Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 301-310 |
Страницы: « 1 2 ... 29 30 31 32 33 ... 290 291 » |
Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 15-бабында жекеше нотариустардың құқықтық мәртебесі анықталған. Нотариус заңды тұлға құрмай жеке практикамен айналысады, алайда онда заңды тұлғаға тән барлық белгілер бар банк мекемелерінде есеп айырысу шотының болуы және өзге де шарттар ашуы; еңбек заңдарына сәйкес көмекшілер, техникалық қызметкерлер жалдап, оларды жұмыстан босатуы; мүліктік құқығының болуы және оларды өз атынан билік етуге мүмкіндігінің бар болуы; соттарда өз атынан сөз сөйлеуге және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да іс-әрекеттер жасауға құқығы. |
Жалпы психологияның қазіргі даму кезеңіндегі өзекті
мәселелеріне – бұл оның теориялық-әдіснамалық негіздерін бекіту және кеңейту;
зерттеудің жаңа әдістерін өңдеу; табиғи және жасанды (лабораториялық)
жағдайларда адамның психикалық процестерінің дамуы мен жұмысының құрылымдарын
зерттеу; өмірлік іс-әрекеттерінің субъектісі болып табылатын адамның жеке
басының дамуын, құрылымдарының заңдылықтарын табу; барлық психологиялық
ғылымдардың көпқырлы зерттеу тәжірибелерін жалпылау жатады. |
Қазақ тіліндегі зат
есімдерді өзге тілдердің зат есім жүйесінен ерекшеленетін белгілерінің бірі –
осы жақтылық пен жақсыздық категориясы. Бұлайша топтастыруда белгілі заңдылық
бар. Лексикалық мағынасы тек «адамды» білдіретін зат есімдер ғана жіктеу
есімдіктерінің барлық түрімен (мен, сен, біз, ол, сіз) предикаттық қатынаста
айтыла алады, ал зат есімдердің басқа түрлері еш уақыт жіктеу есімдіктерімен
предикаттық қатынасқа түсе алмайды. Сондықтан да мағынасы жағынан «адам» деген жалпы ұғымның
ішіне кіретін зат есімдерді үш жақта бірдей жіктеп айтуға болғанымен, зат
есімдердің қалған тобы жіктелмей айтылады. Мысалы, мен балықшы, ұшқыш, Жәмила,
атбегі, дәрігер, құдаша жіктеу есімдіктерімен тіркестіріп айтуға болады. |
Әлеуметтік философияның пәнің негіздеуден бұрын «әлеуметтік» деген ұғымның мән-мағынасын анықтап алайық. Қазіргі заманғы философиялық әдебиеттерде бұл ұғым тар және кең мағынасында қолданыс тауып жүр.Тар мағынасында «әлеуметтік» деген ұғым қоғамның әлеуметтік саласын құрайтын қоғамдық құбылыстардың ерекше бір жүйесін сипаттайды. Бұл салада адамдардың тиісті мүддесіне сай белгілі бір мәселелер қатары қарастырылып, шешімін табады. Кең мағынасында «әлеуметтік» деген ұғым «қоғамдық» деген ұғымның синонимі ретінде қолданыс тапты. Әлеуметтік философияның пәні – біртұтас әлеуметтік жүйе ретіндегі қоғам, оның дамуы мен қызмет ету заңдары. |
Жоспарға сәйкес тақырыптың бірінші сұрауына жауап беру үшін біз әлеуметтану деген не, ол нені зерттейді, оның бъектісі мен пәнін бір-бірінен ажыратып, шатастырмауымыз керек. «Әлеуметтану» ұғымы латын тілінің
«Societas» қоғам және гректің logos – ілім, ұғым деген сөзінен
шығады.Социология, яғни әлеуметтану қоғамның пайда болуының, ондағы әлеуметтік
байланыс, қатынастардың, алуан түрлі әлеуметтік адам бірліктерінің, ұйым,
мекемелерінің, институттардың, құбылыстардың, процестердің дамуының жалпы
заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Әлеуметтану ұғымын XIX ғасырдың ортасында
атақты француз әлееументтанушысы Огюст Конт енгізді. Оның алғашқы мазмұны
қоғамтану болатын. Тек қана кейіннен, әлеуметтану пәнінің осы ғасыр ішінде рет
ауысына байланысты ол өзінің дұрыс, дәл атын тапты. Ендігі жерде біз
әлеуметтанудың объектісі мен пәнінің орындарының бір-бірімен алмастырып алудан
сақ болуымыз керек.Бұл екі мәселе бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, олардың
айырмашылығы бар. |
|
1. Есімше түрлері, мағынасы мен қызметі. 2. Есімшенің түрленуі, көптелуі, тәуелденуі, септелуі мен жіктелуі. 3. Көсемше түрлері, мағынасы мен қызметі, жіктелуі. 4. Тұйық етістік, түрленуі, көптелуі, тәуелденуі, септелуі. Әдебиетер: 1. Маманов. ҚҚТ, 89-116-б. 2. Ысқақов. ҚҚТ, 310-316-б. 3. ҚТГ, 178-189-б. 4. Ерғалиев Т. Қазақ тіліндегі есімше категориясы. А,1985 5. Исаев С.М. Из истории розвития послелогов дейін, шейін и аффиксов –ша/ше, –дай/дей в казахском языке. ҚТ мен әдебиеті. 1970. VII шығуы. 114-125-б. |
1) Рай категориясы: а) ашық рай, ә) шартты рай, б) бұйрық рай, в) қалау рай. 2) Шақ категориясы: а) осы шақ, оның түрлері, жасалуы. ә) келер шақ, түрлері мен жасалуы. б) өткен шақ, түрлері мен жасалуы. 3) Етістіктің жіктелу ерекшеліктері. Жақ категориясы. 4) Етістіктің сөйлемдегі қызметі. Әдебиеттер: 1. Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің шақ категориясы. А,1953. 39-114-б. 2. Омарбеков С. Қалау рай және оның кейбір түрлері жөнінде. ҚазССР ҒА-ның хабарлары, филология және өнертану сериясы. 1960. №1. 3. Оралбаева И. Бұйрық райдың синтетикалық және аналитикалық формасы және қазақ мектебі. 1971. №4. 89-92-б. 4. Оралбаева И. Етістіктің жіктелуі және қазақ мектебі. 1963, №2. |
Тіл жүйесіндегі парадигмалық және синтагмалық қатынастарды
сипаттауды біз әріден бастағымыз келіп отыр. Өйткені есімшелердің тіл
жүйесіндегі жұмсалу парадигмасы деген мәселе жалпы тіл білімінде алғаш рет сөз
болғалы отыр. Парадигманың лексикалық морфологиялық және синтаксистік түрі
жөнінде жалпы тіл білімінде бұрыннан сөз болып келе жатқандығы мәлім. Ал жеке
бір функционалдық тұлғаның парадигмасы деген мәселеге әлі ешкім көңіл аудара
қойған жоқ. Бұл мәселе алғаш рет 2000 жылы көсемшенің жұмсалу өрісіне қатысты
қолданылған болатын [11, 43 б.]. Біз де осы ізбен есімшенің тіл жүйесіндегі
жұмсалу парадигмасын анықтамақшымыз. Ол үшін жалпы парадигма ұғымына кеңірек
тоқталып өтуді жөн көрдік. Парадигма грек сөзі (paradigma). Тура аударғанда үлгі деген
мағынаны береді. Тіл білімінде бірнеше мағынада қолданылады: 1) кең мағынада
бір-бірінен ерекшеленіп келетін, сонымен бірге бәріне ортақ белгілері арқылы
біріккен кез келген тілдік бірліктер тобы, 2) осындай топтар мен жиынтықтардың
жасалу моделі (үлгісі) мен схемасы (сызбасы). Тіл бірліктері тобының жүйесіне
қарай парадигма морфологиялық, синтаксистік, лексикалық және сөзжасамдық болып
жіктеледі [7, 245 б.]. |
Есімшелер етістіктің де есімдердің де
қасиетін бойына сақтаған функциялық тілдік бірлік дедік. Бірақ есімшелер барлық
кезде де етістіктердің мына қасиетін сақтап қалады: 1.
Есімше тұлғасындағы етістік өзінің амал-әрекетін,
қимылдық мағыналарын сақтайды. 2.
Есімше тұлғалы етістік өзінің салт-сабақтылық қасиетін
жоғалтпайды. 3.
Есімше қосымшалары етістіктің болымды, болымсыз түріне
қосылып, сол болымды, болымсыз мағынасын өзгертпейді. 4.
Есімшелерде шақтық мағына олардың негізгі мағынасы
болып саналады. 5.
Етіс қосымшаларынан кейін қосылған есімшелер оларға
шақтық мағына қосады, етіс мағынасына ықпал жасамайды. 6.
Сөйлемнің баяндауыш қызметінде қолданылған есімше
формалары етістік сөйлем құрамындағы басқа (есім) сөздермен меңгеріле байланысады
да, түбір етістіктің байланысу үлгісіне өзгеріс енгізбейді. |