Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 271-280 |
Страницы: « 1 2 ... 26 27 28 29 30 ... 175 176 » |
Қырым соғысы, Шығыс соғысы (1853 — 56), Ресей мен Ұлыбритания, Франция, Түркия, Сардиния одақтары арасында өткен. 19 ғ-дың орта кезінде өлыбритания мен Франция Ресейді Таяу Шығыс рыногінен ығыстырып, Түркияны өз ықпалына бағындырды. Олар Ресейді Қара т. жағалауынан шеттетіп, Қырым мен Кавказды иеленуді мақсат етті. Түркия еліндегі кейбір топтар Бат. Еуропа дипломатиясының қолдауына сүйеніп, Қырым мен Кавказды Ресейден тартып алуды көздеді. Сөйтіп, Таяу Шығысқа ықпалын жүргізуге жанталасқан патшалық Ресей мен оның қарсыластары арасындағы қайшылық шиеленісе түсті. Ресей бүкіл Түркияны, оның астанасы Стамбұлды, Қара т. жағалауларын, Босфор мен Дарданелл бұғаздарын, Мәрмәр т-н өзіне толық қаратуды көздеп, батыстық әріптестерімен қатынасын шиеленістіріп алды. Ресей православие шіркеуі Палестинадағы "қасиетті орындар” үшін 1852 ж. католик шіркеуімен дау-дамайға барды. Ресейдің "Еуропа жандармы” болуы және Таяу Шығыстағы, Орт. Азиядағы озбырлық саясаты батыс елдерін шошындырып, оларды тойтарыс беруге итермеледі. |
XIX ғасырдың басында Қоқан хандығы Қазақстанның оңтүстік облыстарын, атап айтқанда, қазіргі Қызылорда қаласы мен оның шығыс аудандарын, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының жерін, Алматы облысының батыс аймағын басып алып, оларды елу бес жылдай өз құзырында ұстады. Бір өкініштісі, осы кезеңнің шынайы тарихы әлі күнге дейін толық ашылмай, тым көмескі күйінде қалуда. Қазақ халқының өткенін баяндайтын барлық тарихи әдебиеттер мен зерттеулер жинақтарында да аталмыш кезеңнің сипаты — «Оңтүстік Қазақстан жерін 1808-1864 жылдар аралығында Қоқан хандығы жаулап тұрды» дейтін жалпылама берілген мағлұматтан аспайды. Бекназаров, Наливкин, Вильяминов-Зернов, Назаров, тағы басқа ғалымдар мен жазбагерлердің осы мәселеге қатысты естеліктері де белгілі бір баяндаулардан аттап кете алмайды. Яғни, олардың ешқайсысы біз сөз етіп отырған хандықтың қазақ даласын қалай жаулағаны жөнінде көңіл көншітерліктей деректер келтірмейді. |
ИРАК-КУВЕЙТ СОҒЫСЫ – 1990 – 91 ж. болған соғыс. Осының алдындағы Иран-Ирак соғысы салдарынан Ирак үкіметі Кувейтке 20 млрд. АҚШ долл-ы көлемінде қарыз болды. С.Хусейн үкіметі Парсы бұғазындағы Кувейттің мұнай қорлары Иракқа тиесілі деп есептеп, қарыз төлеуден бас тартты, әрі аталған жерлерді Иракқа беруді талап етті. 1990 ж. 2 тамыз күні Ирак әскерлері Кувейтке басып кіріп, елді толығымен жаулап алды. 8 тамыз күні Ирак үкіметі Кувейттің Иракқа "толығымен әрі біржолата қосылғандығын” жариялады. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ирактың Кувейтті басып алуын заңсыз деп тапты және әскерлерін елден дереу шығаруын талап етті. 1991 ж. 15 қаңтарда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Иракқа Кувейттен әскер шығаруға белгілеген мерзімі бітті де, 17 қаңтар күні 29 мемлекеттен тұратын біріккен күштер |
САҚТАР — ерте темір дәуірінде Қазақстан, Таулы Алтай, Орта Азия, Солт. Үндістан, Ауғанстан өлкелерін мекендеген тайпаларға байланысты көне дәуірден жеткен жазба деректер арқылы танымал жалпылама атау. Сақ бірлестіктері туралы мәліметтер кездесетін негізгі жазба деректер екі топтан тұрады: 1) антика дәуірінің авторлары (гректер) — Геродот (б.з.б. 5 ғ.), Ксенофонт (б.з.б. 6 — 5 ғ-лар), Птоломей (б.з.б. 2 ғ.), т.б. жазба деректері; 2) ахемен әулетінен (көне парсы) қалған сына жазулар (Бехистун сына жазуы, т.б.). Ішінара Қытай деректерінде де "се” тайпалары аталады. Жазба деректерде кездесетін "сақтар” және олардың түрлі тайпаларының атауларына байланысты мәліметтер қысқа, үстірт айтылғандығымен ерекшеленеді, толық, неғұрлым көлемді сипаттамалар жоқ. Парсы жазбалары тұрақты түрде "сақ” атауын қолданса, грек деректері бұл тайпаларды "Азия скифтері” деп атайды. |
ИСПАНИЯДАҒЫ АЗАМАТ СОҒЫСЫ – 1936 – 39 жылдары Халықтық майдан мен ген. Франко арасында болған соғыс. 1931 ж. сәуірде Испанияда революция болып, республика жарияланды да, саяси күштер екі топқа жіктеле бастады. Оңшыл күштер әскерилермен және фашистік топтармен бірлесті. Солшыл күштер (социалистер, коммунистер, кәсіподақ өкілдері) Халықтық майданға бірікті. 1936 ж. 16 ақпанда өткен парламент сайлауында Халықтық майдан жеңіске жетіп, М.Асанье басқарған үкімет құрылды. Олар саяси тұтқындарды босату, жалақыны көбейту, шаруаларға жер беру, т.б. шараларды жүзеге асырды. Бірақ, 1936 ж. 17 шілдеде Испания Мороккосында ген. Ф.Франко басқарған әскерилер төңкеріс жасады. Қле-шала жер-жерде әскери бүліктер бас көтерді. Испанияда азамат соғысы басталды. |
КӨКМАРДАН – Отырар өңірінде 1 – 7 ғ-ларда болған қала орны. Арыс өз-нің сол жағасында, Көкмардан жайлауында орналасқан. Отырар жазығындағы ортағасырлық қалалардың ең ірілерінің бірі. 1977, 1978 – 83 жылдары Оңт. Қазақстан археол. экспедициясы (жетекшісі К.А. Ақышев) зерттеген. Қаланың орт. бөлігі қазір сол-тен оңт-ке қарай созылып жатқан биікт. 15 м және аум. 3,2 га төбе түрінде сақталған. Қаланың неғұрлым биік солт. бөлігінде биікт. 16 м қамал-сарай орны бар. Мұның үстінде аум. 25*25 м алаңқай орналасқан. Ормен қоршалған және қазір Арыс өз-нің жайылма суы толған орт. төбенің айналасына тік бұрышты және дөңгелек төбелер пішіндес рабад бар. Оның аум. 4 га. |
САУРАН — ортағасырлық қала. Оңт. Қазақстан обл. Түркістан қ-нан солт.-батысқа қарай 35 км жерде. Қалашықты 1866 ж. А.К. Гейнс, 1867 ж. П.И. Лерх, 1947 ж. Оңт. Қазақстан археол. экспед. (жетек. А.Н. Бернштам), 1967 ж. Жетісу археол. экспед. (жетек. К.Ақышев), 1986 ж. Қазақстан ҒА Археол. ин-тының археол. экспед. зерттеген. 2004 ж. Оңт. Қазақстан кешенді археол. экспед. қазба жұмыстарын жүргізді. Биікт. 6 м қабырғамен қоршалған қалашықтың өлшемі солт.-шығыстан оңт.-батысқа қарай — 800 м, солт.-батыстан оңт.-шығысқа қарай — 550 м, мәдени қабатының биікт. 2 м. Жазба деректерде 10 ғ-дан бастап кездеседі. Әл-Магдиси ол туралы "Сауран (Савран, Сабран) үлкен қала, оны жеті қатар қамал қоршаған, рабады бар, мешіті қаланың ішінде орналасқан” деп жазған. Шыңғыс ханның шапқыншылығы туралы деректерде С. аталмайды. 13 ғ-да Сырдария арқылы өткен армян патшасы Гетум С-ды Савран деген атпен Сығанақ (Сгнах), Қарашық (Харчук), Иасы (Асон) қ-ларымен бірге атаған. Содан кейінгі деректерде қала аты аталмайды. |
Түркістан автономиясы, Қоқан автономиясы, Түркістан мухторияти – 1917 ж. 28 қарашада Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында құрылған мемлекеттік құрылым. Өлкедегі барлық билікті өз қолына алуға ұмтылған Ташкенттегі Түркістан Халық комиссарлары кеңесіне балама түрде Қоқан қ-нда Түркістан өлкесі мұсылмандарының төртінші съезі шешіміне орай құрылды. Осы съезде оның Уақытша үкіметі мен заң шығарушы органы – Түркістан ұлттық кеңесінің құрамы сайланды. Т. а. Уақытша үкіметінің төрағасы (премьер-министрі) болып М.Тынышбаев сайланғанымен, көп ұзамай оның бұл қызметтен бас тартуына байланысты төрағалыққа Мұстафа Шоқай тағайындалды. 1 желтоқсан күні Т. а-ның Уақытша үкіметі өлке халқына арнап үндеу жариялады. |
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГІ ҚАЛАЛАРЫ – жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 – 9 ғ-ларда Оңт. Қазақстан мен Оңт.-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемл. төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломат. байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімш. және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Оңт. Қазақстандағы ең ірі қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. |
Сарайшық - ортағасырлық қала. Атырау қаласының солтүстігінен 55 километр жерде Жайық өзенің оң жағалауында орналасқан. Қала іргесі 11 ғасырда қаланған. Алтын Орда дәуірінде Кавказ бен Қырымды Қарақорым, Қытаймен байланыстырған керуен жолы бойындағы маңызды діни, саяси-экономикалық орталық. Алтын Орданың, қазақ және ноғай хандарының алғашқы пантеоны. Қаланың гүлденген дөуірі 13 - 14 ғасырлар аралығы. Алтын Орданың күйреуіне қарай қала әлсірегенімен артынша Ноғай ордасының астанасы атанып, қайтадан дәуірледі. Қасымхан тұсында Қазақ хандығының алғашқы астанасы болды. 1580 жылы Дон, Еділ казактарының Жайық бойына дендеп кіріп, тағылық шапқыншылық жасау нәтижесінде Сарайшық біржолата қирады. Кейін гүлденген кала орнына Ресей патшалығы отаршылдық бекініс салды. |