Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 451-460 |
Страницы: « 1 2 ... 44 45 46 47 48 ... 175 176 » |
Батырлық жырлар, батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Б. ж. халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. |
Көне Рим әдебиеті Б.д.д. ІІІ ғ. ортасында Жерорта теңізінің батыс жағалауында, Италияда, антикалық әдебиеттің екінші бөлігі – рим әдебиеті өркендей бастайды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен байланысты болды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен бірге дамыған, бірақ ол латын тілінде шығарылды, себебі Рим латын тайпаларының орталық қауымы болды. |
«Абай жолы» - Мұхтар Әуезовтың әлемге әйгілі тарихи романдар топтамасы - қазақтың тұңғыш эпопеясы. 1-кітабы 1942, 2-сі 1947, 3-сі 1952, 4-томы 1956 ж. жарыққа шықты. Эпопеяның «Абай» атанған алғашқы екі кітабына КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1949), «Абай жолының» тұтас төрт томына Лениндік сыйлық (1959) берілді. «Абай жолы» арқылы қазіргі қазақ прозасы күллі дүние жүзі әдеби классиканың шырқау шыңына шықты. Сөйтіп, 19 ғасырдың 40-50-жылдарын М. О. Әуезов туған әдебиетіміздің даму тарихында бұрын-соңды болып көрмеген ренессансқа айналдырды. Мұның өзі заңды да, өйткені «Абайдай» шығарма бұл тұсқа дейін қазақ әдебиетінде болған емес».[1] «Бұл да аз,- деді француз жазушысы Луи Арагон,- әлемнің басқа елдерінде де онымен тең түсетін шығарма табу қиын; бұл, менің ойымша |
Абайтану — қазақ әдебиеттану ғылымының саласы. Абайтану Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық, эстететикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерін қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы , Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады. Бастауы |
Теория (гр. theorіa – пайымдау, анықтау)– белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым. Теория өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалық байланыста болатын біртұтас білім жүйесін құрайды. Теорияның мазмұны белгілі бір ұғымдар мен тұжырымдарға негізделіп, арнайы логикалық-методологиялық принциптер мен ережелерге сүйеніп баяндалады. |
Ноғайлы дәуірінің әдебиеті – Алтын Орданың ыдырау кезеңі мен қазақ хандығы құрылғанға дейінгі әдебиет. Ноғайлы дәуірі 14 – 16 ғ-лар арасын қамтиды. Бұл кезеңдегі этн. топтар сары, қара, маңғыт және Кавказ ноғайлары болып бірнеше тармаққа бөлінді. Сары ноғайлар (татарлар) Алтын Орда құлаған соң Қазан, Қырым, Астрахан, Қасым хандықтарын құрды. Қара ноғайлар (барабы татарлары) он сан ноғай хандығын орнатты. |
E-Learning электронды оқыту бағдарламасы Елбасының тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі 2010 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан Білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. 2011-2020 жылдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес республикада E-Learning электронды оқыту жүйесін енгізу көзделген. 2015 жылға электронды оқытумен білім беру ұйымдарының 50 пайызын қамту, 2020 жылға көрсеткішті 90 пайызға дейін жеткізу мақсаты қойылған. Электронды оқыту E-Learning жүйесі жаңа ақпараттық қатынастық технологиялардың кең мүмкіндігі арқылы жалпы орта білім берудің көптеген маңызды мәселелерін шешуге ықпал етеді. |
Қазақ бағзы замандардан бері он екі жылды бір мүше санап келген. Мүшел жылдар 12 түрлі хайуан атымен аталады. Бұлар төмендегідей: 1- жыл(басы)- тышқан, 2 жыл –сиыр, 3 – барыс, 4 –қоян, 5 – ұлу, 6 – жылан, 7 – жылқы, 8 – қой, 9 – мешін, 10 – тауық, 11 – ит, 12- доңыз. Аталған жылдардың жартысы үй хайанаттары да, қалғаны – түз тағылары. Сонымен 12 жфлдан кейін 13 – жыл тышқаннан бастап, осы мерзім бір мүшел деп аталады. Мүшел жылдың басын қашанда 22-наурыздан санайтын болған. |
Бұл кітапта Наурыз хақындағы ақиқат, Ажам патшалары дәуірінде оның қайсы күндері болғаны, қай патша жария еткені және неге онватап өткені, сондай-ақ сол кездегі патшалардың басқа да салт-әдеттері, өзге де іс-әрекеттері мен ұстанған жолдары баян етіледі. Наурыздың жария етілуі себебін айтар болсақ, оны былайша түсіндіруге болады: Аптаның (күннің) екі айналуына орай, олардың бірі төмендегінше – Аптап әр үш жүз алпыс бес күн ішіндегі тәуліктің төрттен бірінде Амал айының бірінші минөтіне шығып кеткен кезінің өзінде тағы да орнына қайтып келеді және жыл сайын бұл кезең кеми береді. |
Ата-бабадан жалғасып келген бұл Наурызға 1926 жылы Кеңс өкіметі ресми тыйым салды. Тек араға 62 жыл салып, 1988 жылы Мұхтар Шаханов бастаған бір топ ұлт зиялыларының арқасында Наурыз қазаққа қайта оралып еді. Содан бері 22 жыл өтіпті. Сол кезеңде уақыттың тығыздығын сылтау еткен Колбинг «Наурызды 22 сәуір тойлайық» деген уәж де айтылғанын бұл күнде біреу білса, біреу білмес. Жалпы, Наурыз мейрамының халыққа қайтып оралғанын ел әркез есіне ұстағаны жөн. Өйткені ол – ұлт тарихындағы жеңісті сәттердің жарқын белгісі. |