Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 91-100 |
Страницы: « 1 2 ... 8 9 10 11 12 ... 175 176 » |
Банк менеджменті. Менеджмент – ұйымдастыру және басқарудың оңтайлы жүйесі туралы ғылым. Менеджменттің мағынасы әр түрлі. Менеджмент сөзі тар мағынасында белгілі бір адамдар тобын ұйымдастыру мен басқаруға қатысты болса, оны кең мағынасында банктің қызметі мен оның қызметкерлерін ұйымдастыру, басқарумен байланыстырады. Менеджменттің негізін өз ісін басқару субъектісін білу, өз еңбегі мен ұжым жұмысын ұйымдастыру қабілеті, сондай-ақ өздігінен даму және шығармашылық қызметке ынта таныту сияқты адамдық фактор құрайды. |
Маркетингтің пайда болу тарихы көне замандарда жатыр. Маркетинг қызметінің алғашқы формасы (баға саясаты мен жарнама) ақшалай-тауарлық қатынастың қалыптасуы мен дамуының алғашқы кезінде пайда болды. Тауарлар жарнамасы туралы мәліметті Шумердің, ежелгі Мысырдың, ежелгі Месопотамия мемлекеттерінің тарихи құжаттарынан кездестіруге болады. |
Бальцерович бағдарламасы (пол. Plan Balcerowicza) — Польша Республикасының қаржы министрі Л. Бальцеровичтің елді әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығару мақсатында ұсынған жоспары. Бальцерович бағдарламасы Экономикалық жүйенің негізі мемлекеттік меншікті жекешелендіру арқылы жоспарлы экономиканы нарықтық негізде жаңадан құруға бағытталды. Оның негізгі тұжырымдамалары: 1) инфляцияны шектеу үшін бағаны ырықтандыру және ақша табысын шектеу саясатын жүргізу; 2) мемлекеттік бюджет тепе-теңдігін қалыптастыруға жету; 3) тауарлар мен қызмет көрсету рыногын теңестіру; 4) қоғамдық негіздегі кәсіпорындардың нарықтық экономика талаптарына бейімделуін қамтамасыз ету; |
Макроэкономика. «Макроэкономика» пәні экономикалық оқу орындарында оқытылатын негізгі теориялық базалық курстың бірі болып есептеледі. Макроэкономика ғылым ретіңде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді экономикалық теориялар мен үлгілер түрінде жүйелеп қорытуға арналған. Мұнда экономика біртұтас жүйе ретінде қарастырыла отырып, тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің жалпы көлемін және оның өсуін, инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейін, валюталардың айырбас бағамдары мен төлем балансының жағдайын зерттеді. |
Қай саладағы кәсіпорындар мен ұйымдар болмасын өз қызметі барысында басқа заңды және жеке тұлғалармен қарым-қатынас жасайтындығы белгілі. Сол уақыттардағы операциялардың барлығы дерлік ақшамен есеп айырысу арқылы жүргізіледі десек қателеспейміз. Ал ақша арқылы есеп айырысу белгілі бір заңға сәйкес жүргізілуді қажет етеді. Біздің елімізде қызмет ететін кәсіпорыңдар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізіп отырады. |
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың қозғалысын ішкі бақылаудың қажеттілігі: а) активтердің түгелдігін бақылау үшін; ә) кәсіпорынның қаржылық саясатпен сәйкестігін қамтамасыз ету үшін; б) бухгалтерлік есепте көрсетілген деректердің сенімділігін қамтамасыз ету үшін және тағы да басқа жағдайларға байланысты. |
Отырар алқабында бірнеше түрдегі қола тенге шығарылды. Бұл теңгелердің бет жағында шаршылы садақ жоне аяқтары бар, конус тәрізді құрбан шалатын орын түріндегі, «X» нысанды таңбалары сияқты белгілер бейнеленген. Оларды Қаңлы мемлекетінің мұрагері болған, орталығы Сырдарияның орта ағысында орналасқан Кангу Тарбан деген түрік бірлестігінің әр түрлі билеушілері соқтырған болса керек. Шу аңғарының қалаларында ақшамен сауда жасаудың дамығанын түргештер мен тухустардың теңгелері дәлелдейді, олар VII — VIII ғасырларда қағанаттарда шығарылған, бірақ XI ғасырға дейін айналыста болды. |
Жалпы Ұлттық Өнім (ЖҰӨ) – макроэкономикалық жиынтық көрсеткіш. Бір адамға шаққанда нақты ЖҰӨ-нің өсімі халықтың тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып табылады. ЖҰӨ бір елдің нарықтық баға бойынша есептелген, жыл бойы шығарған дайын өнімін құрайды. |
Бағалы қағаздардың бұл түрі Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мемлекетімен эмитенттелінетін бағалы қағаз болып табылады. Үкімет өз атынан бағағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қарастыру мен инфляцияны болдырмау жағын қарастырады. Осыған сәйкес Ұлттық банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. |
Қазіргі кезде экономикалық ғылымда баға құралуы экономикалық теория, маркетинг және менеджмент ғылымдарының бір тарауы ретінде қарастырылады. Дегенменде, оны, өзіндік құралы мен әдісі бар ғылым ретінде жеке қарастыруымыз тиіс. Баға құралудың құрамы төмендегідей жайлардан құралады. |