Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 1756
Показано материалов: 471-480
Страницы: « 1 2 ... 46 47 48 49 50 ... 175 176 »

Күйшілік ұялардың бұлай бөлінуінің жүйесін алғаш ұсынған Ақселеу Сейдімбек болды ( «Күй шежіресі» монографиясы), оған дейін мұндай мектеби жіктеу жасалған емес. Бұл күй тарихы мен орындалу мәдениетіне дұрыс бағдар бере алатын нақты әрі дәл анықтама болды.  Қазақ күйлерінің аймақтық ұяларының мұнан да басқа әлі айқындала қоймаған күйшілік мектептер бар, олардың көбісі өзінше төбелі мәнер болғанымен аз ескеріліп жүр. Алтай күйшілік мектебінде – Тарбағайлық, Арқада – Тоқырауындық, Жаңа арқалық, Жетісуда – Таластық, Қаратауда – Күнгейлік, Жиделібайсында – Аралдық, Ордада – Оралдық, Түбекте – Үстірттік (Түркіменше шалу мәнері) мектептер қалыптасқан, және олар жеке күйшілік ұя болуға әбден лайықты. Бұлардан өзге Іле, Шығыс Түркістан мен Байөлке жеріндегі күйшілік те өзінше төрге шығуға тұрарлық мәнерлі мектептер. 
Барлық реферат | Просмотров: 878 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Әрине, осы аймақшылықтарын өз ерекшеліктері, яғни бір – бірінен айырмашылығы бар. Мысалы, Құрманғазы мектебі дауылды, оң қолының ауқымы кең және динамикалық күшінің болуы, Дәулеткерей мектебі биязы, лирикаға әсемдікке жақын, оң қолдың қағыс шеңбері «тар» болады. Қазанғап өзінің саздылығымен, күйдегі ұзақтықтың (размер), қағысымен ерекшеленсе, Дина мектебінде де өзіндік ерекшелігі бар: өзгеріп кететін ырғағы, оң қолдың бес саусағының бірінен соң бірін кезектестіре ойнау, Маңғыстау мектебі сүйрете қағуы (триольді тез алуы), шалыс қағыс алынуы, күй тарту кезінде қағыстармен оң қолдың түрліше ойнату. Арқа мектебінің басты айырмашылығы шертіп тартылуы, сол қолдарының аппликатурасы, сондай – ақ ол дәстүр күйлерін «текстсіз ән» деуге болады, Жетісу күйлерінде қағыс қағу, перне басу амалдары және саздық ерекшеліктері,эпикалық тұрғыдағы аңыз - әңгімеге лайық ежелгі күй сазын байқатады.  Қаратау мектебі шертпе және төкпе қағыстар аралас болып келсе, Алтай – Тарбағатай мектебі де ән тектес, ойнақы, бір сазды ән регистрде қайталау.
Барлық реферат | Просмотров: 2633 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Тік күйлер болса, өмір құбылыстарын тыңдаушысына елестетіп отырады. Тік күйлер өмірдің қызық да күрделі құбылыстары туралы дыбыспен сурет салады, дыбыспен баяндап береді. Әрі қарай тыңдаушысы өз өресі, өз сезім түйсігі жеткен жерге байлам жасайды, белгілі бір әсерге бөленеді.Тік күйдің классикалық үлгілері ретінде Құрманғазының «Ақсақ киік», Әшімтайдың «Қоңыр қаз»,  Нұрғисаның «Аққу» сияқты күйлерін атаған жөн.

Бойлаулық күйлер көбінесе жоқтау сарынымен өмірдің қайғылы, зарлы сәттерін бейнелейді. Мәселен Ықыластың «Ерден», Әбдидің «Қосбасар» күйлері.

Барлық реферат | Просмотров: 1206 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Арабы кілем – бұл негізінен түксіз тоқылатын, екі жағы, бас-аяғы, оң-терісі бірдей, тұтуға да, төсеуге де, ілуге де мейлінше ыңғайлы, төзімді әрі салмағы жеңіл кілем. Көнекөз шеберлердің айтуынша ерте замандағы осы дүние түпнұсқасында араб харпіне ұқсас өрнектер болса керек. соған сәйкес арабы кілем деп ат қойылған екен. Сол үшін де бағалы саналып еденге төселмей, таза ұсталатын үйдегі бір киелі дүние ретінде қалыптасқан. Уақыт өте келе ол қазақы өрнектерге айналып сіңісіп кеткен.
Барлық реферат | Просмотров: 1824 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Ақан Сері, А қ ж і г і т  Қ о р а м с а ұ л ы — ақын, әнші, композитор. Ақан 1843 ж. бұрынғы Көкшетау (қазіргі Ақмола) облысындағы Үлкен Қоскөлдің маңында туған. Әуелі ауылда, содан соң Қызылжардағы Уқли (Ахметуқли) молдадан оқыған. 16 – 17 жасынан өнер жолына түскен. Бірінші әйелі Жұман қызы Бәтимадан туған жалғыз ұлы Ыбан (Ыбырайым) тілсіз, мылқау болған. Бәтима өлген соң, аз күн отасқан әйелі Ұрқияға «Хат жаздым қағаз алып, қалам, сия» деген өлеңін арнаған. Тірідей айрылған сүйген қызы – Ақтоқты. Бұл – аты аңызға айналған оқиға. Ақтоқты есімі Ақан шығармаларынан кең орын алды. 
Барлық реферат | Просмотров: 1412 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Біржан сал, Біржан Қожағұлұлы – әнші, композитор, ақын. Ол 1834 ж. Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында дүниеге келіп, 1897 ж. алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары. 1865 ж. Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді.
Барлық реферат | Просмотров: 2418 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Адамзат тарихында XX ғасыр мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені, бұл кезең тарихи оқиғаларға, қантөгіс соғыстарға, санқилы дағдарыстарға толы сындарлы заман болды. Ғылым мен техниканың қарышты қадамы, жарқын болашаққа деген сенім өркениетті дамыған елдерде біртұтас жалпы адамзаттық мәдениеттің дамып, қалыптасуына әсерін тигізбей қойған жоқ. Ғасыр аяғында планетамызда парасаттылық пен ізгіліктің кеңінен өріс алуы жалпы адамзаттық мәдениеттің дамуына және оның ұлттық түрлерінің нәрленуіне, олардың өзара қарым-қатынастарының жаңа арнаға түсуіне ерекше әсер етті.
Барлық реферат | Просмотров: 2679 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Белгiлi этнограф, жазушы Қажытай Iлиясовтың сөзiне сүйенсек, «Наурыз» ай атауы емес, мереке атауы болуы керек екен. Әрине, салмақтап айтылған ой. Тәңiрлiк дүниетанымды алғаш мiнәжаттаушы Зоратаның пәтуаларына құлақ асар болсақ, күн мен түннiң теңелуi «мәңгiлiк өмiрдiң басталуы» ретiнде айрықша мән берiлiп, бiр жылда жетi рет тойланатын болған екен.
Бұл дәстүрдi тудырушы көшпендiлер екендiгi де негiзсiз емес. Кейiннен бұл дәстүр парсылардың да табиғатымен ұштасып, күн мен түннiң теңелген мерзiмi олардың тiлiнде «Наурыз» деген атауға ие болды. Өздерiңiз бiлетiндей, парсы тiлiнде нау - жаңа, рұз - күн деген мағынаны бiлдiредi. Кейiннен Ислам дiнi көшпелiлер өмiрiне енген кезде өзiмiз тудырған осы бiр ұғым дендеп сөзiмiзге ендi. Наурыз - мереке күнi болатын болса, ендi ай аты болып қалыптасып кеттi.
Барлық реферат | Просмотров: 1045 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Орда – салтанатты, жоғарымәртебелі адамдар басын қосатын елдік мәселе шешетін немесе аса құрметті хан, би, сұлтандар отыратын үй. Мұның да бірнеше түрі бар.

Алтын орда – 30 қанаттан (керегеден) тұратын хамәжіліс ордасы.

Алтын үзік – 24 қанаттан тұратын аса лауазымды хан отбасы тұратын үй.

Ақ ала орда – 8 қанатты дәулетті бай үйі.

Ақ үй – 6 қанатты дәулетті бай үйі.

Барлық реферат | Просмотров: 1273 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

Үй жиһаздары – үй ішіндегі дүние-мүліктердің жалпы атауы.

Адалбақан – киім ілуге арналған ашалы, ою-өрнекті ағаш.

Асадал – ыдыс-аяқ қоятын жәшік.

Әбдіре – зат, киім, бұйым салып қоятын үлкен сандықтың қарапайым түрі.

Сандық – зат салатын оюлы, сырты темірмен қапталған үй мүлкі.

Барлық реферат | Просмотров: 2084 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 03.01.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 451-460 461-470 471-480 481-490 491-500 ... 1741-1750 1751-1756