Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 131-140 |
Страницы: « 1 2 ... 12 13 14 15 16 ... 175 176 » |
Осынау тарихи жолдың жібек саудасына байланысты "Жібеек жолы” атанғаны түсінікті. Ал "Ұлы” сөзінің оған қосылуы жолдың кең-байтақ Шығыс өлкелері мен Батыс өлкелерін байланыстырып жатуынан. Сондықтан да бұл жол "Ұлы Жібек жолы” болып тарихқа енді. |
Ән-ғасырлық мәдениетіміздің көркем формасының бірі , заманның тарихи шежіресі, бүгінгі күннің белсенді жаршысы. Әннің жан дүниені тебірентетін үні адамға қайғы үстінде, қуанышында да, демалыс уақытында да, еңбек пен тұрмыста да көңіл серігі болады. Халқымыздың музыкалық және поэтикалық шығармалары бүгінгі жастарды Отанға деген сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге, білімге өнерге құштарлығын қалыптастырады. «Жас шақта берілген тәрбие өмірлік азық»- дейді халқымыз. Осыған орай қазіргі таңда жастарымызды патриоттық әндермен жан-жақты дамыған, білімді, өнерлі, еңбек сүйгіш адамгершілікке тәрбиелеуіміз қажет. |
Ұлыбритания-парламентарлық монархия. Ұлыбританияның бір тұтас конституциясы жоқ. Бірнеше ғасырлар бойы қалыптасқан конституциялық актілерге: парламент заңдары, сот прецеденті, келісімдер мен әділеттік право салалары жатады. Мемлекеттік басшысы- король (королева). Корольдік билік-өмір бақи және атадан балаға қалатын мұра. Король атқару өкіметтің жоғарғы басшысы, сот жүйесін басқарып, қарулы күштердің жоғарғы қолбасшысы болып саналады, мемлекеттік англикан шіркеуін және Ұлыбритания елдері бірлестігін басқарады. Король билігі тек қағаз жүзінде ғана. |
Түркиядан біраз қазақтар 1980 жылдың басынан бастап Ұлыбританияға жұмыс бабымен қоныс аудара бастаған. Олардың барлығы дерлік бұл күнде Лондонда өмір сүріп жатыр. Бұдан басқа соңғы жылдары Қытай және Ауғанстан сияқты елдерден Ұлыбританияға келіп баспана сұрап тұрып қалған біраз қазақ тағы бар. Бірақ олардың саны көп емес. Жалпы алғанда, Түркиядан Ұлыбританияға көшіп келіп тұрып жатқан қазақтардың саны 200 адам шамасында. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, тұрмысқа шығып (үйленіп), жоғары білім алып немесе жұмыс істеуге тағы басқа себептермен көптеген Қазақстан азаматтары Ұлыбританияға келіп өмір сүруде. |
Ақселеу Сланұлы Сейдімбеков бұрыны Жезқазған, қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданына қарасты «Дружба» совхозына 1942 жылы дүниеге келген. 1962 жылдан 1968 жылға дейін Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқып журналистика факультетің бітіріп шыққан. «Лениншіл жас» газетінде меншікті тілші, мұнан әрі «Социалистік Қазақстан» газетінде әдебиет және өнер бөлімінің болған. «Орталық Қазақстан» газетінде жауапты секретарь болып қызмет атқарған, ғылыми көпшілік журнал «Білім және еңбектін» бас редакторы болып қызмет істеген. Қазіргі кезде Астананың тұрғыны, «Азия транзит» журналындағы ақылдастар алқасының мүшесіне кіреді. |
…Тайга ішінің аязы бүгін ерекше шаңытып тұр. Барактан барынша жылы киініп шыққан қария қуаты қайта бастағанын бойының лезде қалтырап қоя бергенінен аңғарғандай болды. Қалың оппа қардан малтығып, бірер аттап үлгергені сол еді, жайдың оты түскендей әлде не жақын маңнан шатыр етті. Қарағай, самырсындар селк етіп, ағаштардың өн бойларынан қар ұшқыны саулап қоя берді. Еңсегей бойлы қария өзін басып қала жаздаған ақ ұлпадан үсті-басын қағынып, арылысымен-ақ қарсы алдына көз салды. |
Қай заманда қазақ үшін ән өнердің ұшар басында тұрды. Көшпелілердің сахнасын өлеңмен ашу ата дәстүрі болса, сол рухани азығымыздың өрісі өрлеп, өркендей түсті. Сұлу саз, көркем сөз, асқақ ән дегенде, қазақтың сал-серілерінің бейнелері көзге елестейді. Бұл орайда әңгіме қозғалса сексен көлі толқыған аққулы өлке Есіл-Көкше еске түседі. Сол асыл өңірді әнмен көмкерген Сегіз сері, Шал ақын, Нияз сері, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай әндері халқымыздың мәңгі өшпес рухани азығына айналды. Бұл жолы қазақтың ақтангер ақыны, ұлы композитор, өз заманында алдына жан салмаған әнші Үкілі Ыбырайдың бүкіл шығармашылық әлемін түгелімен қозғамай, "Гәкку” атты әні жайлы ғана ой өрістетпекпін. |
XVI ғасырдың 90-жылдарынан XVII ғасырдың басына дейінгі Қазақ хандығының тарихы Шығайдың Абдаллахқа өтіп кетуі, Тәуекелдің одан қалуы, қазақ сұлтандары қатысқан 1588-жылғы Ташкент көтерілісі, 1594-1595 жылдардағы Тәуекел Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы, Самарқандты басып алған кездегі соғыс оқиғалары сияқты деректермен белгілі. Бұл аймақтардың Қазақ хандығы құрамына қосылуының тарихи маңызы зор болды, бір тарихи кезеңнің екіншісімен алмасуын көрсетті. Бұл оқиғалар тек қазақ хандығына ғана емес, шайбанилік мемлекеттерге де елеулі ықпал жасады, өйткені Орта Азиядағы әулеттер ауысуының солармен тікелей байланысы болды. |
Қазақстанға Сталин жендеті Голощекин келгенше Алаш қозғалысы, Алаш орда өкіметі оның серкелері туралы әредік обьективті пікірлер де айтылып отырды. Бұл ретте Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен қоғамдық-шығармашылық қызметі туралы М.Дулатов очеркі мен М.Әуезов мақаласын, Мағжан Жұмабаевтың ұлы ақындық сырын ашқан Ж.Аймауытов эссесінің салмағы мен құны, ғылыми және танымдық мәні бүгінде бір мысқал төмендеген жоқ. |
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заң қабылдады. Қабылданған тарихи құжаттың 1-ші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет, ол өз өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп жүргізеді деп айтылғандай, осы күннен бастап Республика тарихында жаңа кезең басталды. Бірақ біреулер ойлағандай ел тәуелсіздігі құжатқа қол қою рәсімі арқылы қол жеткендей оңай келген жоқ. Сонау «Ақтабан шұбырынды» жылдардан басталған, ел басына қауіп төнген ауыр кезеңнен бастап, орыс отаршылдығына қарсы жүргізілген ұлт-азаттық көтерілістер |