Главная » Файлы » РЕФЕРАТ [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 2903
Показано материалов: 631-640
Страницы: « 1 2 ... 62 63 64 65 66 ... 290 291 »

Тілепбергенұлы Қазанғап (1854-1927) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері – арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері – сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі – Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі - Шанышқылы. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған. Шанышқылыдан Қорбақа, Дархан, Қырықсадақ, Бектау деген төрт ұл туады.
Барлық реферат | Просмотров: 1213 | Загрузок: 0 | Добавил: MasterSun | Дата: 20.01.2014 | Комментарии (0)

Тіл – қоғамдық құбылыс. Тілдің даму тарихы қоғамдық өмірмен тығыз байланысты. Қатынас құралы болып саналатын тілдің адам қоғамында алатын орны ерекше. Бүгінде еліміз еркіндік алып, қазақ тілі – мемлекеттік тіл мәртебесіне ие. Десек те, қазақ тілінің мәселесі бүгінгі таңда өзекті де, өткір мәселенің бірі болып отыр. Қазақ тілін дамытуды біреулер жоғарыдан, билік басындағылардан бастау керек десе, енді біреулер қазақ тілінде оқытатын және қазақы тәрбие беретін балабақшалардан бастау керек дейді. Қайткен күнде де қазір қолға алмасақ, ертең санымызды соғып қалатын жайымыз бар. Сондықтан ұсақ-түйек деп санайтын жайлардан бастасақ: қоғамдық көліктерде тек қазақша хабарласа.
Барлық реферат | Просмотров: 1376 | Загрузок: 0 | Добавил: MasterSun | Дата: 20.01.2014 | Комментарии (0)

Келдібекұлы Қазыбек би (1665-1765) - қазақтың Тәуке, Болат, Сәмеке, Әбілмәмбет, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан мемлекет және қоғам қайраткері, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Орта жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Орта жүздің Арғын тайпасының Қаракесек руынан
Барлық реферат | Просмотров: 3889 | Загрузок: 0 | Добавил: MasterSun | Дата: 20.01.2014 | Комментарии (0)

Данте Алигьери (май 1265. Флоренция – 14.9.1321. Ровенна) – итальян ақыны. Дворян әулетінен шыққан. Жасынан теологиямен, философиямен, астрономиямен, орта ғасырлық схоластикамен терең шұғылданды. Флоренцияның саяси өміріне белсенді араласты. Көпестердің мүддесін жоқтаған «ақтар» партиясында болды. Қала дворяндарының партиясы – «қаралар» ақтарды жеңеді де, Дантені отқа өртеу, дүние мүлкін конфискелеу туралы үкім шығарады.
Барлық реферат | Просмотров: 971 | Загрузок: 0 | Добавил: MasterSun | Дата: 20.01.2014 | Комментарии (0)

Сәтбаев Қаныш Имантайұлы (1899-1964) – Қазақстан геологтары ғылыми мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық металлогения ғылымының негізін салушы, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырушылардың бірі әрі тұңғыш президенті, КСРО және Қазақстан Ғылым академияларының академигі, Тәжікстан Ғылым академиясының құрметті мүшесі, қоғам қайраткері, КСРО Мемлекеттік және Лениндік сыйлықтарының лауреаты
Барлық реферат | Просмотров: 1084 | Загрузок: 0 | Добавил: MasterSun | Дата: 20.01.2014 | Комментарии (0)

Қазақстанның экономикалық даму перспективаларының болашағы оның жер қойнауындағы орасан зор табиғи байлықтарымен байланысты екендігі жасырын емес десек, өткен XX ғасырдың жиырмасыншы жылдарының ортасында геологиялық тұрғыдан Қазақстан аумағы "ақтаңдақ” болып есептелді және Қазақстанның жер қойнауында Менделеев кестесінің шын мәнінде барлығы дерлік бар екендігін дәлелдеу үшін Сәтбаевтың және оның мектебінде тәрбиеленген қазақстандық геолог-ғалымдар мен өндірісшілердің көп жылғы жанқиярлық еңбегі қажет болды.
Барлық реферат | Просмотров: 1395 | Загрузок: 0 | Добавил: MasterSun | Дата: 20.01.2014 | Комментарии (0)

Қашан, қайда болмасын бодан елдің тарихын отаршылдар жазып, ұлттық құндылықтарын да отаршылдар безбендеп отырды. Патшалы Ресей мен кеңестік кезең тұсында қазақ халқының тарихы мен рухани құндылықтары да солай болды. Соның кесірінен ата тарихымыз бен ана мәдениетіміз теріс түсініктердің, ақтаңдақ тақырыптардың қоймасына айналғаны жасырын емес. Тек азаттықтың ақыр айдынына шығып, екі тізгін, бір шылбыр өз қолымызға тиген күннен бастап, тоталитарлық жүйе санамызға сіңіріп кеткен теріс түсініктерді жөнге келтіріп, тарихымызды түгендеудің қамына кірісе бастадық.
Барлық реферат | Просмотров: 918 | Загрузок: 0 | Добавил: MasterSun | Дата: 20.01.2014 | Комментарии (0)

Қарағанады облысының даму тарихына үңілер болсақ, қадау -қадау іргелі істердің куәсі боласын. Аймақтың шапшаң игерілуіне бірден-бір себепкер болған оның мол табиғи байлықтары еді. Сонау жиырмасыншы-отызыншы жылдарда А.А.Гапеев, Н.Г.Кассин, Н.И.Наковник, М.П.Русаков, Қ.И.Сәтбаев тәрізді есімдері бүгінде кеңінен танымал геологтар Орталық Қазақстан аймағының кен байлықтарын зерттеді. Жиырмасыншы жылдардың басында-ақ Қоңырат, Жезқазған, Семізбұғы, Өспен және басқа жерлерде түсті металдардың мол қорының бары анықталған.
Барлық реферат | Просмотров: 1478 | Загрузок: 0 | Добавил: MasterSun | Дата: 20.01.2014 | Комментарии (0)

Қарағанды облысы Қазақстанның бірегей, темірді марганецті, барит-полиметалды, сирек металды және көмірді аймақ болып табылады. Оның аумағында Республиканың 100% марганецті рудалардың балансты қорлары, 80%-дан астым – триоксид вольфрам, 63,9% - молибден, 54,2% - қорғасын, 38,8% - мырыш, 36% - мыс, 31,9% - көмір (оның ішінде кокс көмірдің барлық 100% қоры), 100% волластонит пен родусит – астбест, 70%-дан астым барит және т.с.с. топталған.
Барлық реферат | Просмотров: 1296 | Загрузок: 0 | Добавил: MasterSun | Дата: 20.01.2014 | Комментарии (0)

Қарасай Алтынайұлы – Жетісуда жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық соғыста қол бастаған батыр. Алатау бөктерінде туып өскен. Ұлы жүз Шапырашты тайпасының Есқожа руынан. Қарасай батыр Қарғалы, Ұзынағаш, Қастек, Жиренайғыр, Ырғайты өзендері бойындағы, Қарақия, Ақтасты, Сарыжазық, Суықтөбе тауларындағы ұрыстарда жау шебін бұзып, суықтөбе басына туын тіккен. 1929 жылы жазда Шапырашты қолы Жайық бойынан шаршап келіп, тыныстаймыз ба деп Асы (Алматы облысы) жайлауында жатқанда, ойраттардың олжалап кете салу мақсатымен қараша айында Іледен өтіп шабуыл жасауы Қарасайды атқа мінгізді.
Барлық реферат | Просмотров: 1089 | Загрузок: 0 | Добавил: MasterSun | Дата: 20.01.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 611-620 621-630 631-640 641-650 651-660 ... 2891-2900 2901-2903