Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 431-440 |
Страницы: « 1 2 ... 42 43 44 45 46 ... 175 176 » |
Қатал қыстың құшағына енген табиғат қыс бойы бір баяу ағынмен марғау қимылдайтын тәрізді. Анда-санда соққан боран, сақылдаған аяз самарқау қысқы дала тіршілігіне бір мезгіл ғана ширақты, қатаң мінез беріп, қатты ашумен аунақшытып алады да, кенет тоқтай қалады. Бұдан кейін дала өзінің қалыпты баяу сарынына түседі. Сірескен көк құздар астында теңіздер мен дариялар да жуас, бір қалыппен жылжиды. Дамылсыз сыбдыраған ағаш бұтақтары да өздерінің шолпыларын жоғалтқандай қозғалады. Сай-салада теңкиген аппақ қырлар. Қаһарлы қыс дүниеге өз тәртібін орнатқандай. |
Республикам! Жар сүйер, ана сүйер жүрегіммен сені қызғана, елжірей, қуана сүйемін, сен менің қан тамырыма, соғар жүрегіме, кең, тынысыма ұқсайсың, сен ете қымбатсың! Менің ата-бабам «Республика!» дегенді көрген жоқ. «Республика!» деген сөзді естіген жоқ. |
Мен жетім едім. Әр үйдің босағасы менің орным, «тағдырдың» маған арнаған сыбағасы еді, мен босағадан терге аттауды тілемеймін, тек тапжылмай өз орнымда отырып, мейірім мен «бұйрық» күтемін. Онда мейірім мен «бұйрық» бірге жүруші еді, Мейірімі түсіп бір үзім нан берген біреу бір шелек су әкел деп бұйырады, мейірімі түсіп шәй берген біреу бұзауларды қайырып кел деп бұйырады, мен үнемі мейірімін қабылдап, бұйрықтарды орындаушымын... Бұл бұдан қырық жыл бұрын еді. Онда жаңа дүние тумаған, күн әлсіз, түн меңіреу көз болатын. Дәл осы бір шақта, әр ауылда, әр үйде арман зары, арман дастаны жыр болатын. Мен сол зарды, сол дастанды көп тыңдадым. Арман деген сөзді мен сонда естіп, сонда түсіндім. Онда арман етегі келте, арман жеңі қысқа еді. Біреу ол кезде астына ат мінуді арман етсе, енді біреу қарны тойып тамақ ішуді арман ететін, біреу басына баспана табуды арман етсе, енді біреу әйел алып жар құшуды арман ететін. Міне, мен тыңдаған ол замандағы арман дастандарының негізгі сарыны осылар. |
Қарт Оралдың күнгейінен шығыстағы сонау Құлынды даласына, Қызылжардың терістігіндегі қайың жалдарынан Қарағандының көмірлі өңірлеріне дейін жалпақ дүниені жайлап жатқан Тың өлкесі. Батысынан шығысына дейін 1300 шақырымға, солтүстіктен оңтүстігіне дейін 900 шақырымға созылған. Алты жүз шаршы мың километр ұлан-байтақ осынау жерді алып жатқан бұл өлкеге Франция, Бельгияның екеуін қатар сыйғызуға болар еді. |
Аударма әдебиеттің маңызы, оның қазірде алып отырған орыны, бұл жұмыстағы кемшіліктер туралы талай мақалалар жазылып, талай баяндамалар жасалып, қаулылар алынып жүр. Бірақ та баяғыдағы кемшіліктер әлі де жойылмай келеді, аударма әдебиет туралы сөз болған сайын баяғы бір кемшіліктер қайталанып айтыла береді. Ол кемшіліктер, қорыта келгенде мыналар: а) аударма кітаптардың көпшілігінің сапасы төмен, тілі нашар, мағынасы бұрмалануымен қатар, көркемдіктен жұрдай; мұның басты себебі — аударма жұмысы кім көрінгеннің қолында олжа болып, бұған әдебиетке үш қайнаса сорпасы қосылмайтын адамдар араласып кетті; б) аудармашылардың еңбегі ешбір жерде зерттелмей, қорытылмай келеді, ғылыми, творчестволық ұйымдарымыз, газет, журналдарымыз, сыншыларымыз аударма әдебиетке көңіл бөлмейді, жақсысын үлгі етіп, жаманын сынамайды. |
Биыл сізбен колхозда кездесуім мені көп ойландырды. Сіздің өміріңізде кездескен өзгерістерге көз жібере отырып, мен ауыл интеллигенциясының хал-жайына еріксіз көз жібердім. Ауыл мәдениеті, ауыл бойына сіңетін жаңалықтар, ауыл өмірінен қуылатын ескілік дерттері бірсыпыра жағдайда ауыл интеллигенттерінің атымен, солардың әрекеттеріне, тағдырына, істеріне байланысты ма деп ойлаймын. |
Бұдан жүз қырық жыл бұрын 1814 жылы, орыстың ұлы ақыны Михаил Юрьевич Лермонтов дүниеге келді. Құнары мол, мейірімді орыс топырағы адам дүниесіне тағы да бір ұлы ойдың, жалынды жырдың болашақ данышпан тұлғасын келтірді. |
Адам баласы көз тоймастық көркем, өз жүрегін тербетер өмір құбылыстарының кебін поэзияға теңеп сөйлейді. Поэзия анығында сұлулықтың, тереңдіктің, сезім күйінің ең биік мұнарасы емес пе? Міне, Совет Одағының ең көрнекті, ең талантты ақыны Александр Твардовский шығармаларын оқып шыққанда осы бір ғажап көрініс көз алдыңа келе қалады. Я, қазақ бол, не болмаса басқа ұлттың перзенті бол, — оның үстіне ақынмен тікелей таныс болмай-ақ қой, соларға қарамастан, сенін. жүрегіңнің түкпірінде ақынға деген сүйіспендік оты, махаббат оты жарқ етіп тұтанады да сөнбейді. Поэзиялық сұлулық — айқындықта, тіл өнерінің зергердей шеберлігінде, қорғасындай салмақты, оттай жылылығында десек осы қасиеттің бәрін Александр Твардовский жырларынан табамыз, оның шығармалары шындықтай айқын, өмірдей жылы, терең. |
Әр ақынның, әр жазушының әдебиетке келу жолдары ерекше. Ақын-жазушы әмірді, болмысты сол тұрған, жасалған қалпында қабылдай қоймайды, өзін қоршаған өмір шындығынан нәр іздейді, өз көзіне жылы өз жүрегіне жағымды күйлерді қарастырады, өмірге үндесе жалғаса құлаш сермейді. Жазушы мен ақын өз әкесінің ғана емес, өз өскен ортасының перзенті, сондықтан оның өмір шындығынан іздері де, нәр етері де сол бір ортаныңтілек-арманы, жүрек сазы. Ақын адамға әсер етпес, оны қозғамас тіршілік дүниесінде ешбір құбылыс жоқ. Міне, сондықтан ақын шығармаларын оқып отырғанда толып жатқан күйлерді, қат-қабат шындықтарды бастан өткізіп, өмір құбылыстарының тірлік қатынасын естисің. |
Жас ұрпақтарымызды коммунистік рухта тәрбиелеу жолындағы бұл газеттің атқарып келе жатқан ерекше қызметін бір сөзбен атап көрсету қиын. Газет сүйікті, қымбатты газетіміздің, бірі. Бірақ менің айтайын дегенім басқа, біраздан бері көзге түсіп жүрген, жанымызға батып жүрген бір елеулі кемшіліктер туралы болмақ. Бұл сөз достың, шын достың кіршіксіз адал жүрегінен шыққан сөз, біздің «Лениншіл жасымыз» мінсіз болса екен деген тілектен туған сөз. Сонымен менің тоқталайын дегенім «Лениншіл жас» газетінде жарияланып жүрген кейбір мақалалардың өте шұбалаң, сөйлемдері теріс, сөз қолданулары жаңсақ екендігі жайында. |