Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 1756
Показано материалов: 121-130
Страницы: « 1 2 ... 11 12 13 14 15 ... 175 176 »

Көкшетаудан Қызылжарды бетке алып шыққанда жолда Сырымбет ауылы кездеседі. Бұл өңірдің тарихы қазақ тарихы үшін аса маңызды. Төрелер тұқымы мекен етіп, өзіне орда еткен киелі жерде Айғаным ханымның қонысы бар. Бүгінгі күні осы қоныс өткен тарихымыздың куәсі болып, сыр шертеді.

  Қоныс иесі Айғаным Абылай ханның қарақалпақтан алған әйелінен туған Уәли деген баласының төртінші әйелі. Тарихта Абылай дүниеден өткеннен кейін билікті Уәли алғаны белгілі. Айғаным Уәлидің ең жас тоқалы. Айғанымды алғанда Уәлидің жасы елуде болса керек. 

Барлық реферат | Просмотров: 1229 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

 Есенжанов Хамза Ихсанұлы (1908-1974) – жазушы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында туған. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік техникумын, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын, Ленинградтағы (қазіргі Санкт-Петербор) Мемлекеттік өнертану институтының аспирантурасын бітірген. 1932-1937 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының жауапты хатшысы, КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалы әдебиет пен фольклор секторының меңгерушісі қызметтерін атқарды. 1937 жылдан Қазақ мемлекеттік филармониясының, кейін Қазақ опера және балет театрының директоры қызметін атқара жүріп, Қазақ педагогикалық институтында орыс әдебиеті тарихынан сабақ берді.
Барлық реферат | Просмотров: 1750 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Жазушы Әлібек Асқаров Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Чернова ауылында 1951 жылдың 24 қаңтарында дүниеге келген.

         Мектеп бітірген соң ауылда түрлі шаруашылық жұмыстарын атқарды, киномеханик  болды.

          Алматыдағы көркемсурет училищесін, ҚазГУ-дің журналистика факультетін бітірді. Совет Армиясы қатарында әскери борышын өтеді.

Барлық реферат | Просмотров: 1139 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Өмірде «жақсымен жанасып, жаманнан адасып» жүрген Қы­некең Өзбек КСР-нің І  хатшысы болған Усман Юсупов, Нуриддин Мухитдинов, Шараф Рашидовпен мәслихаттасып, алдына барумен қатар, дәмдес болған. Өз естеліктерінде олардың тарапына жылы лебіздер білдіреді. Ал И.Усманходжаевқа әкесін жақсы білгендіктен таныс болса да Лигачев сияқты әпербақандарды мойнына мінгізіп қойды, Гдлян-Иванов деген жауыздардың лаңына тосқауыл қоя алмады деп кінә тағады. 
Барлық реферат | Просмотров: 825 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Ол 1913 жылы бұрынғы Сыр­дария облысы Иіржар болысы, яғни қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданында туған. Иіржар 1928 жылы бұрынғы болыстықтың негізінде құрылған аудан болатын. 1930 жылғы 17 желтоқсаннан ол Мақтаарал ауданы аталады. Аудан Өзбекстанның Сырдария және Жызақ облыстарымен шектеседі.

Қынабектің әкесі Үкібай кедей шаруа болған. Ол 1910-13 жылдары Мырзашөл каналын қазуға қатысқан жандардың бірі. Үкібай мен Зибадан Ділдәбек, Қынабек есімді ұлдар мен Сапаркүл, Тұмар, Түймекүл атты қыздар өмірге келген.

Барлық реферат | Просмотров: 843 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Қарт Ұлытаудың қай тұсына да көз жүгіртсеңіз ұшы-қиыры көз жеткізбейтін төрт құбыласының бүгіп жатқан сыры, үңілсеңіз тереңге кетер тарихы, зер сала қарасаңыз елітіп әкететін табиғаттың құдіреті бар. Бүгіп жатқан сыры мен тереңге кетер тарихтың  шежіресі. Кешегі өткен Жошыдан Кенесарыға дейінгі аралықтағы хандардың мекені, әрісі сақ-ғұн замандарының ескерткіштері сөзімді дәлелдей түседі. Табиғаттың өзіне елітіп әкететін өзіне тән сұлулығы, өзені мен көлдері өзінше бір бөлек әлем. Сол бөлек әлемінің бөлшектерінің атауларын тізіп шығу да мүмкін емес. 
Барлық реферат | Просмотров: 911 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Жезқазғандағы С.Қожамқұлов атындағы театрдың сахнасында тағы дайындық. Әртістерше айтқанда, репетиция. Рольдерде ойнайтын әртістердің өз кейіпкерлерінің образын көрерменге жеткізуіне басшылық жасап жүрген режиссердің әр қимылын қалт жібермей қарап тұрмын. Сыртынан репетицияны біреу қарап тұр демей, керсінше зал толы көрермен бар деп сезінген режиссеріміз жанын сала кірісіп жүр. «Қанекей, бәріміз бір қайталап жіберейік» - деп репетицияны тағы да бір пысықтағанды жөн көрген режиссеріміздің бойынан сахнаға деген құлшыныс, көрерменге деген ыстық ықылас ерекше сезіліп-ақ тұр.
Барлық реферат | Просмотров: 818 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Тулаған Тоқырауын өзені бойындағы Ақтоғай жері Алаш азаматтарының алтын бесігі. Алаштың жақсы-жайсаңдарының кіндік қаны тамған жер. Ауыздыға сөз бермеген, істің төрелігін айта отырып әділдіктің ақ туын жықпаған Қараменде мен Шабанбай билер, Алты алаштың қамын жеген Әлихан Бөкейхан, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаев және күміс көмей әншілер Әсет Наймантайұлы, Күләш Байсейітова, Манарбек Ержанов, ақиық ақындары Кенішбай мен Шашубай, Нарманбет секілді жыр дүлділдері дәл осы топырақта дүние есігін ашты. Отаны үшін жанын берген Қазыбек Нұржанов, Нүркен Әбдіров сияқты аңызға айналған Кеңес Одағы батырларының бойына бабалар рухын сіңірген де осы Ақтоғай болатын.
Барлық реферат | Просмотров: 1234 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 02.02.2014 | Комментарии (0)

Дидарыңда Мәңгіліктің мұңы ұйыған Ұлы Дала... Керуендеп көшкен тұтас дәуірлер ол үшін қас-қағымдық мезет қана. Қатпарлы тау, аңырған оқшау төбелермен толқындап шексіздікке маңған ұлан жазық, алапат кеңістік мұхитының шежіре-естелігі де біртүрлі қияпат. Оның қиырсыз қойнауында өткен қилы замандар, қым-қиғаш оқиғалар туралы бүгінде тек Аңыз ғана айтылады. Бәлкім, өз естелігін Дала аңызға айналдырып қана сақтайтын болар.
Барлық реферат | Просмотров: 1289 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 24.01.2014 | Комментарии (0)

VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің  тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
Барлық реферат | Просмотров: 1196 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 24.01.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 101-110 111-120 121-130 131-140 141-150 ... 1741-1750 1751-1756