Главная » Файлы » РЕФЕРАТ [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2903
Показано материалов: 61-70
Страницы: « 1 2 ... 5 6 7 8 9 ... 290 291 »

КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНК – лицензияға және қолданыстағы заңнамаға сүйеніп коммерциялық негізде банк операцияларын жүзеге асыру құқығы берілген заңи тұлға, яки кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар үшін әмбебап банк операцияларын: есеп айырысу, төлем төлеу, салымдар тарту, несие беру операцияларын, сондай-ақ, құнды қағаздар рыногіндегі операцияларды жүзеге асырушы ірі несие мекемесі. К. б. үлеспұлдық немесе акцион. негізде құрылады. 
Барлық реферат | Просмотров: 1295 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Ұлтаралық банк  түрлі елдерде, түрлі аяларда, түрлі валюталармен операциялар жасайтын әмбебап тұрпаттағы халықаралық қаржы-несие кешені. Ұ. б. өнеркәсіптік монополиялармен біте қайнасуы арқасында несие капиталдары мен көрсетілетін несие-қаржы қызметінің әлемдік нарығын экон. бөлісуге нақты қатысады. Ұ. б-інің несие капиталдарының әлемдік нарығын монополияландыруы оның орталықтандырылған басшылықтың, бас мекеменің бірыңғай стратегиясы мен тактикасы арқасында өзінен ірілігі төмендеу банкілерге өктемдігін жүргізуіне мүмкіндік береді. Қарызгерлердің несие капиталдарының әлемдік нарығына қол жеткізу мүмкіндігі шектеулі әрі сараланған. 
Барлық реферат | Просмотров: 977 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

КРЕДИТ-АҚША САЯСАТЫ – мемлекет экономикасында ақша мөлшерін реттеу мақсатында қолданылатын шаралар кешені. К.-а.с. жалпы ұлттық өнім, баға деңгейі және ұлттық табыс сияқты аса маңызды макроэкон. көрсеткіштерге айтарлықтай әсерін тигізетіндіктен мемл. экон. саясаттың негізгі бағыттарының бірі ретінде қаралады. Бүкіл 20 ғ. бойына мынадай заңдылық орын алды: неғұрлым дамыған мемлекеттер, экон. өсуді ынталандыру, экон. жағдаяттың ауытқуын реттеу үшін нақ осы К.-а. с. құралын қарқынды пайдалануға тырысты, әйтсе де мұндай жанама ынталандыру әрқашан да күткендегідей нәтижелер бермеді.
Барлық реферат | Просмотров: 1458 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

ИНФЛЯЦИЯ (лат. іnflatіo – желбуаз), ақшаның құнсыздануы – ақша айналысы арналарының тауар айналымы қажеттерінен артық мөлшерде толуы. Мұның өзі ақша өлшемінің құнсыздануын туғызып, тиісінше бағаның өсуіне апарып соқтырады. Бағаның кез келген өсуін инфляциялық өсу деп есептеуге болмайды. Баға өсуінің инфляциялық себептерінің арасында мемл. шығыстар мен кірістердің теңдестірілмеуі, яғни мемл. бюджеттің тапшылығы неғұрлым елеулі себепке жатады. Көбінесе, бұл тапшылық ақша шығару жолымен жабылады, мұның өзі ақша көлемінің көбейіп, соның салдарынан И-ға әкеліп соғады, яғни айналыстағы қағаз ақша құнсызданып, валютаны сатып алуға жарамдылығы құлдырайды.
Барлық реферат | Просмотров: 1006 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

МЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫ – экономиканы реттеуге, азаматтардың әлеуметтік қажеттіліктерін, қорғаныс және мемлекеттік басқару мұқтаждарын қанағаттандыруға, мемлекеттік борышты өтеуге, т.б. арналған мемлекеттік ақша қорларын құрау мен пайдалануға байланысты құндық бөлу үдерісінде туындайтын ақша қатынасы. Елдің қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. М. қ. экон. мазмұнына қарай әртекті болып келеді, онда мемл. бюджет, мемл. бюджеттен тыс қорлар, мемл. несие, мемл. және жергілікті (муниципалдық) кәсіпорындардың қаржысы қамтылады. М. қ-ның аталған буындарының сан алуан атқарымдық мақсатына орай мемлекет қоғамда болып жатқан экон. және әлеум. үдерістерге түрліше ықпал етеді, салалық және аумақтық мәселелердің қолайлы шешімін табады.
Барлық реферат | Просмотров: 1526 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстан халық жинақ банкі, Халық банкі – аса ірі әмбебап коммерциялық банк; Қазақстанның ең сенімді және әртараптандырылған қаржы құрылымдарының бірі. Банктің Қазақстанда 528 құрылымдық бөлімшесі, Ұлыбританияда (Лондон), ҚХР-да (Пекин) және Ресейде (Мәскеу) шетелдік өкілдіктері бар. Банк өз тарихын 1923 ж. тамызда Ақтөбе қ-нда мемл. еңбек жинақ кассасының ашылған кезінен бастайды. 
Барлық реферат | Просмотров: 1353 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстан Республикасы: Бюджет жүйесі – мемлекеттік, әкімшілік-аумақтық бірліктер мен бюджет тұрғысынан дербес мекемелер бюджеттерінің жиынтығы. Қ. Р. б. ж. елдің түрлі деңгейлердегі бюджеттерінің экон. қатынастар мен заңды нормативтеріне негізделген. Оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау процесін біріктіреді. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай заң шығарушылық негіз, бюджеттік құжаттама нысаны, бірыңғай бюджеттік жіктелімді (кіріс пен шығыстың міндетті топтамасын) қолдану, бюджеттердің төменгі деңгейінен келесі деңгейіне қажетті статистик. және бюджеттік ақпарат беру, бірыңғай ақша жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Қ. Р. б. ж-нің құрылымы екі деңгейлі – респ.
Барлық реферат | Просмотров: 1704 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Кредит жүйесі – кең мағынада: елде орын алып отырған кредиттік қатынастардың, кредит мекемелерінің, кредит түрлері мен әдістерінің жиынтығы; тар мағынада: кредиттік-есептілік қатынастарды ұйымдастыратын, ақша айналысын реттейтін кредит мекемелерінің (банктердің, сақтандыру қоғамдарының, ломбардтардың, т.б.) жиынтығы. Ақша және ақша қорларына иелік етіп отырғандар арасындағы қатынастар кредиттік қатынастардың негізгі және бастапқы түрі болып табылады. Осы қатынастардың аясында кредиттің негізгі түрлері дами түседі. Банктер мен бейбанктік (банктен тыс) кредит-қаржы мекемелері елдегі К. ж-нің негізгі буындары болып табылады. Банктер – ақша қаражаты мен жиналымын шоғырландыратын, кредит беретін, ақшалай есеп айырысуларды, айналысқа ақша шығаруды, бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды, т.б. жүзеге асыратын айрықша мекемелер. 
Барлық реферат | Просмотров: 1387 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Қазақстан Даму Банкі (ҚДБ) – мемлекеттік қаржы институты. ҚР-ның "Қазақстан даму банкі туралы” Заңына сәйкес мемлекеттің инвестициялық саясатын іске асыру мақсатымен 2001 ж. 25 сәуірде жабық акцион. қоғам ретінде құрылды. Банктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі – 100%. ҚДБ-ның құрылтайшысы – Үкімет (Қаржы мин.), жергілікті атқарушы органдар. Банктің жоғ. органы – акционерлердің жалпы жиналысы, ол ҚР Президентінің ұсынуымен директорлар кеңесінің мүшелерін сайлайды. Кеңес банктің қызметіне (жалпы жиналыстың ғана құзырына жататын мәселелерден басқасына) жалпы басшылық жасайды. ҚДБ қызметінің мақсаты – мемл. инвестиц. қызметті жетілдіріп, тиімділігін арттыру; өндірістік инфрақұрылым мен өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, елдің экономикасына ішкі және сыртқы инвестициялар тартуға жәрдемдесу. 
Барлық реферат | Просмотров: 1198 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

Кәсіпкерлік – азаматтар мен олардың бірлестіктерінің пайда немесе өзіндік табыс алуға бағытталған бастамашылық дербес қызметі. К-ті азаматтар өз атынан, өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігімен немесе заңи тұлғаның (кәсіпорынның) атынан және соның жауапкершілігі кепілдігімен жүзеге асырады. К. кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны (мемл., ашық акцион. қоғам, жабық акцион. қоғам, серіктестік, жекеше кәсіпорын, өндірістік кооператив, муниципалдық кәсіпорын) арқылы айқындалатын шектегі мүліктік жауапкершілікті көздейді.
Барлық реферат | Просмотров: 1665 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 05.02.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 41-50 51-60 61-70 71-80 81-90 ... 2891-2900 2901-2903