Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] [ Добавить материал ]

В разделе материалов: 1756
Показано материалов: 151-160
Страницы: « 1 2 ... 14 15 16 17 18 ... 175 176 »

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның тәуелсіз дамуы уақыт өткен сайын қарқын алып, ұлттық, жалпыадамзаттық және демократиялық құндылықтар мен ұстанымдар негізінде биік мұраттарға бағыт түзеп келеді. Елімізде әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық реформалардың іске асырылуы мәдени-рухани өмірімізге жаңа сипат, тың мазмұн берді. Сондай түбірлі өзгерістер тарих ғылымының әлеуметтік қызметіне де ықпал жасады. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев "Тарих дегеніміз өткеннің ғана сабағы емес, ол едәуір дәрежеде болашақтың да көрінісі,” "қазақ тарихы фактілердің өлі қоймасы емес, бұл өзі орасан зор дәйектеуші және дәлелдеуші күш” 
Барлық реферат | Просмотров: 1742 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 24.01.2014 | Комментарии (0)

Қоғам – адам баласын басқа махлұқаттан даралайтын басты қасиеттің бірі. Жеке тұлғалардан (фәрдтер) құралатын адам қоғамы кейде тұрақты әлеуметтік сипат танытса, кейде экономикалық (ықтисади), саяси һәм әлеуметтік (ижтимағи) өзгерістер салдарынан кернеулі де тұрақсыз кейіп танытады. Сойылынан қан тамған Кеңес империясының құрдымға кетуімен басталған әлеуметтік өзгерістер мен дағдарыстар зобалаңы біздің елімізді де шарппай қойған жоқ. Соңғы 10 жылдың көлемінде елімізде менталитет, ой-сана, тәрбие, сенім, дағды жағынан жаңа қоғам – Қазақыстан қоғамы қалыптасуда. Қазақыстан азаматтары – Қазақыстан қоғамын қалыптастыратын фәрдтер. Ықтисадтық, демографиялық, психологиялық, саяси, әлеуметтік өзгерістер әбден күшейген осы кезеңде фәрдтерге (жеке адамдарға) назар аударып, олардың аумалы-төкпелі кезеңді шығынсыз һәм жарақатсыз өткізуіне көмектесуіміз ләзім. Бұл біздің еліміздің келешектегі өміріне тікелей тәсір ететін жағдай. Біздің осы мақаладағы мақсатымыз – өтпелі кезеңдегі фәрд пен қоғамның әлеуметтік мәселелерінің шешілуіндегі діннің рөлін, маңызды орнын талдамақ.
Барлық реферат | Просмотров: 1209 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 24.01.2014 | Комментарии (0)

Бұл күндері тәуелсіз ел болып шаңырақ көтердік. Қоғамдық өмірде түбегейлі өзгеріс болды. Атажұртты аңсаған ағайындарды бауырға тарта бастадық. Олардың тағдыр-тарихын, рухани дүниесін зерттеуге мүмкіндік туды. Бұл жөнінде елбасы Н.Назарбаев: «Ұлттың рухани өмірі, оның мәдениетіне байланысты әлі де болса көпшілік қауымға жетпей жатқан тарихи, әдеби асыл мұраларымызды игеру жолында еңбектену, бұрын мән бермей келген халықтану, шығыстану, түркітану ілімдерін барынша дамытуға көңіл қою, ұлттық мәдени ерекшеліктерімізді сақтау, жинау, зерттеу ісін жетілдіре түсу – бүгінгі маңызды міндеттеріміздің қатарына кіреді» [1, Б.14-15]  - деген болатын. Бүгінгі күннің кезек күттірмес міндетіне айналған бұл іс оқымысты қауымға да үлкен міндет жүктегені белгілі. Осы ретте академик С.Қирабаев: "Қазақ халқының рухани мұрасы тек бүгінгі Қазақстан жеріндегі ұлт өкілдері еңбектерімен шектелмейді. Тағдырдың тәлкегімен шет елдерге және бұрынғы КСРО көлеміндегі мемлекеттерге ыдырап кеткен қазақтардың әдебиеті мен мәдениеті де біздің ұлттық байлығымыздың бөлінбес бөлігі” [2, 17-б.] - деп орынды пікір айтады.
Барлық реферат | Просмотров: 2097 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 24.01.2014 | Комментарии (0)

Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды. Бұл кезең , сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша –несие құралдарының және факторлардың әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы жасалынды. 
Барлық реферат | Просмотров: 2404 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 24.01.2014 | Комментарии (0)

Әрбір дәуірдің елеулі, кезеңді оқиғаларын заманының белгілі ақын-жазушылары  дастан-жырларға, ойшылдары тарих-шежіреге айналдырып, шеберлер сәулет өнерінде бейнелеп қалдырған.

Тек түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің мәні өте зор. Сондай құнды рухани мұралардың қазақ жерінде де көптеп жасалғандығы біздің халқымыз үшін үлкен мақтаныш.

Барлық реферат | Просмотров: 1429 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 23.01.2014 | Комментарии (0)

Сыр бойындағы ірі қалалардың бірі Сығанақ болды. Ол қазіргі Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы қала еді. Бұл қала туралы алғаш рет Х ғасырдағы жазба деректерде айтылған. XI ғ. Ғұлама ғалым, түркі тілінің маманы Махмұт Қашқари өзін "Түркі тілінің сөздігі” еңбегінде жазып қалдырған. Ол сығанақ қаласын оғыз  қалаларының  ішінде атап өткен [1, 174 б]. Бұл қаланы әр жылдары көптеген ғалымдар зерттеген. 1862 ж П.И.Лерх, 1906-07 ж. И.А.Костанье, 1947 ж. А.Н.Бернштам басқарған археологиялық экспедициялар зерттеулер жүргізді.
Барлық реферат | Просмотров: 843 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 23.01.2014 | Комментарии (0)

Бойына талай сыр бүккен бұл қазанды бабалардың көзі деп, қолымен ұстап көруге әркім-ақ құмар. Кесенені салдырған Көреген Әмір Темір тапсырысымен бұл қазан 1399 жылы 25-маусымда, ( хижр. 801 жыл, 20-шәуәл) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде, сирек кездесетін асыл металдардың қоспасынан құйылған. Салмағы екі тонна, сыйымдылығы үш мың литр. Қазан сыртындағы араптың гүлденген сульс және куфи қолтаңбаларымен жазылған үш қатар жазудың біріншісінде оны шайхылардың сұлтаны Ахмет Ясауи кесенесіне арналып жасалғаны туралы айтылады. Қазақстан мен Қырғызстанның аумағында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстар барысында табылған қазандарды ғалымдар екі түрге бөледі.
Барлық реферат | Просмотров: 983 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 22.01.2014 | Комментарии (0)

Ислами әдебиеттерде көбінесе "Йесе” (Йеси) деп аталатын заманауи Түркістан шаһарының діни, тарихи, әлеуметтік маңызын екшемес бұрын, "Түркістан” сөзінің мағнасын сәл талдап көрелік. VII-ғасырда Орта Азияны өз билігіне қаратқан арабтар (Әмәуилер) Жейхұн[1] өзенінің ар жағындағы елдерді "Мауера-ән-Нәһір”, яғни "өзеннің ар жағындағылар”, ал осы аймақты бағындырған олар кейінірек Сейхұн[2] өзенінің солтүстігіндегі елдерді "Биләд әт-Түрк”, яғни "Түрік елі” деп атаған.[3] Иран тілді халықтар да мағналас түрде "Түркістан”, яғни "Түрік Елі”, "Түрік Жері” деп атаған-тұғын. Заманауи түсінікте "Түркістан” – Жейхұн өзені бастауының солтүстігіндегі Орталық Азия елдерінің жалпы атауы.[4] Қарахан (942-1211), Ғазна (962-1187), Селжүк (1040-1157) ханадандары[5] кезінде түркілер билеген аумақтың үнемі өсуіне байланысты бүгінгі күнгі мағнадағы "Ұлы Түркістан” ұғымы қалыптасады.
Барлық реферат | Просмотров: 710 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 21.01.2014 | Комментарии (0)

Арғы тарихтың бедерінде күллі әлемге із қалдырған түркі дүниесінің бүгінгі күні де дүниежүзілік өркениетте ерекше орны бар екені белгіліЖалауын жоғары ұстап, намысын ешкімге таптатпаған ежелгі түркі халықтарының қазіргі ұрпақтары бір-бірімен рухани туыстық қарым - қатынасты жақсы жолға қойған. Түп негізі бір, тілегі ортақ, түркі жұртын тек бір-бірін қиналмай ұғысатын тіл ғана жақындастырып қоймайды, олардың етене араласуына бастау-негізі тамырлас өнердің де ықпалы аз болмайды. Түркі өнері - түркілік рухты қозғайтын айрықша кұбылыс.
Барлық реферат | Просмотров: 832 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 21.01.2014 | Комментарии (0)

Жеке тура салықтар-бұл жеке адамдар мен заңды ұйымдардың табыстары мен мүлкіне салынатын салықтар. Нақты салықтардың айырмашылығы-жеке салық салу әрбір салық төлеушінің жеке табысы мен мүлкін де, оның қаржы жағдайын да ескереді.
Барлық реферат | Просмотров: 1215 | Загрузок: 0 | Добавил: admin | Дата: 21.01.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 ... 131-140 141-150 151-160 161-170 171-180 ... 1741-1750 1751-1756