Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 401-410 |
Страницы: « 1 2 ... 39 40 41 42 43 ... 175 176 » |
Майя өркениеті Майя — құшағына бiрнеше ұлтты басқан, тiлi мен дәстүрi, құдайы ортақ ұлыс. Сол кезеңде тамыры бiр бiрнеше жұрттың бiрiккен ошағын майялар деп атаған. Бірақ олар жайлы зерттеуер көп уақыт жүргізілмеген. Майя өркениеті мекендеген аймақ қызылмен шектелген, қарамен — мезоамерикалық өркениеттер аймағы |
Мадлен мәдениеті, палеолит дәуірінің соңғы кезеңін — шамамен б.з.б. 16 — 10 мыңжылдықтарды қамтиды. Ла-Мадлен (Дордонь, Франция) үңгірінің атына байланысты аталған. 1872 ж. француз археологі Г.Мортилье зерттеулерінде атап көрсетті. Мадлен мәдениеті, негізінен, Франция, Бельгия, Испания, Швейцария, Германия жерлеріне тараған. Бірақ оған тән белгілер Орал тауы маңына дейінгі аралықты да қамтиды. Бұл кезде адамдар үңгірлерді, жер кепелерді ішінара жер үстіне салынған үйлерді мекен еткен. Олар, негізінен, аң және балық аулаумен, терімшілікпен айналысты. Мадлен мәдениетінде еңбек құралдары жетілдіріліп, шақпақтастан түрлі тескіш, кескіш жасау, хайуанаттар сүйектері мен мүйіздерінен найза ұшын, ине, біз дайындау дамыды. |
Ех, шіркін-ай. Бала кезімде жаттап алған осы ән жадымда қалып қойыпты. Кейде Ақтоғайдың Қызыларай өңірінде өткен балалық шағым мен жастық дәуренімді сағынғанда сол кезде жаттап алған әндеріме еріксіз кезек беремін. Бала күнімде анам ерте қайтыс болып, әке тәрбиесінде қалдық. Отбасымыз көп балалы еді. Әкем Мақыш Ақтоғайда дүкен меңгерушісі болып қызмет етті. Ер азаматтың қызметі түзде ғой. Қанша дегенмен бізге ана орыны ерекеше болды. Осыны сезген нағашы әжем Биғайша бізге өзінің көп өнегесін көрсетті. Қыз баланың тәрбиесіне қатысты біраз нәрсені үйретіп кетті. Әсіресе мен әжемнің соңынан қалмаушы едім. Ауылдағы той-томалаққа, жиындарға мені ерте жүретін. Сол уақытта ауылда әжем қатарлас екі үлкен әже болды. Аттары Айсұлу, Күнсұлу. Екеуі егіз еді. Ақ кимешектері жарасып, сән салтанаттарымен жүретін. Ауылдың барлығы ол кісілердің аттарын атамай «Қос апа» деп атаушы еді. Күнсұлу апа жас кезінде тұрмыс құрып, бала көтере алмайтынына көзі жеткен соң өзінің сыңары Айсұлуды күйеуіне екінші әйел етіп алып берген. |
Біздің заманымызға дейінгі грек-парсы соғыстары (500—449 жылдар) ежелгі Грекияның тарихындағы бетбұрыс кезең болды, өйткені дәл осы уақыттан бастап грек мәдениетінің классикалық кезеңі басталды. Азаттық жолындағы күресте парсылардың талқандалуы ежелгі Грекия мемлекет-қалаларының қоғамдық құрылысының артықшылығын көрсетіп қана қоймай, азаматтық сананың артуына, ең бастысы — классикалық құлдық қоғамның толық қалыптасуына, ал өз кезеңінде полистік демократияның дамуының нәтижесінде экономикалық және саяси өмірдің жанданып, мәдениеттің гүлденуіне әкеліп соқты. Біздің заманымызға дейінгі V ғасыр Афины, әсіресе Периклдің (біздің заманымызға дейінгі 444—429 жылдар) басшылығы кезінде аса ірі мәдени орталыққа айналды. Афинының рухани өмірінде демократиялық құрылыстың орнығуы — грек театрының гүлденуімен, трагедиялық және комедиялық шығармалары дүниежүзілік әдебиеттің асыл қазынасына енген Эсхилдің, Софоклдың, Еврипид пен Аристофанның шығармашылықтарымен тұспа-тұс келді. |
Біздің заманымызға дейінгі V ғасыр грек тарихнамасы қарқынды түрде дами бастады. Оған үлкен үлес қосқан сонау көне заманның өзінде-ақ «тарихтың атасы» деген атақ-даңққа ие болған Геродот (біздің заманымызға дейінгі 484— 430 жылдар) болды. Оның тақырыбының негізгі арқауы грек-парсы соғыстары болып табылатын «Тарих» атты еңбегі баға жетпес тарихи мұралардың қатарынан орын алды. Көне заманның ұлы тарихшыларының бірі — Фукидид (біздің заманымызға дейінгі 460—400 жылдар) өзінің «Пелопоннесе соғыстары» атты еңбегінде алғаш рет ғылыми — шыншылдық әдісін кеңінен қолданып, сол кезеңдегі тарихи уақиғалардың өзара байланыстарын ашу арқасында, халықтың саяси білімінің артуына себепкер болды. |
Бұл аңыздың басты қаhарманы-Фессалия патшасы Эсонның жалғыз ұлы Ясон жөнінде. Апплодардың өз қолымен жазып кеткен аңызының желісінде, Эсонның кіші інісі Пелий Ясонның әкесімен арам жолмен билікті тартып алып, оның басқа туысқандарын қатігездікпен қудалайды. Ясонды әкесінің достары аман алып қалып, кейін оны кентавр Хирон тәрбиелеген. |
Бүгін әңгімелек болып отырған фильм елім деп ерлік көрсеткен, жерім деп жауға қарсы шапқан хан Кененің елдік көксеген қайсар рухы туралы болмақ. «Кенесары» деректі фильмі «Кенесары» қоғамдық қорының тапсырысымен түсірілген болатын. Режиссері Марат Қоңыров. Қысқа метражды «Кенесар хан» деректі фильмі 2003 жылдың 5 сәуірден бастап түсіріле бастаған болатын. |
Ұлы Абайдың дәстүрін жалғастырушы ірі ақын, ғұлама ойшыл, тарихшы, аудармашы, сазгер Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы түсірілген деректі фильмдер көп емес. Солардың бірі және бірегейі саналатын- «Мұтылған» деректі фильмі. Режиссері - «Қазақстан» ұлттық телеарнасында қызмет еткен, бір кездері көрерменнің көңілінен шыққан «Шынның жүзі» хабарын жүргізген танымал журналист Қасым Аманжолұлы. Деректі фильм 2008 жылы Шәкәрім қажының 150 жылдығына орай түсірілген болатын. «Мұтылған» деректі фильмі телеарналар жаппай көрсетіп, кеңінен таралмаса да, киногерлер жылы қабылдағандықтан, фильмге Республикалық Кинематографистер Одағының «Құлагер» сыйлығы берілді. |
Тіл – ұлттың жан дүниесі. Расында Қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасын дарыған ана тілі ғана. Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Оған жүздеген мысалдар келтіруге болады. Осы сияқты ой тұжырымдардың баршасы ел аузына түспей, ғасырлар өтсе де ұрпақ жадында сақталған қанатты сөздер. |
Бүгін сіздерге ұсынып отырған фильм «Рух шырағданы» (Құрылтай) деп аталады. Аталған фильм 2003 жылы түсірілген болатын. Режиссері Әлия Сүлеева. Ол бұдан өзге «Мой дом на зеленых холмах» кинофильмі сценарийінің тең авторы (С. Бодровпен бірге), «Жеңіс семсері» кино- фильмінің қоюшы режиссері болды. Білікті режиссер Әлия Сүлеева 1984 жылы Бүкілодақтық сценаристер сайысының «Үздік сценарий үшін» сыйлығының иегері болды. «Рух шырағданы» деректі фильмінің шығуына қатысқан шығармашылық топ аз емес. |