Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 311-320 |
Страницы: « 1 2 ... 30 31 32 33 34 ... 290 291 » |
«Жұмсалу
мүмкіндігі» тіркесін жиі қолдануымыздың мәні мынада: бұл термин функционалды
грамматика аясында жиі қолданылады. Онда тілдік құралдың жұмсалу ауқымы,
жұмсалу мүмкіндігі, жұмсалудың нәтижесі болатындығы айтылады. Осы ерекшеліктер
тұрғысынан функция (семантикалық) ұғымын екі түрлі қатынаста алып қарастыруға
болады. Бұл қатынасты нақтылап аспект, бағыт түрінде түсіндіреміз. Олар: потенциалдық
және нәтижелік. Жалпы функция дегеніміз – қандай да бір тіл
бірлігінің сөйлеудегі атқаратын қызметі, тиесілі жүгі, мақсаттық қолданысы. |
Есімше, көсемше, тұйық етістік Оқулықтар мен кейбір зерттеулерде етістікке байланысты жаңсақ баяндалып жүрген грамматикалық тұлға – есімше, көсемше және тұйық етістіктердің жеке-жеке грамматикалық категория деп берілуі. Бұлар етістіктің грамматикалық категориясы бола алмайды, етістіктің ерекше тұлғалық түрі болып табылады, басқа грамматикалық категориялар (рай, шақ) жасауға тұлға бола алады, өйткені есімше мен көсемше тек етістіктұлғаларымен түрленіп қоймайды, басқа сөз таптарынша түрленіп, қызмет атқарады, ал тұйық етістік болса, етістікше тіпті түрленбейді. Есімше, біріншіден, жіктеліп келіп, шақтық мағынаны білдіріп, етістіктің бір тұлғасы, грамматикалық категорияның (шақ) бір көрсеткіші болса, екіншіден, есімдерше түрленіп (көптеліп, тәуелденіп, септеліп), қатыстық-анықтауыштық, субстантивтік мәнді білдіріп, екі жақты қызмет атқарады. |
1. Есеп саясаты туралы түсінік және оған қойылатын талаптар Бухгалтерлік есеп принциптері бойынша кәсіпорынның есеп саясаты деп ұйымның бухгалтерлік есепті жүргізу әдістері мен тәсілдерінің жиынтығын, яғни алғашқы бақылау, құндық өлшеу, ағымдағы топтау мен шаруашылық (жарғылық және басқа) қызметтің фактілерін жинақтап қорытындылау жолдарын айтады. Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есепшоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті өндеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді. |
Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі және қосымша деп аталатын екі түрге бөлінеді. Негізгі еңбек ақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқаратын қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады: 1. Мерзімді және кесімді еңбекақы. 2. Сыйлықтар мен сыйақылар. 3. Үстеме сыйлықтар. |
Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы, Кеңес Одағының Батыры. 1922 жылы Гурьев облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп «Моншағылым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді. 1937 жылдың қуғын- сүргініне Мәметовтер әулеті де ұшырады. Ғылыми – зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов қамауға алынды. Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі: «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта». Кейіннен Ахмет Мәметовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, «халық жауы» аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп санады. |
1. Конфуцияның сипаттамалары. Конфуция адамды біріншіден әлеуметтңк өмірдің қатысушысы ретінде қарастыратын , көне философиялық мектеп . Бұл мектептің негізін қалаушы – конфуций болған , ол б.э.д. 551-479 ғ өмір сүрген . Ілімнің басты көзі –Лунь Юй шығармасы . Ерекшеліктері : Конфуцияның негізгі сұрағы : адамдарды қалай басқаруға болады және қоғамда өзін қалай ұстау. Бұл философиялық мектептің жақтастарына қоғамда бір біріне жұмсақ басқаруды жаөтайды , яғни бастық пен жұмысшы ара қатынасы әке мен баланыкіндей болу керек. Адамның қоғамдағы тәртібінің конфуциялық Алтын заңы өзіңе қаламағанды басқаға да қалама дейді. Конфуция ілімі Қытай қоғамының ұйымдасуына үлкен ықпал жасаған , әлі күйге дейін өз өзектілігін жойған жоқ. |
1. Сократтыққа дейінгі философиялық мектептердің жалпы түсінігі. Ежелгі Грецияның Сократтыққа дейінгі философиялық мектебі б.э.д. VII-V ғ пайда болды. Ерте ежелгі грециялық полистерде пайда болды. Ежелгі Греция ең танымал философиялық мектеп Мемлекеттік мектеп Пифагорлар мектебі Гераклит Эфесскийдің мектебі Элейстер мектебі Атомистер Ерекшеліктері : Жарқын сипатталатын космоцентризм қоршаған табиғат құбылыстарын түсіндіру мәселелеріне деген өте жоғары көніл бөлу.Барлық алғашқы тіршілікті тудырған бастаманы іздеу. Гилозоизм (өлі табиғаттың тірілуі) Философиялық ілімнің дискуссиялық емес сипаты |
Егеменді Қазақстанның мәдени саясаты 1.Қазақ мәдениетінің бастаулары. 2. Дәстүр жалғастығы және заман талабы. Қазақ мәдениеті еуразиялық ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық өркениет ерекшеліктерінен бастайық. Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті – оның тылсымдық сипаты. Мысалы, «ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтыныдығын мойындайды. Ата қоңыстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен – көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б. тұрады. |
Жоспар 1. Еуропалық державалардың отарлау саясаты 2. Англияның протекторатының орнауы 3. Орта Азиядағы Ресей саясаты. Ағылшын – орыс қатынасы 4. Ағылшын -француз қарама -қайшылықтары 5. Ұлы державалар саясатындағы Африка және әлемді отарлық бөлісудің аяқталуы Еуропалық державалардың отарлау саясаты Осман империясы үшін капиталистік мемлекеттердің таласы. XIX ғасырдың 50-60 жылдарында Азияның шығысында капиталистік мемлекеттердің отарлық экспансиясы басталды. Англия мен Францияның Қытайдағы және Үнді-Қытайдағы соғыстары, сонымен қатар батыс державаларының Тайпин көтерілісіне қарсылығы Шығыс және Оңтүстік Азия халқын капиталистік әлемнің отарлық жүйесіне енуге мәжбүрледі. Капиталистік державалар өзінің отарлық саясатын жүргізу үшін барлық жағдайды пайдаланды: әскери қимылдар, саудаға ену, қаржыны өмірлік құлдық ету, миссионерлердің қызметі, дипломатия. |
Дулат Хұсайынұлы Мұхаммед Хайдар (1499-1551) - әйгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес елдердің тарихы жөнінде аса құнды деректер беретін «Тарихи Рашиди» кітабы мен «Жаханнама» дастанының авторы, Жетісу жеріндегі ежелгі Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Оның толық аты-жөні – Дулат Мұхаммед Хұсайынұлы Мырза Мұхаммед Хайдар. Мұндағы «Мұхаммед Хайдар» - өз аты, «Мұхаммед Хұсайын» - әкесінің аты, «мырза» - текті әулеттің тұқымы екенін білдіретін атау (хан балаларының ханзада, сұлтан аталатыны секілді), «дулат» - шыққан тайпасының аты. |