Главная » Файлы » РЕФЕРАТ [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2903
Показано материалов: 941-950
Страницы: « 1 2 ... 93 94 95 96 97 ... 290 291 »

Екінші Балқан соғысы (30.06.1913 — 25.09. 1913) — Грекия, Сербия, Румыния, Түркия мемлекеттері мен Болгария арасында болған соғыс. Лондон бейбіт келісіміне (30.05.1913) соғысқа қатысушы елдердің көпшілігі қанағаттанған жоқ (қ. Бірінші Балқан соғысы). Болгарияға берілген Солт. Македонияға Сербия Адриат т-не шығу үшін көз тікті. Болгарияға қарап кеткен Оңт. Македония мен Бат. Фракияны Грекия басып алуды көздеді. Осы екі мемлекет 1913 ж. 1 маусым күні Болгарияға қарсы жасырын соғыс одағын құрды. Көп ұзамай оларға Бірінші Балқан соғысында бейтарап саясат ұстағаны үшін Оңт. Добруджиді беруді талап еткен Румыния қосылды. Сан жағынан басымдау, әрі Ресейдің көмегімен басқаларға қарағанда жақсырақ қаруланған болгар армиясы Австрия-Венгрияның көмегіне сүйене отырып, 1913 ж. 30 маусым күні түнде күтпеген жерден Оңт. Македонияда тұрған грек және серб әскерлеріне қарсы соғыс қимылдарын бастады. 
Барлық реферат | Просмотров: 1559 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.01.2014 | Комментарии (0)

Тарих – 1) табиғат пен қоғамның уақыт пен кеңістіктегі өткен жолы; 2) адамзат қоғамының өткенін жан-жақты зерттейтін ғылым саласы. Қоғам Т-ы Жер, табиғат Т-ының бір бөлігі және жалғасы болып табылады. Қоғам Т-ы жерде адамның пайда болуына байланысты туды, сондықтан ол – адамзат Т-ы болып саналады.Қоғам Т-ы адамзаттың пайда болуынан бастап бүгінгі таңға дейінгі кезеңде бастан кешкен оқиғаларының, өркениеттердің, жекелеген адамдар мен ұжымдардың атқарған іс-әрекетінің жиынтығы болып табылады. Т-ты жасаушы – халық. Дегенмен, қоғам дамуының белгілі бір сәттерінде жеке тұлғалар халық бұқарасының белсенділігіне ықпал етіп, Т-та елеулі із қалдырады. Сондай-ақ қоғам Т-ы – халықтың зердесі. Ол болып өткен және түзетуге жатпайтын өткен уақыт ретінде бүкіл қайшылықтармен, қаїармандық және қайғылы беттерімен қоса, қандай болса нақ сондай, бүкіл алуан тірлігімен
Барлық реферат | Просмотров: 2205 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.01.2014 | Комментарии (0)

Торғай көтерілісі  он алтыншы жылғы көтерілістің Торғай уезіндегі құрамдас бөлігі. Көтеріліс бастапқыда уездің қыпшақтар қоныстанған Қайдауыл, Аққұм, Қаратоғай, Сарыторғай, Қарақопа болыстарында және арғындар қоныстанған Тосын, Майқарау, Сарықопа, Наурызым, 2-Наурызым болыстарында Ресей патшасының 25 маусымдағы жарлығына мойынсұнбау, болыс басшыларына, тыл жұмысына алынатындардың тізімін жасаушыларға қысым көрсету түрінде жүрді. Т. к-нің екпін алуы барысында Әбдіғапар Жанбосынұлы қыпшақ көтерілісшілерінің ханы, ал Шолақ Оспанов арғын көтерілісшілерінің ханы болды. Кейіннен 21 қазанда 13 болыс (6 болыс арғын, 6 болыс қыпшақ және 1 болыс найман, мадияр) өкілдерінің Жалдама өз. бойында өткен Құрылтайында Жанбосынұлы Торғай у. қазақтарының ханы
Барлық реферат | Просмотров: 1309 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.01.2014 | Комментарии (0)

"Орынбор қырғыздары туралы жарғы” – Ресей өкіметінің Кіші жүз қазақтарын жаңаша басқару мақсатында жасаған шарасы. 1824 ж. наурызда Сыртқы істер мин-нің жанындағы Азия департаментінде бекітілді. Оның жобасын 1822 ж. Орынбор ген.-губернаторы П.К. Эссен дайындады. Бұл жоба бойынша Кіші жүзде хандық билікті жою туралы шешім қабылданды. Кіші жүз ханы Шерғазы Орынбор қ-на шақырылып, Орынбор шекара комиссиясының жұмысына кеңесші қызметіне тағайындалды. Кіші жүз жері – батыс, орта және шығыс әкімш. жүйелеріне бөлініп, оны билеуші сұлтандар басқарды. Жүздің бөлінуі рулардың орналасуына және олардың арасындағы билеуші сұлтандардың беделіне байланысты болды. Сондықтан бөліну аумағы жағынан да, халықтың саны жағынан да біркелкілік болған жоқ. Шекаралық комиссия құрамына төраға, төрт кеңесші, ауқатты қазақтардан тұратын төрт өкіл кірді. Шекаралық комиссияның міндетіне далада тәртіпті сақтау, жергілікті қазақ шенеуніктерінің тіршілігін қадағалау, салық жинау, сот істері, мед. 
Барлық реферат | Просмотров: 1200 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.01.2014 | Комментарии (0)

ҚАЗАҚТАР – Қазақстан Республикасы жергілікті халқының атауы. Қазақстанда қазақтардың саны 10,9 млн. (бұл барлық халықтың 67%-ы), дүние жүзінде – 17 млн. адам (2009). Қ. Қазақстаннан басқа дүние жүзінде 50-ден астам елдерде өмір сүреді. Ең көп диаспорасы Қытайда (2,7 млн.), Өзбекстанда (1,5 млн.), Ресейде (1,2 млн.) шоғырланған. Қ. туралы 16 ғ-дағы дереккөздерінде жазыла бастады. 18 ғ-дың орта шенінде орыс әкімшілігінде казактардан бөліп қарау үшін Қ-тарды «киргиз» деп атады. 1925 ж. Қ-дың өзінің тарихи атауы «қазақ» қайтарылды. Қ. тілі түркі тілдерінің ішінде солт.-батыс (немесе қыпшақ) тобына жатады. Қазақтар дін жағынан – мұсылман-суниттер. 
Барлық реферат | Просмотров: 974 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.01.2014 | Комментарии (0)

Қырым Конференциясы, Ялта конференциясы (1945 ж. 4 — 11 ақпан) — халықаралық келісім. Оған 2-дүниежүз. соғыстағы одақтас үш держава — КСРО, АҚШ, өлыбританияның мемлекет басшылары: И.В. Сталин, Ф.Д. Рузвельт, У.Черчилль, сыртқы істер министрлері, штаб бастықтары, т.б. кеңесшілер қатысты. Қ. к-нда ұрыс қимылдарын Германия тізе бүккеннен кейін ғана тоқтату туралы келісім жасалды. Үш держава басшылары герман милитаризмі мен әсіре ұлтшылдығын жоюға және Германия бұдан былай бейбітшілікті бұза алмайтындай берік кепілдік жасау туралы мәмілеге келді. 
Барлық реферат | Просмотров: 1198 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.01.2014 | Комментарии (0)

Әдебиетті әдебиет тарихы бойынша тексергенде екіге бөлінеді. Бірінші, халық әдебиеті, екінші, жазба әдебиет. Халық әдебиеті деп бір халықтың мәдениет жүзінде жас болып, оқу, оқыту деген нәрселер болмаған надан шағында сол халықтың арасында ауыздан ауызға көшіп, бірден бірге қалып айтылып жүрген: өлең, жыр, ертек, мақал, жаңылтпаш, айырым бесік жырлары, діндар өлеңдер, үлгілі әңгімелер, жын, шайтан, аруақтар туралы айтылған әр түрлі хикаялар, халық дәрігерлігі, олардың жері, сиқырлар, албастылар һәм басқа да осылар сияқты сөздердің бірсыпырасы халық әдебиетіне жатады. Халық әдебиетіңде жоғарғыларды кім айтып, кім шығарғандығы, анық иесі мәлім болмайды. Ескі білетін кісілерден кім ұғып жаттап айтса, сол ие болып, бірден-бірге тапсырылып жүре береді. Ондай белгілі иесі болмаған сездер жалпы халыққа ортақ мүлік есебінде қалып отырады. Сондықтан жоғарғы айтылған адамның құлқына, тіршілігіне пайдалы жалпы халыққа ортақ сөздер халық әдебиеті деп аталады.

Барлық реферат | Просмотров: 1228 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Адам баласы тұтынып келе жатқан ғылым екі түрлі. Бірі күндік керек мұқтаждық шығарған, адам баласының тіршілігіне нық байланысқан ғылымдар. Бірі кең ақыл, терең қиял шығарған адамның жанын тәрбиелейтін ғылым. Алғашқы айтқан ғылымдар да, соңғы түрдегі ғылым да әр тарауға бөлінген. Бірақ соңғы айтқан ғылымның тарауының бәрінің түйіскендегі түп негізі философия болады. Философия грек тілінде хақиқатқа, даналыққа құмарлық деген сөз. Бар ғылымның да құмары — хақиқат. Бірақ бұлардың айырылатын жолы іздеген жолында. Өзге ғылымдар мақсұтына жеткізетін басқыштаған дәлелді адамның көз алдындағы дүниеден алады. Және сол көз алдымыздағы дүниенің жеке-жеке өзгеріс, сырын іздейді. Философияның құралы толғаулы терең ой. Іздейтіні мүтіл[1] дүниенің ең әуелгі сыры, негізгі хақиқаты.
Барлық реферат | Просмотров: 3441 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Июньнің 7-сі күні орыс халқының ұлы ойшыл философы, кемеңгер сыншы, әдебиетшісі және демократ революционері В.Г. Белинскийдің өлгеніне 100 жыл толады.

Белинский 37 жасында қайтыс болған. Саналы еңбек өмірі ұзақ дәурен кешпеген. Бірақ аз жылдық қадірлі еңбек кезеңінде соншалық өнімді өмір кешіп өткен. Тереңдігі мен молдығын теңіздей еңбек деуге болады. Осы еңбегінің үш түрлі ерекшелік сипаты бар еді. Ол: әлеуметшілік, ойшылдық, сыншылдық. Еңбектерінің барлығын халыққа пайда келтіріп, жәрдем ету үшін сарп еткен. Бұл - бір сипаты. Әрбір еңбегін қоғам тартысына арналған акт, үлкен әрекет есебінде түсінген. Бұл жағынан өзі туралы "Мен бұл әлемде алысушымын" деген-ді.

Барлық реферат | Просмотров: 1399 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

Таудың жалтыр, ашық күні қуанта шықты. Биіктен қарағанда көкжиек шексіз боп кеңейіп, жырақтаған. Аспанда шаңқылдаған қыран ғана жүреді дегендей биікте отырмыз. Әуе таза, дүние жым-жырт. Биіктеген сайын үнсіз, мол сабырлы, кең тыныштық бар. Табиғат даналық танытады.

Зор биіктің бәрінің басы ұзақ тыныштыққа шомып тұрса керек. Тегі, үлкен атаулының бәрі айғайсыз, дырдусыз болғандай. Өз күшін танығанға да, танымағанға да бір қалыпты тыныш қана, елеусіз қарайтын тәрізді.

Барлық реферат | Просмотров: 1599 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 04.01.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 921-930 931-940 941-950 951-960 961-970 ... 2891-2900 2901-2903