Главная » Файлы » РЕФЕРАТ » Барлық реферат [ Добавить материал ]

Асанқайғы
20.03.2013, 15:04

Асанқайғы

Асанқайғы – жырау, ойшыл, абыз.

Ол шамамен XIV ғасырдың аяғында дүниеге келіп, XV ғасырдың ортасында Сарыарқадағы Ұлытауда дүниеден озған.

Асанқайғы атанып кеткен Хасан Сәбитұлы бір деректерде Еділ бойында дүниеге келген делінген. Ал тағы бір деректерде әкесі Сәбит Арал өңіріндегі Сырдария жағасын қоныс еткен саятшы дейді.

Асан Алтын Орданың ықпалды билерінің бірі болған. Алтын Орда ыдыраған кезде ол Дешті Қыпшаққа қайтып оралады. Қазақ ордасын құрған Керей хан мен Жәнібек хандардың ақылшы биі болған.

Елі мен жұртының болашағы туралы қатты қайғырып толғанған абызды халық Асанқайғы деп атаған. Ол өзінің толғауларында хандықты нығайту, елдің қорғаныс қабілетін арттыру қажетін насихаттайды. Асанқайғы елінің сулы-нулы, шөбі шүйгін, құтты қоныс тауып «адамы жүзге келмей өлмейтін, қойы екі төлдейтін» мамыражай, еркін өмір сүруін аңсады. Бұл мұратын жырау «Жерұйық» деп атады.

Алты атанға жүк артып, алты жыл жайлы қоныс қарап, қазақ жерін түгел шолып шығады, әр қоныс, мекенге байыпты сын, баға беріп отырады. Бұл бағалары әлі күнге дейін ел аузында ұмытылмай айтылып келеді. Жыраудың толғауларының бірнешеуі әз-Жәнібек ханға арналған. Ертеңгі  халық болашағын Жәнібектің ақыл-айла, көрегендігімен тығыз байланыста алып қарайды.

Категория: Барлық реферат | Добавил: admin | Теги: Асанқайғы
Просмотров: 1019 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
ComForm">
avatar