Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 261-270 |
Страницы: « 1 2 ... 25 26 27 28 29 ... 175 176 » |
Англияны Нормандардың жаулап алуы. Халықтардың ұлы қоныс аударуы кезінде Британияға германдықтардың ағылшын-сакс тайпалары барып қоныстанды. Олар алғашқы кезде өзара қырғи қабақ соғыстар жүргізіп отырған жеті корольдік құрды. IX ғасырда олар бірікті. X ғасырдың аяғынан бастап бұл бірлестік Англия деп аталды. Оны алғаш даниялықтар жаулап алды. Англия бірлестігі тек XI ғасырда ғана даниялықтардың үстемдігінен құтылды. Алайда Англия корольдігі әлсіз еді. Феодалдар өзара қырқысып, әрі корольмен қактығысып, жауласып отырды. Нормандардың Англияны жаулап алуы. |
XI ғасырда Франция бірнеше ірі феодалдық иеліктерге бөлінді. Олар: Нормандия, Бургундия, Бретань, Аквитания герцогтіктері; Анжу, Тулуза, Шампань т.б. графтықтары. Герцогтер мен графтар корольдің бағыныштылары болғанымен, олар іс жүзінде корольге бағынбады. Король иелігі домен деп аталды. Ол Париж бен Орлеанның төңірегінде болды. Корольдің иелігі көлемі мен халқының саны жағынан герцогтер мен графтар иеліктерінен аз болды. XII ғасырдан бастап корольдер әр түрлі жолдармен өз иеліктерінің көлемін ұлғайта түсті. Король өз иелігін басқа жерлерді жаулап алу, тиімді үйлену, мұрагерсіз мырзалардың жерін косып алу, антын бұзған бағыныштының жерін тартып алу арқылы ұлғайтып отырды. Король II Филипп Август (1180-1223) ағылшын корольдерінің Франциядағы иеліктері - Нормандияны, Анжуды, Аквитанияның біраз бөлігін тартып алып, өз доменіне косты. Француз королінің доменіне Тулуза графтығы да қосып алынды. IV Көркем Филипп король (1285-1314) өз доменіне Шампань графтығын қосып алды. |
Шаруашылықтағы қол жеткен табыстар XI ғасырға қарай Батыс және Орталық Еуропада орман азая түсті. Шаруалар егінге жер әзірлеу үшін калың ну ормандарды отап, оларды тамырларымен қопарды. Көп жерлерде батпақтар күрғатылды. Бүрын қаңырап, бос жатқан жерлер жайқалған егістікке айналды. Жыртылатын жер көлемі едәуір кеңейді. Қос танапты егіс үш танапты егіспен алмасты. Жыртылатын жер енді екіге емес, үш танапқа бөлінді - оның біреуіне күздік дакылдар, екіншісіне жаздық дақылдар себілетін болды, ал үшіншісі тыңайтуға қалдырылды. Енді егістіктің жартысы емес, үштен бірі ғана тыңаятын болды. |
Батыс Еуропа елдерінде XV ғасырдың 1-жартысынан феодалдық құрылыс ыдырауға бет алды. Ірі-ірі қалалар дамып, еңбек құралдары жетілдірілді, ірі кәсіпорындар пайда болып, тауар өндіру артты, сауда ұлғайды. Ақшаның маңызы күшейіп, сауданың одан әрі дамуына себепші болды. Теңге соғу үшін алтын-күміс металдарына деген сұраныс артты. Өндіріс заттарын көп өндіру үшін арзан шикізат керек болды. Сол кезде Батыс Еуропа елдерінде осы айтылған қымбат заттар Үндістанда, Шығыс Азия елдерінде «төгіліп жатыр» деген қауесет тарады. Батыс еуропалықтар су тегін байлыққа тез жетіп, алтын, піл сүйегі және бағалы металдар мен морж тісіне кенелгісі келді. Сөйтіп сауданың дамуы бұл арды қауіп-қатерлі жаңа жерлер іздеуге итермеледі. Бұл кезде түрік жаулап алушылары олардың Кіші Азия мен Сирия арқылы Шығысқа баратын жолын толық жауып тастаған еді. Бұл жағдай Еуропадан Азияға баратын жаңа жолдар іздеуді қажет етті. |
Испания королі Фердинанд пен оның жүбайы Изабелла өздерін «католиктік корольдерміз» деп атады. Олар Испанияны таза христиандар еліне айналдыруды көздеді. Ол үшін король билігін нығайту қажет болды. бұл мақсатқа жету жолында Испания корольдері католик шіркеуіне арка сүйеді. 1516 жылы арагондық Фердинанд қайтыс болды. Таққа V Карл (1516-1555) отырды. Ол Испания үлгісіндегі дүниежүзілік католиктік империя құру ісін онан әрі жалғастырды. Алдымен ол әскерді күшейтті, соғыс кемелерін көбейтті, корольді қолдаушы кеңес құрды. Соның көмегімен абсолюттік тәртіп орнатты. Еуропадағы католиктік күштер Испанияның дүниежүзілік империя құру құралына айналды. 1555-1598 жылдары билік құрған король II Филипп католиктік реакцияны бүкіл Еуропа елдеріне таратуға тырысты. Осы мақсатпен ол епископтар санын 4-5 есе көбейтті. XVI ғасырда Испания корольдігі Еуропаның ең күшті державаларының бірі саналды. |
Арабтармен күрес 711-714 жылдары Пиреней түбегіндегі Вестгот корольдігіне арабтар өз үстемдігін орнатты. Бұл жерде арабтарды маврлар деп атады. Себебі олар Солтүстік Африкадағы Мавритания аймағынан келген болатын. Арабтар мұнда 756 жылы Кордова әмірлігін құрып, оны 929 жылдан бастап тәуелсіз халифаттық деп жариялады. Тек түбектің солтүстігіндегі шағын Астурия облысы ғана тәуелсіздігін сақтап қалған еді. Кейін Испания деп аталған Вестгот корольдігінің арабтар иелігіне көшкен бөлігі гүлденген өлкеге айналды. Шаруалар бірсыдырғы жеңілдіктер алды. Соның арқасында Испанияның ауыл шаруашылығы жедел қарқынмен дами түсті. Арабтар бірсыпыра жаңа дақылдар өкеліп, өсіре бастады. Арабтар кеңінен қолданған суару каналдарының жүйесі егіншіліктің өркендеуіне септігін тигізді. Испанияда мал шаруашылығымен қатар қолөнер кәсібі де дамыды. |
Қала мемлекеттері және олардың ерекшеліктері. XI-XV ғасырларда Италия Еуропаның басқа елдері сияқты бытыраңқы ел болып қала берді. Бірақ онда бұрынғы қалалар ұлғайып, жаңа қалалар қатары өсті. Италия қалаларының онан әрі дамып, жетіле түсуіне кресшілер жорығы себеп болды. Кресшілерді Таяу Шығысқа тасудан, оларды азық-түлік, киім-кешек, қару-жарақпен қамтамасыз етуден Италия қалалары көп табыс тауып отырды. Қалаларда қолөнер мен сауда жоғары дәрежеде дамыды. Шұға, зығыр, жібек маталары тоқылды, шыныдан әсем бұйымдар жасалды, металл өндіріліп, кемелер құрастырылды. Қала қолөнершілері цехтарға бірікті. |
Германия жерлерінің мемлекеттік-саяси даму ерекшеліктері 962 жылы Германия королі І Оттон Римді басып алды. Рим папасы оған тәж кигізіп, император деп жариялады. Германия империясының құрамына Солтүстік Италия да кірді. Аумағы кеңейген Германия корольдігі енді «Қасиетті Рим империясы» деп аталды. XI ғасырда Бургундия корольдігі мен Чехияның біраз жерін қосып алды. XI ғасырдың ортасына қарай Германияда орын алған саяси бытыраңқылық біртіндеп күшейе түседі. Германиядағы ұсақ және орташа ауқатты жер иелері тікелей корольге емес, кінәздерге, герцогтерге бағынды. Ал кінәздер өз биліктерін нығайтып, бейбітшілік кезінде корольге тәуелді болмады. 1356 жылы император IV Карл «Алтынбулла» деген жарлығын жариялады. Ол бойынша императорлар жеті курфюрстердің (үш діни, төрт ақсүйек кінәздер) жиналысында сайланатын болды. Курфюрстер өздері сайлаған императорлардан кінәздердің дербестіктеріне араласпауын талап етті. «Алтын булла» Германияның саяси бытыраңқылығына заң жүзінде жағдай жасап берді. |
Қайта Өркендеу Дәуірі, қайта өрлеу дәуірі, Ренессанс – Батыс Еуропа мәдениетінің даму кезеңі (14-16ғғ). Антиктік идеалдар мен құндылықтарды жаңғырту және орта ғасырлық мұрадан арылу ретінде қалыптасты. Алдымен Италияда кейіннен Еуропаның басқа аймақтарынан таралды. Зайырлы мәденниеттің рөлі артты. Бұл дәуірдің мәдениеті гуманизм құндылықтарына негізделеді. Сондықтан бұл дәуір қайраткерлерін гуманистердеп атайды. Оның өкілдері осы дәуір мәдениетіне ой еркіндкгі мен сыни көз карасты енгізді. Ренессанс дүние танымы антропоорталық сипатта болды. Дүниенің орталық тұлғасы - адам, ал Құдай - барлық заттардың бастауы. Қоғам- адамдар әрекетінің нәтижесі. Бұл дәуір адамның өзіндік санасы өзін таныту, өз куш, қабілетін сезіну ретінде корініс табады. |
Жылнамалар. Қоғамдық ой. Кінәздің, әрбір ірі каланың жылнамасы болды, оған өтіп жатқан оқиғалар жазылды. Кінәздер бір-бірімен жиі жауласатын, ал кінәз жылнамашылары өз кінәзін ақтауға, оның қарсыласын қаралауға тырысты. Кейбір жылнамашылар өз жазбалары дәлелді болуы үшін кінәз мұрағатындағы нақты құжаттар көшірмелерін дерек ретінде келтіріп отырды. Бұрынғы қысқа хабарлардың орнына (кейде жылына бір жол) енді жылнамашылар көбіне оқиғалардың күн сайынғы желісін сипаттай отырып, шайқастар, дипломатиялық келіссөздер туралы егжей-тегжейлі есептер жазды. Алайда ХІІ-ХІІІ ғасырлардағы жылнамашылар өз уақыты мүддесінен асып кете алмады, кейде әділетсіз, өзімшіл болды. Соған қарамастан жылнамалар біз үшін аса маңызды тарихи дерек болып табылады. |