық грек философиясының қойнауында жүзеге асқандығы туралы айтып өткен болатынбыз. Өзінің атауымен де, негізгі ұғымдық категорияларымен де, мәселелік өрісімен де этика Аристотельге қарыздар. "Никомах этикасын", "Эвдем этикасын", "Үлкен этиканы" жазған ұлы ойшыл этиканы дамыта отырып, елге танытты. |
Эстетика (грек. aіsthetіkos – сезіну, сезімдік) – адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып-түсіну заңдылықтары туралы, әсемдік заңдарын арқау еткен шығармашылықтың мәнісі мен формалары туралы ғылым. Эстетика ғылым ретінде осыдан 5 мың жыл бұрын – Мысырда, Вавилонда, Үндістанда және Қытайда дүниеге келіп, Ежелгі Грекия мен Римде кеңінен дамыған. Демокрит, Аристотель, Эпикур, Лукреций Кар, т.б. өз еңбектерінде сұлулықтың объективті негізі – шындық өмірдің заттық қасиеттерінде, байланыстарында, қатынастарында, заңдылықтарында деп білді. |
Ақиқат – таным теориясының негізгі категориясы, адам ойының өмір шындығымен сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс, дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес, танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Объективті ақиқат — білімінің адамға да, адамзатқа да тәуелсіз мазмұны. Ақиқат — салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп отыратын процесс. Абсолюттік ақиқат — затты толық сипаттайтын, таным дамуында теріске шығарылуы мүмкін емес мызғымас ілім. Салыстырмалы ақиқат пен абсолюттік ақиқат диалектик. байланыста. Салыстырмалы ақиқатта абсолюттік ақиқаттың ұшқыны бар, ал абсолюттік ақиқат салыстырмалы ақиқаттың жиынтығы (қ. Абсолютті және салыстырмалы ақиқат) негізінде құралады. |
"Ақиқат ұғымы" Білімдегі абсолюттік және салыстырмалылық диалектикасы. Таным нәтижелерінің практикалық қызметте жетістікпен қолданылуы тек алынған білім дәйекті, ақиқатты болғанда ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Акиқат туралы мәселе, тиісінше, таным теориясындағы аса маңыздылардың бірі. Ақиқат — білімнің пәніне, нағыздығына сәйкестігі. Былайша айтқанда, ол — нағыздығтың дұрыс көрсетілуі. Акикаттың айқындамасын түсіну оның төменде келтірілген негізгі қасиеттерін, белгілерін дәл айқындап алуды талап етеді. |
Фр. Бэкон философиясы Жаңа Заман ағылшын философиясының көркейген кезеңіне айналды. XVII-XVIII ғасырлардағы ағылшын философиясының жалпы сипаты: 1.Материалистік бағыттылық (ағылшын философтарының көпгшілігі басқа елдер философиясына, мысалы, осы кезеңдегі неміс филосфтарына керісінше, болмыс мәселелерін материалистік тұрғыдан түсіндіріп, идеализмді қатаң сынады); |
Философияның пайда болуы ежелгі дүниеге қатысты. Философиялық білімдердің бастауы біздің заманымызға дейінгі VІ—V ғасырлардағы құл иеленуші мемлекеттерде — Қытайда, Үндістанда, Грекияда болғаны айқын көрінеді. "Философия" сөзін алғаш қолданған Грекиядан шыққан ұлы математик, философ Пифагор болды. Аңыз бойынша, ежелгі грек қалаларының бірінің билеушісі базарға келіп, сырттай босқа қарап тұрған Пифагордан: "Сен кімсің?"— деп сұраған. Пифагор: "Мен философпын", — деп жауап беріпті. Бұл сөз билеушіге таныс болмағандықтан, Пифагор былай түсіндіріпті: "Өмір дегеніміз — Олимпиадалық ойындар сияқты: біреулер оған жарысқа түсуге, екіншілері сауда жасауға, ал ең бақыттылары көруге келеді. Кәдімгі өмірдегідей, біреулер—даңққұмар, енді біреулер — жемқор, ашкөз. |
Осы дәуірдегі философия ілім "схоластика” ("мектептік ілім”) деген атқа ие болып, негізгі үш кезеңнен өтті: а) Балауса схоластика (IX – XII ғасырлар). Бұл кезеңде ғылым, философия, теология әлі бір-бірінен ажырамаған, бірақ ақыл-ой әрекетінің жемісі мен құндылығын түсінуді және универсалийлерге (жалпылық) байланысты пікірталас негізінде ақыл-ойға сенімнің үстемдігін жүргізуді және сол үстемдіктің "заңдылығын” дәлелдеуді өзіне мақсат етіп қойған схоластикалық тәсіл қалыптасты. |
Қызылтас (1283 м). Қызыларай (1565 м). Кешубай (1559 м). Кент (1415 м). Қарақуыс (1342 м). Қарқаралы (1403 м). Қу (1356 м) аласа таулары және бұлардың маңындағы кейбір біршама ұсақтау көтерілімдер жиыны негізгі орографиялык жене суайрықтық ядроны түзеді. Бұл аймақтан Теңіз алабының өзендері Шерубай-Нұра мен Нұра, Ертіс езенінің алқабы бағытындағы Түндік және т.б., сондай-ақ Балқаш өзенінің алабына жататын Мойынты, Жамшы, Токырауын, Дағанделі езендері басын алады. |