Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 421-430 |
Страницы: « 1 2 ... 41 42 43 44 45 ... 175 176 » |
Махаббат — адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық, нәзік сезімі екені белгілі. Адамдардың басым көпшілігін толғандыратын да, көптеген көркем шығармаларға өзек болған тақырып та жігіт пен қыз арасындағы махаббат. Бүгін сіздерге ұсынбақ болып отырған киномыз да осы махаббат тақырыбына арналып отыр. Ол Талғат Теменов түсірген «Махаббат бекеті» фильмі. Кино 1993 жылы түсірілді. Фильмнің түсіріліп, көрерменге жол тартқанына биыл 19 жыл толып отыр. Басты рөлдерде Баян Мұхитденова(Есентаева), Қуанышбек Әділов, Бөпеш Жандаев секілді актерлар сомдайды. |
Исатай Тайманұлы бастаған көтерілістің көсемі әрі жалынды жыршысы, халқының азаттығын көксеген күрескер, ел бастаған батыр, қазақтың өр рухты ақыны Махамбет Өтемісұлы туралы деректі фильм түсіріліп көрермендеріне жол тартқан болатын. Аталған фильм 2003 жылы түсірілді. Сценарий авторы және қоюшы режиссері Жаңабек Жетіруов. |
Қазақ халқының жаугершілік киім-кешектері мен қару-жарақтары және соғыс уақытындағы кейбір дәстүрлер
Осынау өтпелі кезеңде қоғамдағы болып жатқан өзгерістер, саяси көзқарастарға байланысты әрбір мектеп деңгейіндегі балалар қазақ елінің тарихын, салт-дәстүрін, елдігін танып, санасына түйіп, ата- бабаларымыздан қалған мұраларды, қазақ мәдениетін кейінгі ұрпаққа жеткізе білуі үшін ұлттық дүние танымды қалыптастыруымыз қажет. Эпос, жырлармен сусындап өспеген қазақ баласынан жүректі, байсалды, намысшыл, патриоттық сезімге бай ұрпақ шығуы екіталай… |
ХІХ ғасырда қазақтың күңгірт көгінде жарқыраған жұлдыздардың бірі Ыбырай болғаны әмбеге аян. Ол өзінің туған халқы тұңғиыққа тіреліп тұрған сәтте, мүлгіген сахарада білім шырағын жарқыратып жағу үшін бар өмірін сарп етті.Өткен жылы Ақтөбеде Іңкәр Қарашаева есімді жас ғалымның: «Aлғашқы зерттеуім Ыбырай Алтынсарин атамыздың мектептердің ғана емес, тұңғыш кітапхана ұйымдастырушысы болғанын да анықтауға арналды. Зерттеу барысында қызықты деректерге тап болдым. Ы.Алтынсарин білім алған Орынбордағы мектептің суреттерін таптым. Атамыздың басына жасанды шаш - парик кигенін білдім. Жобамды кейін Кіші ғылым академиясында қорғадым, мақтау қағазына ие болдым», - деген сөзі есімде. Жас ғалым бұл пікірін «Ақтөбе» атты облыстық басылымда білдіріпті. Қанша мәрте Іңкәр Қарашаевадан Ыбырай атамыздың Орынбордағы фотоларын сұрауға талпынғаныммен, ақтөбелік жас ғалыммен жолығудың да, кезігудің де сәті түспеді. |
Тәж-Махал - Ақсақ Темірдің ұрпағы Жақан шахтың тоқалы Мұмтаз Махалға арнап салдырған кесене дейді аңыздар. Он тоғыз жыл отасып, он үш құрсақ көтерген, он төртінші перзентін дүниеге әкелерде аяулы жар-қосағы Мұмтаз қаза болғанда, Үндістанның әйгілі билеушісі Жаһан шахтың ертегідей патшалығынан өзегін өртеген қайғысынан айықтырар ештеңе табылмаған: ұлы мемлекетті уысында ұстаған билік те, көл-көсір алтын, күміс, асыл дүние де, үндінің хор қызындай қылықты арулары да жұбаныш бола алмаған. Сыңарынан айырылған аққудай болған патша сүйіктісіне арнап, кейін әлемдегі жеті кереметтің біріне саналған |
1991 жылдың қазан айында Қостанай қаласында қазақтың ағартушысы, ұлы ұстазы Ы. Алтынсаринның мемориалды мұражайы ашылды. Бұл шығыс үлгісінде жасалынған әсем ғимарат қаланың тарихи-сәулет өнері бөлігінде Ы. Алтынсарин ескерткіші мен 1884 жылы өзі негізін қалаған озат балаларға арналған Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-интернат жанында орналасты. |
Нобель сыйлықтары (шведше:Nobelpriset, ағылш. Nobel Prize) — жыл сайын әйгілі ғылыми зерттеу, революциялық жаңалықтар немесе мәдениет не қоғам дамуына зор үлес қосатын жұмыстар үшін берілетін халықаралық сыйлықтардың ішіндегі ең танымалдарының бірі. 1895 жылы құрылған және келесі бес бағыттың өкілдеріне сыйлық беруді қарастыратын Альфред Нобельдің өсиетнамасына сәйкес құрылған: |
Шыңғысхан Қытайды жаулап алғаннан кейін, батыс елдерге бірнеше рет саудагерлер мен елшілерін жіберіп, барлау жүргізе бастайды. Жетісу өңіріне монғолдар 1211 жылы келіп кіреді. 1216 жылы Жошы бастаған қалың қол керейлерді бағындыру үшін Торғай даласына дейін барады. Осы жорығында монғол әскерлері тұңғыш рет Мұхаммед хорезмшах әскерлерімен соғысады. 1218 жылы Орта Азияға Шыңғысхан сауда керуенін жібереді, олар Отырар қаласына келген кезде Ғайырхан саудагерлерден күмәнданып, олардың бәрін өлтіруге бұйрық береді |
Шыңғыс хан әулеті – Шыңғыс ханның үрім-бұтағы, Шыңғыс хан империясының құрамында болған Орта Азия мен Иран, Алтын Орда, Юань Қытайы, тағы басқа мемлекеттердегі моңғол билеушілері. Шыңғыс хан империясы тарағаннан кейін бұл мемлекеттер дербес өмір сүрді, дегенмен Шыңғыс хан әулеті билікті өз қолдарында сақтап қалды. Олар Шыңғыс ханның бәйбішесі Бөртеден туған 4 ұлдан тарады ұлдан тарады және "Алтын ұрпақ” ("Алтын ұруғ”) деп аталып, түркі-моңғол ақсүйектерінің ішінде ерекше құрметке бөленді, мұрагерлік жолмен хан тағына отыруға және елдегі билікке араласуға құқылы болды. |
Туысқан Украина! Сені есіме алғанда менің айтарым да, еске түсер тар кезеңдер мен ыстық шақтарым да көп...
Бірнеше күндер бойы ұдайы жүргізілген қатты ұрыстан кейін біз бір шоқ орман арасында отырмыз. Ұзақ марштан әбден шаршаған солдаттар терең ұйқыда. Тап осы кездегі олардың жүзіне қарай қалсаң күндізгі соғыстар ізі әркімнің кейпінен көрінгендей. Біреулер қабағын түйе қисайса, енді біреулер еріндерін бұртитып әлдекіммен ұрысқалы жатқандай. Ал кейбіреулер кенет селк етіп оянады да, қайта жатады. |