Главная » Файлы » Материалы пользователя [admin] | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 1756 Показано материалов: 1271-1280 |
Страницы: « 1 2 ... 126 127 128 129 130 ... 175 176 » |
Сейфуллин Сәкен (Сәдуақас) (1894-1938) Қарағанды облысы Ақадыр (қазіргі Шет ауданы) ауданы Қарашілік қыстағында дүниеге келген. Нілдідегі орыс-қазақ, Ақмоладағы бастауыш приход мектебінде, қалалық үш класты училищеде оқыған. |
Мұқанов Сәбит Мұқанұлы (1900-1973 жж.) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі.Ол 1900 жылы 26 сәуірде қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде туған. |
XX ғасырдың басындағы қоғамдық-саяси және тарихи-әлеуметтік оқиғаларға, қазақ, жеріндегі өзгерістерге өзінің азаматтық, ақындық үнін қосқан талантты қазақ ақындарының бірі — Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Ақын өмір сүрген тарихи кезең патшалық Ресей жеріндегі алапат сілкіністер мен төңкерістер заманы еді. |
Аронұлы Сүйінбай (1815-1898) - қазақтың әйгілі ақыны, айтыс өнерінің майталман жүйрігі. Туып-өскен жері Алматы маңы, Жамбыл ауданына қарасты Қарақыстақ елді мекені. Осы өңірден топырақ бұйырған. Шыққан тегі - Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Шежіре дерегі бойынша арғы атасы Күсеп дәулескер қобызшы болған. Күсептен — Арон, одан Сүйінбай туған. Сүйінбайдан туған Малыбай, Бағыжан, Жетібай есімді балаларының ұрпағы өсіп-өнген. |
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев - ұлы ойшыл, фольклортанушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы. Ақын, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 1858 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Жайзатыс деген жерде туған. |
Мұқағали Мақатаев - (1931-1976 жж.) қазақ поэзиясындағы аса көрнекті ақындарының бірі.Ол 1931 жылдың 9-ақпанында Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. |
Әуезов Мұхтар Омарханұлы - казіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында 1897 жылғы 28 қыркүйекте дүниеге келді. Әкесі Омархан, атасы Әуез Абай ауылымен іргелес отырып, айналасындағы адамдармен достық көңілмен араласа білген. Әуездің өзі Абайдың өлеңдерін сүйіп оқыған, түрік, парсы әдебиетінен хабары мол, ескіше сауатты, еліне қадірлі адам болған. |
Мұзафар Әлімбаев - қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп келген қаламгер шоғырының шоқтықтың бірі, Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.Туған жері Маралды атырабында, (Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағы Маралды ауылы) әнші - күйшілердің, ақын - жыраулардың думан құрған өнер төрінде, солардың тәтті сазын, татымды сөзін қаршадайынан құлағына құйып өскен. |
Мағжан Жұмабаев– ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиетінің көгінде жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі.1893 жылы 25-маусымда Петропавл уезі Сарыайғыр болысы, Сасықкөл ауылында туған. |
Махамбет Өтемісұлы (1804 ж., Ішкі Бөкей Ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының Нарын құмының Жанқұс жері. — 1846 ж. қазан 20, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданы) — қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті (1836-1837 жж.) ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы. |