| Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
| В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 1071-1080 |
Страницы: « 1 2 ... 106 107 108 109 110 ... 290 291 » |
|
Кино тарихы туралы сөз болғанда, 1938 жылы түсірілген қазақтың алғашқы фильмі «Амангелді» фильмі еске оралады. Ал ұлттық киноның тарихы Шәкен Аймановтан басталады. Ол қазақтың тұңғыш кинорежиссері. Ендеше, бүгін біз сіздермен қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдыздарының бірі Шәкен Айманов түсірген фильмдер туралы әңгімелейтін боламыз. |
|
1930-шы жылдары қазақтардың көпшілігі Қытайға көшіп тұрды. Солардың ішінде бір байдың қызы болады. Бірақ қыздың әкесін өлтіреді. Көп жылдар өткен соң, ол өзінің немересін ата-анасынан айырып, өзінің туған еліне аттанады. Ұзақ жол жүріп, ол өзінің туған еліне қайта алмай, қайтыс болады. Оның өз еліне қайтуына тағы бір себеп бар болатын. Ол себеп - өзінің жас кезінде сүйген адамы Атымтай. Осылай басталатын көркем фильмнің бірі – "Заман-ай". Драма жанрында түсірілген фильмнің режиссері Шәріп Болат Шәріпұлы. Рөлдерінде Зәмзәгүл Шәріпова, Гүлнәр Сейтімбетова, Ерік Жолжақсынов, Арыстан Қиқымов және Райхан Айтқожановалар ойнайды. Көркем фильмнің бүгінге дейін бірнеше жетістіктерге ие болды. |
|
Албырт ғұмырын отқа оранып, 20 жаста қиылған жауқазын өмір, Кеңес Одағының батыры атанған тұңғыш қазақ қызы Мәншүк Мәметова жайында фильм түсірілген болатын. Ол - «Мәншүк туралы дастан» деп аталады. Фильм 1980 жылы түсірілді. Фильмнің сценарийін Андрей Михалков-Кончаловский жазды. Кинода басты рөлідердің бірі - Мәншүк рөлінде Арынбасарова Наталья Өтеуліқызы ойнады. Ол «Балерина боламын» деген бала арманымен тоғыз жасында Алматыда барлық сынақтарды үздік тапсырып, бір жылдан соң Мәскеуге жіберіледі. Тынымсыз жаттығулар мен балеттік тәлім-тәрбиенің бір де бірінен қалмай, «балет жұлдызы» жолында аянбай еңбек етеді. Дегенмен, тағдыр жолы жас қызды балет емес |
|
Пәк махаббат пен шынайы сезімнің нышаны «Қыз Жібек» жыры қазақ халқының сарқылмас қазынасы, өшпес мұрасы. Сұлтан Қожықовтың «Қыз Жібек» жырының желісімен түсірілген көркем фильмі бүгінде қазақ киносының алтын қорына айналды. 1968-1970 жылдары түсірілген «Қыз Жібек» көркем фильмінің тұсауы 1970 жылы Алматы қаласындағы «Целинный» кинотеатрында кесілген болатын. Бүкілодақтық тұсау кесері 1971 жылы Мәскеу қаласында өтті. |
|
Олимпиялық құдайларға аса бай құрбандық шалған калидондық патша Ойней, тек Артемиданы ған назарына алмағандықтан, аң құдайы – сол елге қаhарлы жабайы қабан жібереді. Мейірімі жоқ, қаhарына мінген аң бүкіл Калидон төңірегінің тозаңын шағарады, ағаштарды түбірімен жұлып, жүзімдіктер мен жеміс-жидекті жапырумен болады, тіпті адамдарды да аямайды. Осы қайіпті аңды аулауға Ойнейдің ұлы Мелагр, бас болып, Грекияның көптеген ұлы батырларын жинайды. Осы аңның көзін құрту үшін Афинадан, Спартадан, Мессения мен Ферыдан, Иолктан, Аркадия мен Фессалиядан батырлар қатысады. Жоғарыда айтып кеткен жалпыгрекиялық фольклор санатына кіреді деуіміздің себебі де сол. |
|
Жас экономист қыз тігін фабрикасында жұмыс істейді. Маман шаруашылықтығы қаржыға байланысты ірі заң бұзушылықтарды байқап қалады. Дария фабрикадағы әріптестерінің мұндай заң бұзушылығына көз жұмып қарай алмады. Осылайша әріптесетерінің бұл әрекетіне тосқауыл қоюға әрекеттенді. Басшылығы оған қысым жасамақ болады. Оған қарамастан Дария бұл жағдайға күресуге бел буады. Қарапайым фабрика жұмысшылары Дарияға қолдау көрестеді. Дарияның шындықты іздеп, дәлелдер таба бастағанын байқаған, басшылар фабриканы өртемекке бел буады. Өрттың шыққанын тоқтатамын деп өртпен арпалысқан Дария сол жерде көз жұмады. Дария Қаратаева шындықты іздеп, әділдікті орнатуға бар күшін балады. Дария өмірімен қоштасқанымен, әділдікті орнатамын деген мақсатына жол жеткізеді. |
|
«Жылама». Бүгін әңгімелемек болып отырған киномыз дәл осылай аталады. Фильмнің режиссері - Әмір Болатұлы Қарақұлов. Аталған фильм 2002 жылы түсірілді. 1 сағат 20 минуттан тұратын фильм бүгінде көрермен ықыласынан шығып келеді. Фильмнің қысқаша мазмұнын айтар болсақ, атақты опера әншісі туған ауылына жол тартады. Алыс туысы болып келетін жеті жасар қыз туберкулездің күрделі формасымен ауырады. Қызды емдеу үшін дәрі-дәрмекке қаражат қажет болады. Майра Мұхаметқызы осы қаржыны іздеуге кіріседі. |
|
Қазақтың ұлы ғалымы, ориенталист, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы, демократ Шоқан Уәлиханов жайында зерттеулер көп болғанымен, түсірілген фильм біреу ғана. Ол Асанәлі Әшімов түсірген «Шоқан Уәлиханов» фильмі еді. Фильм 1985 жылы түсірілді. Басты рөлде өз ұлы Сағи Әшімов болды. Режиссер Сағиды таңдауының себебін былай түсіндіреді: «Өнер адамының табысы өмірімен өлшенбейді. Мүмкін, Сағи менің ашқан жаңалығым болуы да мүмкін. Оның киноға келуі де тосын құбылыс болды. |
|
Махаббат — адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі екені белгілі. Адамдардың басым көпшілігін толғандыратын да, көптеген көркем шығармаларға өзек болған тақырып та жігіт пен қыз арасындағы махаббат. Бүгін сіздерге ұсынбақ болып отырған киномыз да осы махаббат тақырыбына арналып отыр. Ол Талғат Теменов түсірген «Махаббат бекеті» фильмі. Кино 1993 жылы түсірілді. Фильмнің түсіріліп, көрерменге жол тартқанына биыл 19 жыл толып отыр. Басты рөлдерде Баян Мұхитденова(Есентаева), Қуанышбек Әділов, Бөпеш Жандаев секілді актерлар сомдайды. |
|
Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы, халқының азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, қазақтың өр рухты ақыны Махамбет Өтемісұлы туралы деректі фильм түсіріліп көрермендеріне жол тартқан болатын. Аталған фильм 2003 жылы түсірілді. Сценарий авторы және қоюшы режиссері Жаңабек Жетіруов. |

