Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 691-700 |
Страницы: « 1 2 ... 68 69 70 71 72 ... 175 176 » |
"ЕР ТАРҒЫН” — батырлық жыр. Ноғайлы дәуірінің тарихи оқиғаларын бейнелейтін жырдың негізгі идеясы — ерлік пен батырлықты дәріптеу, ел бірлігін сақтау, сұлулыққа сүйсіну. "Е. Т.” жырының нұсқалары көп. Алғаш Н.И. Ильминский (1859), В.Радлов (1870), Н.Саркин (1904), Ә.Диваев (1922) жинақтарында жарияланған. Орт. ғыл. кітапхана мен Әдебиет және өнер ин-тының қолжазбалар қорында жырдың 8 түрлі нұсқасы сақтаулы. Жинаушылары — Саркин, Диваев, Қ.Иманов, Ә.Ыспанұлы, Б.Адамбаев, З.Бекарыстанов, М.Құсниұлы, айтушылары — Марабай, О.Қисықов, Н.Нұрғалиұлы, М.Бекетұлы. |
Баба Түкті Шашты Әзіз - қиындықтар мен түрлі кедергі-кесепаттарға тап болған адамды қолдаушы, батырларды желеп-жебеуші, баласы жоқтардың тілегін қабыл етуші, аян беруші әулие, әрі асқан батыр. Фольклорлық дәстүрде Баба Түкті Шашты Әзіз бірде Ахмет Иасауидың түп бабасы, бірде Едіге батырдың бабасы ретінде дәріптеледі. Баба Түкті Шашты Әзіз бірде туралы шығармалардың алуан үлгіде кездесетіндігі сондықтан. Ислам дінінің қазақ арасына тарап, дәстүрлі ортада мұсылмандык шарттары атқарыла бастаған тұста да, қазақ ежелгі наным-сенімінен арыла қойған жоқ. |
Батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Батырлық жырлар халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. |
Бұл дастанды Кенесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық кетерілісіне бастан-аяқ қатысып, барлық оқиғаларды өзі көрген Нысанбай жырау Жаманқұлұлы шығарған. Нысанбай көлемді, тарихи-реалистік сипаттағы жырда Кенесары мен Наурызбайдың бейнесін батырлық эпос үлгісімен жырлап, ұлт-азаттық көтерілісінің соңғы кезін терең танып, үлкен ақындық шеберлікпен суреттеген. Ұлттық батырлар Кенесары мен Наурызбайдың психологиялық жағынан ең бір айқын айшықталған бейнесі жасалынған. |
«Ер тоңға» - түркі халықтарының арғы ататегі тарихынан сыр шертетін қаһармандық жыр. Біздің заманымызға «Ер тоңға» жырының жалпы сюжеттік желісі мен жекелеген үзінділері ғана жеткен. Әйтсе де, сол үзінділерінің өзінен-ақ бұл жырдың мазмұнын, негізгі идеясын, көркемдік дәрежесін аңғару қиын емес.Жырдың басты қаһарманы - Алып Ер Тоңға.Алып Ер Тоңға - аты аңызға айналған тарихи тұлға. Алып Ер Тоңғаның тарихи тұлғасы мен дастандағы әдеби бейнесі жайында кезінде Әбу Райхан әл-Бируни, Махмұт Қашқари, Мухаммед Хайдар Дулати, Хамза Исфахани, Рашид әд-Дин, т.б. аса құнды пікірлер айтқан. |
Батырлық жырлар, батырлар жыры — ауыз әдебиетіндегі ең бай да көне жанрлардың бірі. Қаһармандық эпос деп те аталады. Б. ж. халық өмірінің тұтас бір дәуірін жан-жақты қамти отырып, сол тарихи кезеңдегі батырлардың сыртқы жауларға қарсы ерлік күресін, ел ішіндегі әлеум. қайшылықтар мен тартыстарды бейнелеп береді. Бірақ онда тарихи оқиғалар тізбегі өмірде болған қалпында емес, жырдың көркемдік шешіміне лайықты өріледі. Бас кейіпкердің жүріс-тұрысына, өзге елге ерлік сапарға шығуына және өз елін жаудан азат етуіне байланысты оқиғалар бір қаһарманның маңына топталып, соның бейнесін ашуға қызмет етеді. |
"Манас” — қырғыз халқының батырлық эпосы. Жырдың негізгі идеясы — халықтың бостандығы, бірлігі, бақытты өмір үшін қаһармандық күресі. "М-та” қырғыз халқы бастан кешкен түрлі оқиғалардың, тұрмыс-салттың, наным-сенімнің іздері бар. Ш.Уәлиханов эпос туралы "...қырғыздың барлық мифтерінің, ертегілерінің, аңыздарының белгілі бір уақытқа тән Манас батыр айналасына топтастырылып берілген жиынтығы” деп жазды |
ЭПОС (грек. epos – сөз, баяндау, әңгіме, өлең) – 1) әдебиеттің бір саласы. Құрамына аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, эпик. поэма, эпопея жанрлары, сондай-ақ көркем очерктер кіреді. Э-тың басты ерекшелігі – өзі әңгімелеп отырған өмір құбылыстарын кең көлемде, эпик. тұрғыдан қамтып, кейіпкер образын, көркем әдебиеттің алуан түрлі әдістерін мейлінше мол қамту арқылы суреттеу. Көбінесе шығарма жазылудан әлдеқашан бұрын болған оқиға туралы жазылатындықтан, Э-та баяндау тәсілі басым болып келеді. Э-тық шығармада суреттелетін оқиға оған тікелей куәгер болған адамның атынан баяндалады. |
Әдебиет (арабша — асыл сөз) — сөз өнері, әлеуметтік мәні бар шығармалар жиынтығы. Мазмұнына қарай саяси, ғыл., тех., көркем Ә. болып бөлінеді. Ә. атауы көбінесе, көркем әдебиет мағнасында қолданылады. А.Байтұрсынов оған "бір нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері”, "Сөз өнері” деп баға берген. Ә. — жалпы өнердің бір саласы. Бірақ ол қоғамдық сананың ерекше түрі есебінде шындықты логик. ойлау жүйесімен емес, көркем тіл арқылы, сөз өнерінің күшімен суреттеп көрсетеді. Көркем бейненің сыртқы сұлбасымен бірге ішкі мазмұнын, сырын оқырман тұшынып сезіне алатындай етіп ашады, адамның жан дүниесі мен ішкі сезім байлығын көзге елестету арқылы қоғамдық санаға әсер етеді. Оның "өнер атаулының ең қиыны және күрделісі” (Бальзак), "Өнердің ең жоғарғы түрі” (В.Белинский) болатыны да осыдан. Қазақ та "Өнер алды — қызыл тіл” деп тегін айтпаған. |
Әдебиет теориясы — әдебиеттану ғылымының сөз өнерінің табиғатын, оның әдістері мен методологиясын, әдеби процесс, рухани-эстетикалық құндылықтар заңдылықтарy зерттейтін саласы. Ә. т. осы бағыттағы заңдылықтар мен қағидаларды жүйелеп, поэтикалық, прозалық және драмалық көркем шығармалардың табиғатын тануға қызмет етеді. Ә. т. ұғымдар мен терминдердің, ғылыми қағидалар мен ережелердің құрғақ жиынтығы емес, ол — сол арқылы көркем әдебиетті (өз пәнін) барлық қырынан жан-жақты ашып көрсетудің құралы болып табылады. Әлемдік әдебиеттану ғылымында қалыптасқан дәстүр бойынша, Ә. т. — зерттеу объектісіне байланысты төрт топқа бөлінеді. |