Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 671-680 |
Страницы: « 1 2 ... 66 67 68 69 70 ... 175 176 » |
Жыраулық поэзия - 15-18 ғасырлардағы қазақтың халық поэзиясы. Біздің дәуірімізге, негізінен, ауызша жетті. 15 ғасырдың орта шенінен бастап қазақ халқының тәл мәдениеті өркен жая бастады. Көне, ортақ арнадан бөлініп, қазақ халкының дербес әдебиеті қалыптасты. Жыраулық поэзия қазіргі Қазақстан жерін қоныстанған ежелгі тайпалар туғызған бай рухани қазынадан нөр алды, ежелгі дәстүрлерді дамыту, тың тақырыптар игеру, жаңа мазмұн қалыптастыру нәтижесінде кемелденді. |
Әдебиеттану — көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін ғылым. Сөз өнерінің түп төркінін, тегін, туу, қалыптасу тарихын, даму заңдылықтарын, көркемдік және эстетик. ерекшеліктерін зерттейді. Негізгі салалары үшеу: әдебиет теориясы, әдебиет тарихы, әдебиет сыны. Жанама тараулары — текстол., тарихнама, библиогр. |
Тарихи жырлар – белгілі бір тарихи оқиғаға байланысты туындаған эпикалық шығармалар. Т. ж-да оқиғаның деректі дәлдігі сақтала бермейді, әр кезеңнің тарихи-әлеум., қоғамдық-саяси бет-бедері көркемдік тұрғыдан бейнеленеді, жалпыхалықтық мүдделер басты сипат алады. Батырлар жырында кездесетін ғайыптан дүниеге келу, жар іздеп жолға шығу, құда түсу, батырдан туған ізбасар сияқты оқиғалар, сондай-ақ гиперболалық көркемдік тәсілдер Т. ж-да сақтала бермейді. Бұл жырлардың бәрі де нақты тарихи оқиғаларға негізделген, басты кейіпкерлері тарихта болған адамдар. |
ЭПОС (грек. epos – сөз, баяндау, әңгіме, өлең) – 1) әдебиеттің бір саласы. Құрамына аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, эпик. поэма, эпопея жанрлары, сондай-ақ көркем очерктер кіреді. Э-тың басты ерекшелігі – өзі әңгімелеп отырған өмір құбылыстарын кең көлемде, эпик. тұрғыдан қамтып, кейіпкер образын, көркем әдебиеттің алуан түрлі әдістерін мейлінше мол қамту арқылы суреттеу. Көбінесе шығарма жазылудан әлдеқашан бұрын болған оқиға туралы жазылатындықтан, Э-та баяндау тәсілі басым болып келеді. Э-тық шығармада суреттелетін оқиға оған тікелей куәгер болған адамның атынан баяндалады. |
«Айман-Шолпан» драмалық комедиясы. «Айман - Шолпан» жырының өн бойында әдемі юмор жатыр. Осы ерекшелікті терең ұққан Әуезов халық жырының материалын комедия жазу үшін сәтімен пайдаланды. Қазақтың тұңғыш музыкалық театрының шымылдығы «Айман - Шолпан» комедиясымен ашылды. Пьесадағы сюжет жыр сюжетінің негізінен ауытқымайды. Драматург тартысты тереңдетіп, образдарды айқындап, идеяны ұштап, жаңа бояулар, соны өрнектер қосқан. |
түркі халықтары фольклорында кездесетін мифологиялық кейіпкер, шайтан, жын, пері, марту секілді жағымсыз күш иесі. Албасты ұғымы қазақтар, түріктер, татарлар, башқұрттар, өзбектер, тувалар, алтайлықтар (албасты), түрікмендер (ал, албассы), қырғыздар (албарсты), ноғайлар мен қарақалпақтар (албаслы), әзербайжандар (хал, халанасы), құмықтар (албаслы қатын), балқар мен қарачайларда (алмасты) бар. Албасты әдетте ұзын жалбыраған шашы бар құбыжық бейнелі әйел кейпінде бейнеленеді. |
Жұрнақ– жалғанған сөзінен жаңа сөз тудыратын немесе сөзді түрлендіретін қосымша. Қазақ тіліндегі сөздерді жұрнақтарсыз елестету мүмкін емес. Қазақ тіліндегі жұрнақ мағынасы мен қызметіне қарай екіге бөлінеді: 1. сөз тудыратын жұрнақтар өзі жалғанған сөзінен жаңа сөз тудырады. Мысалы, "жылқы-шы”, "біл-ім”, "жасы-қ”, "таға-ла”; |
«Абайдың қара сөздері» – абайдың прозалық шығармасы. барлығы 45 сөз және «бірер сөз қазақтың түбі қайдан шыққандығы туралы» деген тарихи мақаладан тұрады. |
Араб әдебиеті — араб елдерінің, арабтар мен араб тілін ана тілі есебінде пайдаланған халықтардың әдебиеті. Халифат заманында (7-9 ғ.) қалыптасқан мәдени-тарихи ортақтастық, тілдік бірлік, ортақ дәстүр араб-мұсылман мәдениетін қалыптастырды. А. ә. сол жиынтық мәдениеттің маңызды бір саласы. А. ә. тарихы төрт дәуірге бөлінеді: 1). классик. араб әдебиеті (6-14 ғ.). 2). 15-18 ғ-лардағы араб әдебиеті. 3). жаңа араб әдебиеті (19-20 ғ.). 4). қазіргі заманғы араб әдебиеті (20 ғ.). Классикалық араб әдебиеті (6-14 ғ.) өзінің бастауын исламға дейінгі Арабия түбегіндегі көшпенді бәдәуилердің ауыз әдебиетінен алады. |
Кітапты бір түнге сұрап алып ақтарып шыққанымда Ақжан ағаның қазақтың екі данасының рухани байланысына арналған еңбегін дәл сол 1987 жылдың, 3 қыркүйегінде бастау себебіне енді күманым қалмады және оны «Әл-Фараби мен Абай» деп атауға «мәжбүр» еткен себебін де түсіндім. Бірден айтайын, Әуелбек ғұлама осы екі дананың арасындағы байланысқа арнайы зерттеуге кірістім деп отырған жоқ, тек зерттеу қажеттігін дәлелдеп отыр, яғни, сол жұмысқа «мен отырдым» деген емеурін де танытпайды. Ал, болмысында біреудің ала жібін аттап көрмеген Ақжан хазірет өзі айналысатын еңбегіне өзі сұранып тұрған Қоңыратбаев қолданған мақала тақырыбын алуды – біреудің идеясына суық қолын жүгірткендей сезініп, "Әл-Фараби мен Абай” деп атауға мәжбүр болыпты ғой! Әйтпесе, Ақжан мен Әуелбек сынды ғұламалардың басына қауымның көкейкесті мәселелерінің қатар келуі әбден ықтимал. |