Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 621-630 |
Страницы: « 1 2 ... 61 62 63 64 65 ... 290 291 » |
Күні кешеге дейін кез-келген дерлік қазақ азаматы баласының батыр болғанын қалап, тілеп келді. Тіпті Кеңестің тұсында да балам өскенде бай болсыншы деген ата-ана некен-саяқ болған шығар. Әрине, ешкім ұл-қызының мұқтаждықпен күн кешкенін қаламайды, бірақ та құндылықтар шкаласында құрметті орын матери игіліктерге тек соңғы кезде ғана тие бастады. |
Қазақ би өнерiнiң түп тамыры ғасырлар қойнауынан нәр алатыны белгiлi. Бүгiнде бишiлер де, би ансамбльдерi де, би студиялары да жоқ емес баршылық. Бiрақ, кәсiби жеке бишiлерiмiз саусақпен санарлықтай. Менi көптен берi осы мәселе ойландырады. Бiздiң би әлi әлемге таныла қойған жоқ. Солай бола тұрса да қазақ биi ұлттық дәстүр, салтты танытатын ең бiр өнердiң тиiмдiсi. Ол халықтың табиғатында, болмыс, тiрлiгiнде әуелден бар. Қанымызға сiңiп қалған дүние. Сондықтан да болар би халықтың жүрек қалауы. Ол онымен бiрге жасап келедi. Әрине, тоқырау кезеңдерiнде мәдениеттiң басқа салалары сияқты ұлттық дәстүрлi би өнерi де қиындықты бастан кешкенi белгiлi. |
Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінетінін білесіздер. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күнкөрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі. Осы арада олар шаруашылық жүргізу мәдениетінің, саяси мәдениеттің, экономика мәдениетінің тағы сол сияқты мәдениеттердің болатындығын ескермеді. |
Тұмарша (Бойтұмар)
Бұл – ырымдық зат. Оған кез-кефлген бұйым (ұлутас, сүйек, т. б. ) немесе арнайы жасалған қымбат заттар да алынған, оларға жазу жазылып, бедер суреттер түсірілген. Бойтұмарды алқаға, кішкене қорапшаға, әмиянға салатын болған. Болмаса былғарыдан, шүберектен жасаған қалташаға тігеді. Үлкендігі мен пішіні әртүрлі болады. Ол көз тиюден, пәле-жаладан, апаттан қорғайды деп сенген. |
Қазақтың ұлттық киімдері
А. К. Құрманалиева, № 124 арнайы мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық киімдер» қорытынды сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты:
Оқушылардың қазақтың ұлттық киімдері туралы алған мағлұматтарын естеріне түсіре отырып, білімдерін бекіту.
Дамытушылық мақсаты:
Сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, сөздік қорын дамыту және қазақ тілінде еркін сөйлей білу әрекеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік мәні:ф |
Киіз үйді жіліктей білесің бе?
(«Сарыарқа» күйі ақырын үнтаспада ойнап тұрады)
1- оқушы:
Ж. Молдағалиевтің «Мен қазақпын» өлеңінен үзінді оқиды.
2- оқушы:
Киіз үйдің сүйегімен таныстырады.Киіз үй ауа райының қандай жағдайындада пайдалануға өте ыңғайлы. Ішіне жарық жақсы түседі, ауа алмасуы талапқа сай, жел, дауылға көп шайқалмайды. Берік, төбесі жадағай емес, күмбез болып келгендіктен жаңбыр өтпейді, жинап тігуге оңай.Киіз үйдің негізгі қаңқасын (кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық) сүйегі деп атайды.Киіз үйдің сүйегі жасалатын «үй ағашты» алты ай немесе бір даярлайды |
Киізден жасалатын киімдер 1. Байпақ. 2. Кебенек. 3. Киіз етік. 4. Киіз қалпақ. 5. Пима. Теріден жасалатын киімдер Сырт киімдер: Аба; Бота ішік; Жарғақ; Тайжақы; Тақыр шалбар; Тон. Бас киімдер: Бөрік; Құлақшын; Малақай; Тақия; Тымақ. Аяқ киімдер: Кебіс; Мәсі; Мықшима; Саптама етік; Шарық (Шо-қай); Шоңқайма. Жүннен жасалатын киімдер Жабағы күпі; Жадағай шапан; Жүн қолғап; Жүн шұлық; Мойынша; Түйежүн далбағай; Түйе жүн кеудеше; Шекпен; Шидем шекпен. Киімге байланысты ырымдар Жас қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – қайғының белгісі. Жаңа түскен келін киім-кешегін қысқартса, нәрестесі кем туады немесе ол түсік тастайды. Нәрестенің иткөйлегін далаға тастамайды. Олай жасаса, сәбиге сырқат жұғады. Сәбидің бақыты иткөйлегін кигеннен басталады |
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы. |
Адырна - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң- құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады. Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты- үсті терімен қапталады.Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішіктер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен іліп тартып ойнайды. |
Мазмұны: 1. Алғашқы қауымдық құрылыс кезiндегi тәрбие. 2. Сақтар мен ғұндар империяларының мәдени-жауынгерлiк тәрбие дәстүрлерi. 3. Ұлы Түркi қағанаты және оның тәлiмдiлiк-танымдық мұрагерлерi (VI-IХ ғ. ғ.). 4. Араб-шығыс мәдениетiнiң қазақ даласына тарауы, Орта ғасыр оқымыстыларының тәлiмгерлiк ой-пiкiрлерi (X-XV ғ.ғ.). 5. Қазақ хандығы тұсындағы ұлттық тәлiм-тәрбие (Жыраулар поэзиясындағы тәлiмдiк ойлар). 6. Ресей отаршылдығына қарсы қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыстар және ағартушылық-демократиялық идеялардың өркен жаюы 7. Кеңестiк дәуiрдегi қазақ педагогикасының ғылым ретiнде дамып қалыптасуы 8. Ресей империясының құрамына кірген Қазақстанның білім жүйесі. 9. Халық педагогикасы жөніндегі ғылыми-зерттеулер |