Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 71-80 |
Страницы: « 1 2 ... 6 7 8 9 10 ... 290 291 » |
Әлемдік экономиканың жаһандануы – шаруашылық өмірдің интернационалдануының ең жаңа сатысы. Ә. э. ж-ның жалпы жұрт қабылдаған анықтамасы жоқ. Қазіргі әлемдік экономика ұлттық экономикалардың барған сайын біте қайнасуымен сипатталады. 19 ғ-дың аяғында басталған интернационалдану жаңа сатыға аяқ басып, бірыңғай жаїандық әлемдік шаруашылық қалыптасты. 1980 – 90 ж. өндіріс аялары мен салалары бойынша дағдылы мамандануға ғана емес, сонымен қатар компоненттерді, тораптарды, бөлшектерді әлемдік нарыққа шығарып, жеткізуге де маманданған мүлде жаңа халықаралық еңбек бөлінісі қалыптасты. |
Мұнай-грек халқының «нафта» деген сөзінен шыққан «нафта» жарып шығарлық қасиеті бар деген мағынаны білдіреді. Шынында, жер бетінде кездесетін мұнай мен газ, көздерінің терең орналасқан қабаттарымен адам баласына жұмбақ болып келді. Кейбір ойпаттарды жер қойнауын жарып шығып атқылап , кейде бұлақ болып ағып жататын «қарамай» немесе үзілмес от болып жанып тұратын таңғажайып жаратылыс құбылыстары халыққа әр заманда «құдірет күші» деп танылады. |
Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта-Мұнай мен газ улы заттар болғандықтан қоршаған ортаға түскенде табиғатқа және адам денсаулығына орасан зор зиян келтіреді.Топырақ, атмосфера, су қоймалары ластануға ұшырауда. Жер қойнауынан шамадан тыс көмірсутектерін игерудің нәтижесінде жасанды жер сілкінісінің пайда болған кездері де болды. Мұнай газ өнеркәсібінің табиғатқа және адам денсаулығына қолайсыз әсер етуін азайту мақсатында табиғатты сақтау технологиясын қолданып отыруды қажет етеді. Өндіруші компанияларға ілеспе газды жағуға тыйым салынды. |
Мұнай (түрікше neft – мұнай) – Жердің шөгінді қабатында таралған, жанғыш майлы сұйықтық; адамзат тіршілігі үшін маңызы зор, пайдалы қазынды. Мұнай 1,2 – 2,0 км-ден астам тереңдікте газ тәрізді көмірсутектермен бірге түзіледі. Түсі ашық-қоңырдан қою қоңырға, қараға дейін өзгереді, тығыздығы 0,65 – 1,05 г/см3 аралығында; жеңіл (тығыздығы 0,83 г/см3-ке дейін), орташа (0,831 – 0,860 г/см3), ауыр (0,860 г/см3-тен жоғары) болып бөлінеді. 28°С-тан жоғары температурада қайнайды, меншікті жылу сыйымдылығы 1,7 – 2,1 кДж/(кг.К), меншікті жану жылуы 43,7 – 46,2 МДж/кг, диэлектрлік өтімділігі 2 – 2,5; тұтану температурасы 35 – 120°С, органикалық еріткіштерде ериді, суда ерімейді. |
Монополиялық пайда – рынок пен өндірісті монополиялық бақылау жолымен алынатын жоғары пайда; монополистік бірлестіктердің орташа пайдадан асып түсетін пайдасы. М.п. тауарларды монопол. өндіру мен өткізу жағдайында рыноктың монопол. бақылауға алынуын сипаттайды. Тауар өндірушілер монопол. жағдайға аса білікті жұмыс күшін, жетекші мамандар мен менеджерлерді, ғыл. ашылымдар, патенттер, лицензиялар негізінде жаңа технологияларды пайдалану жолымен қол жеткізеді. Монополияларда сұранымды зерттеу, оны қанағаттандыру, нақты сатып алушылар рыногін қалыптастыру үшін мүмкіндіктер көп. |
Әкімшілдік-әміршілдік экономика, өндіріс құрал-жабдығына қоғамдық меншікке, орталықтандырылған жоспарлауға және қоғам өмірінің барлық аясын директивалық басқаруға негізделеді. Басты белгісі – іс жүзінде барлық экон. ресурстарға (жерге, жер қойнауына, кәсіпорындарға, қаржыға, т.б.) мемл. меншіктің үстемдігі. Тиісінше халық ш. бірыңғай "фабрика” болып табылады, ал орт. жоспарлаушы органдар кім үшін, қалай өндіру мәселелерін шешеді, яғни нарықтық жүйедегідей сұраныс емес, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің ұсынысы айқындаушы фактор болып табылады. Мұндай шарттар монополия мен бюрократияны сөзсіз тудырады, мұның өзі дамуға деген ынтаны төмендетеді. |
Көмір өнеркәсібі – елдің халық шаруашылығындағы және минералдық-шикізат кешеніндегі базалық салалардың бірі. Ол энергетиканы, металлургияны, химия өндірісін, өнеркәсіптік және коммуналдық қазандықтарды, ауыл шаруашылығын, халықты отынмен қамтамасыз етеді, сондай-ақ қазба көмірді өндіру және өңдеу шараларын да қамтиды. Көмірден түрлі әдістермен шаруашылықтың әр саласына қажетті 350-ден астам құнды заттар алынады. Қазақстанда көмір өнеркәсібі шаруашылықтың ең көне саласына жатады. 1833 ж. қойшы Байжанов Аппақ Қарағанды мекенінен "отқа жанатын қара тасты” кездейсоқ тауып алған. Бірақ 23 жыл өткеннен кейін ғана өнеркәсіп иелері кен орнына назар аудара бастады. Қарағанды кенінен алғашқы 30 жылда (1857 – 87) 303 мың тонна немесе әр жылы орта есеппен 10 мың тонна көмір өндірілді. |
ҚАЗАҚСТАННЫҢ 1946 – 1991 ЖЫЛДАРДАҒЫ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ – халық шаруашылығындағы тарихи кезең. 1941 – 45 ж. соғыстан кейін халық ш. бейбіт бағытқа көшті. Ауыр өнеркәсіпті дамытуға баса көңіл бөлінді. Жергілікті отынға негізделген энергетика дамыды. Республикада 4-бесжылдықта (1946 – 50) егіс көлемі бір миллион га-дан астам ұлғайды. А. ш. дақылдарының түсімі артты. Керісінше, мал басының өсу қарқыны төмен болды. 50-жылдары Қазақстанның экон. күш-қуатының өсуі үшін шаруашылық айналымға жаңа қорларды тарту, өндірістің тех. дәрежесін арттыру шаралары жүзеге асырылды. Бірақ жеңіл және тамақ өнеркәсіп салалары артта қалып, шикізат және отын өндіретін салалар озық дамыды. А. ш-ның даму қарқыны өнеркәсіптен едәуір төмен болды. |
Қоғамның аумақтық ұйымдасуындағы басты буын - экономикалық-әлеуметтік аумақтық кешендер (ЭӨАК). Олар аумақты игеру барысында қалыптасады. Әрқайсысы ландшафт, тұрғын халық және шаруашылыктың үштік бірлігін көрсетеді. ЭӨАК-нің мысалы ретінде қала, ауыл шаруашылық аудан, демалыс зонасы, т.б. қарастыруға болады. Ең ірі кешендерге облыстар және тұтас ел жатады. География оларды сипаттап жазып, жүріп жаткан процестерді түсіндіре отырып, болашаққа болжам жасайды. Бұл зерттеулердің мақсаты - қоғамның тиімді аумақтық ұйымдасуын қалыптастыру. Мұндай ұйымдасуды жоғары дамыған экономика мен адам өмірінің жоғары сапасы ерекшелендіреді. |