Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 1756
Показано материалов: 1531-1540
Страницы: « 1 2 ... 152 153 154 155 156 ... 175 176 »

Пайғамбарымыз салаллаһу ғалайһи уәссәлләмнің хадис шарифінде айтыпты: «мән лә хаяһүн уәлә иманун ләһу» деп, яғни кімнің ұяты жоқ болса, оның иманы да жоқ деген. Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «ұят кімде болса, иман сонда» деген. Енді бұл сөзден білінді: ұят өзі иманның бір мүшесі екен. Олай болғанда білмек керек, ұят өзі қандай нәрсе? Бір ұят бар - надандықтың ұяты, жас бала сөз айтудан ұялған секілді, жақсы адамның алдына жазықсыз-ақ әншейін барып жолығысудан ұялған секілді. Не шариғатқа теріс, не ақылға теріс жазығы жоқ болса да, надандықтан бойын керістендіріп, шешілмегендік қылып, ұялмас нәрседен ұялған мұндай ұят шын ұялу емес - ақымақтық, жамандық.
Барлық реферат | Просмотров: 1478 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.03.2013 | Комментарии (0)

Рас, бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған. Бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ендігі жұрт ата-бабаларымыздың мінді ісін бір-бірлеп тастап келеміз, әлгі екі ғана тәуір ісін біржола жоғалтып алдық. Осы күнгілер өзге мінезге осы өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай сол аталарымыздың екі ғана тәуір мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел қатарына кірер едік. Сол екі мінез жоқ болған соң, әлгі үйренген өнеріміздің бәрі де адамшылыққа ұқсамайды, шайтандыққа тартып барады. Жұрттықтан кетіп бара жатқанымыздың бір үлкен себебі сол көрінеді.
Барлық реферат | Просмотров: 1759 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.03.2013 | Комментарии (0)


Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Барлық реферат | Просмотров: 1084 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 10.03.2013 | Комментарии (0)

(1706-1781) жоңғар басқыншыларына қарсы күресте аты шыққан атақты батырлардың бірі, белгілі қолбасшы. Шыққан тегі Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан. Мекені Алматы қаласы маңындағы Жалпақтөс, Серіктас деген жерлер.
Барлық реферат | Просмотров: 1067 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 09.03.2013 | Комментарии (0)

Алмажан   Азаматқызы   Батыс   Қазақстан, Нарынның Бекетай-Бесқасқа дейтін құмында 1823 жылы туған.
Барлық реферат | Просмотров: 2440 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 09.03.2013 | Комментарии (0)

Жасында молдадан оқығаннан кейін, Семейдегі Городское училище деген орысша мектепке оқуға түседі. Онда екі-үш жыл оқығаннан кейін науқасқа шалдығып, оқи алмай ауылға қайтады. Қаладағы дәрігерге қаратқан Абай баласының осыдан кейін қалада қалуына болмайтынын білген соң ауылына алып қайтады да өз тәрбиесіне алады. Әкесінің касында жүріп, ол да өздігінен ізденіп білімін толықтыра береді. 1886-1887 жылдары өз ауылындағы мектеп-медреседе оқып, білім алды.
Барлық реферат | Просмотров: 4626 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 09.03.2013 | Комментарии (0)

Ақылбай - Абайдың Ділдә атты бәйбішесінен 1861 жылы туған тұңғыш баласы. Ділдәдан Ақылбайдан басқа Әбдірахим (Әбіш), Мағауия деген балалары болған.

Барлық реферат | Просмотров: 1636 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 09.03.2013 | Комментарии (0)

Өтеғұлұлы Өтеген (1699- 1773) – XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен қазақ батыры. Шыққан тегі – Ұлы жүз Дулат тайпасының Жаныс руынан. Өтегеннің ата-бабалары да есімдері елге танылған батырлар болған. Бабасы Сырымбет қазақ ханы Салқам Жәңгірдің Самарқан әмірі Жалаңтөспен бірігіп, жоңғардың 50 мың әскерін талқандайтын әйгілі шайқасына қатысқан батыр. Өз әкесі Өтеғұл да талай қанды жорықты бастан кешкен батыр адам болған. Шешесі Нұрбала атақты Қордай батырдың немересі екен. Осындай тектілерден жаралған Өтеген де 15 жасында-ақ есімі елге танылып, батыр атанады.
Барлық реферат | Просмотров: 1207 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 09.03.2013 | Комментарии (0)

Өмірұлы Жасыбай (ХҮІІІ ғ.) – жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен қазақтың әйгілі батыры. Шыққан тегі – Орта жүздің Арғын тайпасының Бәсентиін руынан. Әкесі Өмір от ауызды, орақ тілді шешен адам болыпты.
Барлық реферат | Просмотров: 1156 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 09.03.2013 | Комментарии (0)

Күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлы XIX ғасырдың басында Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген.
Барлық реферат | Просмотров: 1263 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 09.03.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 1511-1520 1521-1530 1531-1540 1541-1550 1551-1560 ... 1741-1750 1751-1756