Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Ай мүйізді ақ серке - Өлеңмен жазылған ертегі
01.01.2014, 20:24

Ертеде бірге болып мекен жайы,

Достасып,

Ашылыпты бекем, бағы...

Қой, Ешкі бір өріске шығып күнде,

Отар боп жайылады екен бәрі.

Шүйгін шөп жайылуға жараса нақ,

Бас қойып жұлады екен бара сала-ақ.

Жүріпті Қошқар, Теке

Өз табынын

Көлденең ит пен құстан арашалап.

Бір күні келтіріпті Тоқты күмән.

Қызғанса керек Шыбыш шөпті бұдан.

Осыдан алауыздық басталыпты,

"Шәйт", - дейтін қожасының жоқтығынан.

Тас бітеп, қауіп-қатер жоламастай,

Тұрыпты Қошқар бағып,

қораны ашпай.

Қойлардың қылығына ренжіпті,

Ақ Серке - ай мүйізі қорағаштай.

Суы мол, шөбі шүйгін жайылымнан

Осылай Қой мен Ешкі айырылған...

Ақыры көсем сайлап алмақ үшін

Қоштасқан қонысына қайырылған.

Бірінің салса бірі көзге шөбін -

Мал түгіл, адам, сен де төзбес едің!

Қой, Ешкі екі жақ боп таласа кеп,

Әрқайсы ұсыныпты өз көсемін...

"Келісті түрі де бар,

Көркі де бар,

Еркі бар отар бастап,

Ертіп алар...

Қылыштай қайқы, имек мүйізінен,

Ит-құс та жоламайды қорқып олар...

Білмейді Қасқыр да оның күшін әлі,

Бір соқса мүйізімен ұшырады!" -

Деп мақтап, сөз бастаған

Қойлар жағы

Қошқарды көсемдікке ұсынады.

Намысы қозса керек Ешкілердің:

"Сөзі емес бұл айтатын естілердің! -

Қошқарда қаһар да жоқ,

сақал да жоқ,

Серкеде бар ғой айбат -

Кескіні ердің...

Айла бар, айла десең...

Ақыл да бар,

Сөйледі елден ерек,

Қақылдап ол.

Шығып ап шың басына жер шолады,

Серкені көсем сайлау мақұл болар!"

"Көп мақтап Серкені де қолдама көп,                                           

Сақал мен тәжірибе онда да жоқ...

Тісқаққан,

Мосқал тартқан

Қошқар ғана,

Келеді көсемдікке сол ғана дөп!".

Қой жағы кіжініпті, мұңайыпты:

-      Кім бар, - деп, Қошқардан сол лайықты?

-      Табылар мосқал біреу, - дейді Ешкілер,

Бір таңға сәл кідіріп шыдайықшы?..

Жүрсе де бір өрісте қатар жайлап,

Ешкілер қулық ойлап,

жата алмайды-ақ..

Шашағын құйрығының кесіп-кесіп,

Алыпты түнде бәрі сақал байлап.

Шығып ап оңашалау жер төсіне,

Қайтадан бас қосады ертесіне.

Ешкілер сөз бастайды едіреңдеп,

Мақтана қарап қойып Серкесіне:

"Тұрыңдар, кәне, Қойлар, қатар бәрің!

Ешкіде көрдіңдерғой сақал барын!

Нышаны көсемдіктің осы дей бер,

Біздермен болады ортақ татар дәмің...

Кәнекей, пікір бар ма,

Кім не дейді?" -

Қой жағы келіскендей үндемейді:

"Тілек сол - бір өріске жайылалық,

Ақ Серке бастай берсін күнде мейлі".

Болған соң істің жайы түсінікті,

Қой байғүс амалсыздан кішіріпті.

- Отарды Серке сері бастасын, - деп, -

Ұйғарып бір ауыздан ұсыныпты...

Белгілеп жүретұғын жолын алдан,

Бөлініп өзге түлік - толы малдан,

Не керек, соқа шығып, содан бері

Ақ Серке Қой бастайтын болып алған.

Ортақ боп Қой, Ешкіге қоғам жері,

Қонысқа айналыпты сораң - белі...

Қой байғұс

Ешкі аузынан шөп алмайтын,

Момын мал атаныпты содан бері...

Болғанмен Серке - сері,

Теке - мықты,

Олардың қасиетін нөкері ұқты...

Салмақты,

сабырлы әрі болғаны үшін

Қой ғана семіздікті көтеріпті.

Мақсұт Неталиев

Категория: Барлық реферат | Добавил: admin
Просмотров: 1297 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar