Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 461-470 |
Страницы: « 1 2 ... 45 46 47 48 49 ... 175 176 » |
Сәлем бердік! Жас Наурыз – жылдың басы! Жұртың күткен мінекей, ықыласы. Көжесін қып, күйбеңдеп, басын асып Бермек әркім барынша қонақасы – Деп рухани көсеміміз Ахаң – Ахмет Байтұрсыноа айтқандай, бұл күні қуанбайтын, шаттанбайтын адам баласы жоқ. Оның себебі, Наурыз – жыл басы, көктемнің басы, ынтымақ, ырыс күні. Демек, бұл күн – бірнеше мереке мен тойдың басын қосқан күн. Оған қоса пәктік, жаңару, жаңғыру, бірлік, тазалық, табысу, жүз көрісу сияқты адамгершілік қалып-қағидаларды атйсақ, аталған күннің береке дуасы, тіпті, арат береді! |
Наурыз айында жаңа жыл еніп, жер бусанып, күн күркіреп, жаңбыр жауып, көк дүркірегенде ауыл адамдары далаға шығып саумалық айтып, қуанышты көңілмен жақсы тілек тілейді. Оны өлеңмен айтады. Саумалық, саумалық Наурызымның көк құсы Ұйқыдан көзің ашты ма? |
«Үлкеннен – үлгі, ағадан – өнеге, атадан – ақыл» дейді көнелер сөзі. Менің де азды-көпті айтып жүргендерім – ақ сақалды аталар мен ақ шашты әжелерден естігендерім мен көзбен көріп, көкйгк түйгендерім. Қазақ сияқты көшпенді жұрттың Наурыз мерекесін қастерлеп-қасиеттеп атап өтуде үлкен мән жатыр. Тіршілік-тынысы мал шаруашылығымен тікелей байланысты болғандықтан, қыс бойы тар қыстауда қысылып, сайдың сағасын, таудың ығын паналап, малын жұттан, жыртқыш аңнан аман-сау алып шығудың өзі қаншама күш-қайратты, төзімділікті өқажет етеді десеңізші! Наурыз келгенде қыс құрасуы босап, жер арқасы жібіп, жаңа тіршілік басталып, табиғат-ана түлей бастайды. Жан-жануар мен өсімдік әлеміне жан кіреді. |
Наурызнама – шат-шадыманды ойын-сауық, той. «Ол күнде Наурыз деген бір жазғытұрым мейрамы болып, наурызнама қыламыз деп той-тамаша қылады екен (Абай). Кей жерлерде Наурыз тойы деп те аталады. Бұл күні үлкен болсын, кіші болсын осы мейрамға келіп, көңілді ойын-сауықтар жасалады. Мұнда шіріп ішу, ренжісу сияқты жағымсыз әдеттерге қатты тыйым салынған. Тойға ат жарыс, палуан күрес, басқа да спорт бәсекесі, айтыс, түрлі ойындар мен көңілді жұмбақтар, ән, өлеңдер, наурыз жырлары айтылады. Әркім үлкендерден бата тілейді. Наурызнама бұрын 3-9 күнге созылатын |
Түске таман ауыл адамдарын нарқазан көтеріп от жағады. Қазанның басқа ыдыстарға қарағанда қазақ өмірі мен мәдениетінде алатын орны жоғары. Қазақ дастарқанына түсетін тағамдардың барлығы да (қымыздан басқасы) осы қазаннан өтеді. Халық жай ғана қазан демей оны «қара қазан» деп қастерлеп айтады. «Қара» сөзі қасиетті, киелі, көне, берекелі деген ұғымды білдіреді. Қазан шойыннан құйылады, ұстағанға қолайлы төрт құлағы бар. Он екі қарыс қазан немесе тай қазан деп ең үлкенін атаған. |
Ежелгі түріктер Ұлыс күндері жаңа киімдерін киіп, сақал-мұрттарын түзеп, шаштарын алады. Алты күн садақ тартып машықтанған соң, жетінші күні алтын теңге-жамбы атып жарысады. Егер кімде-кім жамбыны бірінші болып атып түсірсе, сол адамған «бір күн» патша болып, ел билеуге ерік беріледі Наурыз жырында: Құл құтылар құтылар, Күң құтылар сырықтар, - Деп жазғандай, осы күні ертеңгі гректердің патшасы да алтын тағынан түсіп, қол астындағы өзіне ұнаған құлына бір күн ел басқартқызады. |
Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй-ішінің біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде-кем болған. Осы орайда халық арасында сұрақтар пайда болуы мүмкін. Осы домбыра, күй сөздері қайдан шыққан? Нені білдіреді? Ол қай кезден бар? Неге домбыра қазақ арасында соншама кең таралған? Осындай сұрақтарға жауап іздеп көрелік. |
«Күй» сөзі түрік тілдерінің деректерінде XI ғасырдан бері белгілі.Махмұд Қашқаридің әйгілі еңбегі «Дивани лұғат ит түрік» атты сөздігіндегі «көк» (қазақта күй болып айтылады) деген атау аспапты музыканы да , әнді де білдіреді. Осы күнгі татар тілінде де «күй» сөзі аспапты музыка мен вокалдық музыкаға ортақ қолданылады. XVI ғасырдан бермен қарай «күй» сөзі тек аспапты музыканы ғана білдіретін мағынаға ие болады. |
Екінші, оғыз қыпшақ кезеңінің (VI-XII ғғ) күй аңыздары. Бұған Қорқыт ата аңыздары, «Абыз толғауы», Саймақтың сары өзені», «Балжыңгер» сияқты күйлердің аңыздары жатады. Осы заман Қорқыт заманынан деседі. Қорқыт IХ- ғасырда өмір сүрген аңыз кейіпкер. Ол Шыңғыс Уалиханов айтқандай: « Қорқыт алғаш қобыз тартып, сарын айтуды үйреткен ең бірінші бақсы». Бақсылық дәстүрді ұстай отырып, қазақ музыкасының негізін қалыптастырды десе болады. 1975 жылы фольклоршы Мардан Байділдаев және қобызшы Мұсабек Жарқынбеков қызылордалық қобызшы Ысмайыл Шәменұлынан Қорқыттан қалған 10 шақты күйін жазып алды. |
Ноғайлы кезеніңде туған музыкалық және фольклорлық мұралардың санатына «Жошы ханның жортуылы», «Шора батыр», «Әмір асқақ», «Қамбар күйі» сияқты халық күйлерімен бірге, Кетбұғаның «Ақсақ құлан», Асанқайғының «Ел айырылған», Қазтуғанның «Сағыныш» күйлерін және олардың аңыздарын жатқызуға болады. Төртінші, Жоңғар шапқыншылығы кезіндегі (XVII-XVIII ғғ) күйлер мен күй аңыздары. Осы екі ғасырда созылған алаапыран халықтың сан-сала рухани мұрасында шыншылдықпен, тарихи деректілікпен орын алды. Аңыз-әңгіме, жыр-дастан, толғау-термелерден бастап, ән-күйге дейін халықтың азатшыл рухы аста-төк көрініс тауып отырды. Осы кезең өзінің рухына лайық Бұқар, Тәтіқара, Қанай, Толыбай, Төле, Қазыбек, Әйтеке сияқты шешен-билерді, жыршы- жырауларды дүниеге әкеліп, олар қара халықтың күйзелісі мен қаһарман ерлігін өлмес өнер тілінде бейнелеп отырды. |