Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 1756
Показано материалов: 701-710
Страницы: « 1 2 ... 69 70 71 72 73 ... 175 176 »

Қазақ әдебиеті – қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерінің асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерінің тегі әріден, түркі тілдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезінен басталады. Халық фольклоры мен поэзиясының негізі сол тайпалар шығарған ертегі, аңыз, мақал-мәтелдерде жатыр. Батырлардың отаншылдық сезімі, туған халқының азаттығы жолындағы күрестерін жырға қосқан батырлық эпостар ("Қобыланды батыр”, "Алпамыс”, "Ер Тарғын”, "Қамбар батыр”, т.б.), халық арасына кең тарап, сүйікті шығармасына айналған, жастардың адал махаббаты, алмағайып тағдыры жырланған лиро-эпик. дастандар ("Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, "Қыз Жібек”, т.б.) қазіргі Қ. ә-нің өз алдына мол мұрасы болып саналады; қ. Ауыз әдебиеті.
Барлық реферат | Просмотров: 3922 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

"Қозы Көрпеш – Баян Сұлу” – қазақ халқының лиро-эпостық жыры. 13 – 14 ғ-лардан бастап жырланып, қазақ арасына кең тараған. Жыр Сарыбай мен Қарабайдың аң аулай жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруымен басталады. Әрі қарай қос ғашық Қозы мен Баян, зорлықшыл Қодар, қаражүрек Қарабай арасындағы шиеленіскен оқиғалар негізінде зұлымдық пен махаббат күресі баяндалып, Қозы мен Баянның қайғылы қазасымен аяқталады. Жырдың негізгі идеясы – мөлдір махаббатты дәріптеу.
Барлық реферат | Просмотров: 2674 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

Біржан мен Сара айтысы — айтыс өнерінің озық үлгілерінің бірі. Айтыс 1871 ж. қазіргі Алматы обл-ның Қапал-Ақсу өңірінде Біржан Қожағұлұлы мен Сара Тастанбекқызы арасында өтеді. Бұл айтысты ең алғаш 1898 ж. Қазанда "Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны” деген атпен Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы жариялады. Кейін Зайсаннан 2-нұсқасы табылып, "Біржан сал мен ақын Сараның айтысқаны” деген атпен Қазанда жеке кітап болып басылды. Айтыстың алғашқы нұсқасы — 969 жол, 2-нұсқасы — 1080 жол. Әріп Тәңірбергенұлы жазған тағы бір нұсқасы 1907 ж. жарық көрді.
Барлық реферат | Просмотров: 2361 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

ЖАМБЫЛ МЕН ДОСМАҒАНБЕТ АЙТЫСЫ — ақындар айтысының үздік үлгілерінің бірі. Айтыс 1907 ж. Досмағанбеттің нағашысы Көбісбай үйінде өтеді. Айтысты Жамбыл бастайды. Досмағанбет те өлеңмен ұстаса кетеді. Сөзді бірінші болып бастаған Жамбыл өлеңді борандатып, құйындатып, екпіндетіп шарықтайды. Жамбыл қыран құс секілді биіктеп көтеріледі де тік шаншылып, аспаннан жасыл түскендей сөздің отын жарқ-жұрқ еткізеді, бірден шабуылға шығады. Жамбыл өзінің ақындық күшін жақсы сезінеді, сондықтан да Досмағанбетті елеусіз көреді, оны қырғи, қаршығадан қорғалақтап, бұта-бұтаның арасында, өзінен-өзі дірілдеп отыратын шымшық торғайға теңейді.
Барлық реферат | Просмотров: 1215 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

Айтыс — ауыз қдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. А. — синкреттік жанр, ол тұрмыс-салт жырларынан бастау алып, келе-келе ақындар айтысына ұласқан. А-та осыған орай лирик., эпик., драм. сипаттар мол ұшырасады. Сол арқылы бұл жанр ауыз әдебиетінің өзге түрлерімен қанаттаса дамып, бір-біріне елеулі қсер-ықпал жасап отырған. Батыр және лиро-эпос жырларына да қсерін тигізіп, өзі де арнасы кең мол салаға айналған. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген
Барлық реферат | Просмотров: 3325 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

Бәдік айту - магиялық ғұрып. Бәдік атауының түп-төркіні парсының «бадхох» «бадху» деген сөзінен шыққан. Тәжікше «бадху» қаскөй деген мағына береді, яғни бәдік «бойға дерт дарытушы қаскөй күш» дегенге саяды.Фольклорлық еңбектерде «бәдік» сөзі екі түрлі ұғымда: мал ауруының аты ретінде; өлең (айтыс) түрі ретінде қолданылады. Байырғы ортада бәдік айту жолымен мал, адам бойындағы дертті қашырған. С.Сейфуллин өз еңбегінде: «Адам ауырса, яки мал ауырса, әйел-еркек жиналып, ауырған малды қамап алып, екі-екіден қосылып, шулан өлең айтады.
Барлық реферат | Просмотров: 991 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

Жұмбақ айтысы. Айтыстардың ішінде ерекше орын алатын түрі – жұмбақ айтысы. Жұмбақ айтысы халықтың өмір, табиғат құбылысын білсем деген арман-тілегінің елесі. Алуан өмір құбылыстарын түсіну, білу, білмегендерді соған жетектеу, әсіресе жастардың ойсанасын кеңейту тілегінен туады. Сондықтан ұсақ нәрселерден бастап жұмбақ етіп, қиынға көшу, өзінше сол ойсананы өрістету, ойлауға дағдыландыруды мақсат етеді. Жұмбақтардың өзі сияқты, жұмбақ айтысы да ұйқасқа құрылады.
Барлық реферат | Просмотров: 1775 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

Салт айтысы. Салт айтысы екіге бөлінеді: қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы.
Қыз бен жігіт айтысы. Қыз бен жігіт айтысы көбіне ойын-тойда айтылады. Ойын-тойдың бір бөлімі болып кіруі оның салт өлеңі екендігін айқындайды.
Әдетте, қыз бен жігіттің айтысы ақынды талғамайды, ақындығы жоқ жігіттер де, қыздар да үйреншік, жаттамалы өлеңдермен айтыса беруі мүмкін. Бірақ кейде ақын жігіт пен ақын қыздың не әдейі кездесіп, не кездейсоқ ұшырасып айтысатыны да болады.
Барлық реферат | Просмотров: 1472 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

Қазақ өлеңсіз оты жағылмаған халық. Ұлтымыздың тұрмыс тіршілігі ертеден ән мен жырға ұйқасып, біте қайнасып жатыр.  Мұны какім Абай «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең» деп түйіндейді. Бұл жағыннан  өзімізді-өзіміз мойындап қоймай, өзге ел де, мойындап отыр. Қытайдың қазақ тілді басылымы «Алтай» газетінің 1998-жылы 5-айдың 2 күнгі санындағы, Қытайдың белгілі ақыны Жиаң ЛИЖУНнің «Тау әні» атты шалқымасында «тамыздың тамылжыған күндерінде тауға бара қалсаңыз, самал шалғынға сүңгіп, қыр өртеніп, гүл жанады. Бойың елітіп, жаның рахат табады.
Барлық реферат | Просмотров: 1188 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

Мысал айтыстарды  тиімді тәсіл ретінде айтыс формасын пайдалану деп түсінгеніміз жөн. Зерттеушілердің  көбі мысал айтыстарды мазмұнына қарай бөліп алып, жеке түр ретінде талдайды. Мысалы, Х.Досмұхамедұлы: «Ел әдебиетінің түрі көп. Осы түрлерден ескерілмей келе жатқан түр – аруақпен ай- тысу» деп жіктейді. Қазақ халқы өлген адамның рухын, аруағын аса қастерлеген. «Аруақ аттамау», «Аруаққа тас атпау» деген ұғымдар, «Өлі разы болмай, тірі байы- майды»  деген сияқты мақал-мәтелдер  осы ойымызға дәлел болса керек. Х. Досмұхамедұлы да осы жайды атап айта отырып, там салу, ас беру, өліктің аруағына сыйыну секілді ырымдардың қазақтың шамандығынан қалғанын ескертеді. «Күйікке шыдай алмай сүйгенінің моласына барып зарлайды. Моладағы кісіден жауап алады. Іштегі шерін шығарып, мауқын басады. Өлік зарлаушыға жау- ап береді. 
Барлық реферат | Просмотров: 1489 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 30.12.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 681-690 691-700 701-710 711-720 721-730 ... 1741-1750 1751-1756