Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 1756
Показано материалов: 1521-1530
Страницы: « 1 2 ... 151 152 153 154 155 ... 175 176 »

1883 жылы Ертіс жағынан орын тепкен Семей қаласының орталығынан тұңғыш жаңа кітапхана ашылды. Оны ұйымдастырушылар Абайдың досы орыстың саяси жер аударылып келген интеллигенттері – Е. П. Михаэлис бастаған А. А. Лентьев, Н. И. Долгополов, П. Д. Лобановский, Северин, С. С. Гросс тәрізді саяси жер аударушылар еді. Семей өңірінде ашылған тұңғыш кітапхананың өмірге келуі Абай есімімен тығыз байланысты. Өйткені бұл кітапханада Абай түнге дейін отырады екен. Михаэлис пен Абай ең алғаш осы кітапханада кездеседі. Абай кітапханаға келіп «Л. Н. Толстойдың бір шығармасын сұрайды. Ол кітап Е. Михаэлистің қолында, енді ғана өткізуге кезекте тұрған Абайдың сұрағанын көріп, Михаэлис қолындағы кітабын ақынға береді. Екі данышпанның кездесуі осылай мәңгі достыққа айналды. Михаэлисен кездесу Абайдың өмірге, дүниеге көзқарасын шыңдай түседі.
Барлық реферат | Просмотров: 1063 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.03.2013 | Комментарии (0)

Кітапхана 1893 жылы бастауыш білім беру қоғамның қамқорлығына берілді. Осы кезден бастап кітапхананың жағдайы жақсарып, кітап қоры толықтырыла бастады. Ал 1902 жылы Семейде ақысыз оқу үйі қоғамдық кітапханамен біріктіріледі. Міне осы уақыттан бастап Н.В. Гоголь атындағы кітапхана қоғамдық кітапхана болып аталатын болды.
Барлық реферат | Просмотров: 1391 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.03.2013 | Комментарии (0)

Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.
Барлық реферат | Просмотров: 3715 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.03.2013 | Комментарии (0)

Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы 11 шілдеде Шыңғыстау бөктерінде қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында дүниеге келген. 1931 жылдың сарыала күзінде алты мүшел – 73 жасқа қараған Шәкәрім қажы Бақанаста, елсіз «Саятқора» маңында ГПУ-дің жендеттері оғынан қайғылы қазаға ұшырап, отыз жыл бойы тәні көмусіз, ойпаңдағы құр құдық түбінде қалды. «... 1961 жылы 26 июльде Бақанасқа бардым. 27 июльде әкемді тастаған құдықты жалғыз қазып, 28 июльде және қазып, барлық сүйегін түгел алдым. Тек, оқ бүлдірген екі сүйегі болды. Бірі - оң жақтағы тоқпақ жіліктің басын үзген. Екінші атқан оқ төс сүйектің ортасынан өтіп, оң жақ омыртқаның қанатын сындырған. ... 7 августе қабірі қазылды, 8 августе Абай зиратының қасына жерленді», - деп есіне алады Ахат Шәкәрімұлы.
Барлық реферат | Просмотров: 3189 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.03.2013 | Комментарии (0)

Ә. Бөкейханов пен Кәкітай Ысқақұлы ең алғаш рет Абайдың өмірбаяны мен ақындық өнердегі басты ерекшеліктері, орыс және осы арқылы европалық әдебиетпен қарым-қатынасы алғаш рет сараланып, ақындық кітапханасының жайы біршама анықталғаны бар. Кәкітай Абайдың ақындық өнерге шынымен бет бұрғаны сексенінші жылдар озық ойлы орыс әдебиетімен танысуында жатқанын қадай айтты. 
Барлық реферат | Просмотров: 2753 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.03.2013 | Комментарии (0)

Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?
Македония шаһары - оған мекен.
Филипп патша баласы, ер көңілді,
Мақтан сүйгіш, қызғаншақ адам екен.
Филипп өлді, Ескендір патша болды,
Жасы әрең жиырма бірге толды.
Өз жұрты аз көрініп, көршілерге
Көз алартып қарады оңды-солды.
Барлық реферат | Просмотров: 2770 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.03.2013 | Комментарии (0)

Бір сөзім Мың бір түннен оқып жүрген,
Өлең қып сол сөзімді айтқым келген.
Болыпты ағайынды екі жігіт,
Бағдатта Мұстапа мен Сапа деген.
Екеуі жетім еді әкесі өлген,
Талаптан жетеміз деп, бос жүрмеген.
Тігінші, кестеші еді кіші інісі,
Мұстапа суретшілік ғылым білген.
Барлық реферат | Просмотров: 1895 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.03.2013 | Комментарии (0)

Я, Алла, құрметіне достың Махмұт,
Тілге яр бер, білінсін тұғры мақсұт.
Һаруан-Рашид халифа заманында
Бағдатта бір жігіт бар аты Масғұт.
Шаһардан бір күн Масғұт шықты тысқа,
Барды ма кезі келіп бір жұмысқа?
Бір ұры бас сап тонап жатқан жерде
Кез болды бір бишара шал байғұсқа.
Барлық реферат | Просмотров: 2561 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.03.2013 | Комментарии (0)

Осы елдің үнем қылып жүргені немене? Екі нәрсе. Әуелі - ұрлық, ұры ұрлықпен мал табам деп жүр. Мал иесі артылтып алып, тағы да байимын деп жүр. Ұлықтар алып берем деп, даугерді жеп, құтқарам деп ұрыны жеп жүр. Қарапайым жұрт ұрлық айтып мал алам деп, ұрыға атымды сатып пайдаланам деп, не өткізбесін арзанға түсіріп алам деп жүр. Екінші - бұзақылар біреудің ойында жоқ пәлені ойына салып, бүйтсең бек боласың, бүйтсең кеп боласың, бүйтсең кек аласың, мықты атанасың деп, ауқаттыларды азғырғалы әлек болып жүр. Кім азса, мен соған керек боламын деп, к...н қыздырып алып, өзін бір ғана азық қылайын деп жүр.
Барлық реферат | Просмотров: 1231 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.03.2013 | Комментарии (0)

Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы - қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін. Үлкендік - адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Яғни, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді - осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінездерді бойына қорлық біліп, өзін ондайлардан зор есептемек. Бұл мінез - ақылдылардың, арлылардың, артықтардың мінезі. Олар өзімді жақсы демесе, мейлі білсін, жаман дегізбесем екен деп азаптанады. Екінші, мақтаншақ деген біреуі «демесін» демейді, «десін» дейді. Бай десін, батыр десін, қу десін, пысық десін, әрдайым не түрлі болса да, «десін» деп азаптанып жүріп, «демесінді» ұмытып кетеді. Ұмытпақ түгіл, әуелі іс екен деп ескермейді. Мұндай мақтаншақтардың өзі үш түрлі болады. Біреуі жатқа мақтанарлық мақтанды іздейді. Ол - надан, ләкин надан да болса адам. Екіншісі өз елінің ішінде мақтанарлық мақтанды іздейді. Оның надандығы толық, адамдығы әбден толық емес. Үшіншісі өз үйіне келіп айтпаса, я ауылына ғана келіп айтпаса, өзге кісі қостамайтын мақтанды іздейді. Ол - наданның наданы, ләкин өзі адам емес.
Жатқа мақталсам екен деген елім мақтаса екен дейді. Еліме мақталсам екен деген ағайыным мақтаса екен дейді. Ағайынның ішінде өзі мақтау іздеген өзімді өзім мақтап жетем дейді. 
Барлық реферат | Просмотров: 2029 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.03.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1501-1510 1511-1520 1521-1530 1531-1540 1541-1550 ... 1741-1750 1751-1756