Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 1291-1300 |
Страницы: « 1 2 ... 128 129 130 131 132 ... 175 176 » |
Бұрынғы Бөкей ордасында, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарасты Қарамола деген жерде дүниеге келіп, өзінің ата қонысынан топырақ бұйырған.Ата-бабасы Өріс (Орыс) ханнан бері қарай хандық биліктен қол үзбеген. Бөкей хан өлген соң, Дәулеткерейдің әкесі Шығай сегіз жылдай Бөкей ордасына хандық билігін жүргізген. Дәулеткерей төре күйлерінің дәстүрін біржолата орнықтырып, төре тартысты тұтас бір мектеп ете алған адам. Сондықтан да болар, Дәулеткерейді академик А.Жұбанов төре күйлерінің атасы дейді. |
Бөгенбай батыр (1680–1778 жж.) - Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Қазақ жауынгерлері арасында зор беделге ие болған, сондықтан оны халық Қанжығалы Бөгенбай деп атап кеткен. Сырдария өзенінің жағасында дүниге келіпті.Оның атасы – Әлдекүн, әкесі Ақша қанжығалы руы ішінде белгілі адамдар болған. Әз Тәуке хан оның әкесіне 80 мың сарбаздардан тұратын әскерге қолбасшы болуды сеніп тапсырған. |
Қалқаманұлы Бұқар жырау (1668-1781) – қазақтың ұлы жырауы, XVIII ғасырдағы жоңғар басқыншыларына қарсы қазақтың азаттық соғысын бастаушысы әрі ұйымдастырушысы атақты Абылайханның ақылшысы. Шыққан тегі Арғын тайпасының қаржас руынан. Заманындағы сыншылар оны «көмекей әулие» деген. Сөйлегенде көмекейі бүлкілдеп, аузынан тек өлең сөз төгіледі екен. Абылай хан бір жаққа жорыққа аттанарда одан айдың, күннің сәтін сұрайтын, көрген түсін жорытатын болған. |
Бейімбет Майлин 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде (қазіргі Қостанай облысы, Тобыл ауданы, Майлин кеңшары) туған. Екі жасында әкесі қайтыс болып, күн көріс үшін шешесі бір байға сауыншылыққа жалданады. Жетілерге келгенде Бейімбеттің өзі де әлгі байдың қозы-лағын бағьш, соңынан ат-арбасына делбеші болады. Алуан түрлі аңыздар мен ел іші әңгімесін мол білетін, өмір тауқыметін әсерлі етіп өлеңге айналдыратын әжесі немересінің жасынан қисынды, қызық сөзге, әдебиетке зауықты больш өсуіне әсер етсе керек. |
Сарыұлы Ақтамберді (1668-1762) - атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Ұлы жүздің Ошақты руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Жыраудың «атадан жалғыз туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар» деуінде өз өмірінің шыңдығы бар. |
Байтұрсынұлы Ахмет (1873-1938 жж) XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. |
Асанқайғы – жырау, ойшыл, абыз.Ол шамамен XIV ғасырдың аяғында дүниеге келіп, XV ғасырдың ортасында Сарыарқадағы Ұлытауда дүниеден озған. |
Ұлы ақын, композитор, философ, саясаткер, ағартушы, қазақтың реалистік жаңа жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Ақынның арғы тегі Орта жүз Тобықты Арғын ішіндегі Олжай батырдан басталады. Олжайдан Айдос, Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ тарайды. Бұлардың әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен. Айдостың Айпара деген әйелінен: Ыргызбай, Көтыбақ, Топай. |
Ілияс Жансүгіров 1894 жылы 1 мамырда бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында ( қазіргі Тадықорган облысы, Ақсу ауданы) туған. |
Есенберлин Ілияс 1915 жылы Ақмола облысына қарасты Атбасар қаласында дүниеге келген. 1940 жылы Қазақ тау-кен институтын бітіріп, Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейінгі жылдарда филармонияны, "Жазушы” баспасын басқарады, т.б. жұмыстар атқарады. Жазушы 1983 жылы Алматыда дүние салды. Қазақ әдебиетінде І. Есенберлин — жазған романдарының саны ең көп, өзіндік қолтаңбасы бар аса көрнекті жазушылардың бірі. Жазушы "Айқас” (1967), "Ғашықтар” (1968), "Алтын құс” (1971), "Көлеңкеңмен қорғай жүр” (1974), "Маңғыстау майданы” (1978), "Аманат” (1978), т.б. романдарымен оқырман назарын өзіне аударды, қалың көпшілік сүйіспеншілігіне бөленді. |