Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 261-270 |
Страницы: « 1 2 ... 25 26 27 28 29 ... 290 291 » |
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы
дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 15 қазаннан бастап қалыптасқан.
Екіжақты ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық негізі 150-ден астам құжаттардан
тұрады және олардың негізгілері болып 1997 жылғы 8 сәуірде қол қойылған
Мәңгілік достық туралы Шарт пен 2003 жылғы 25 желтоқсанда қол қойылған
Одақтастық қатынастар туралы Шарт болып есептеледі. Қазіргі кезде екіжақты
достық қарым-қатынастар одақтастық дәрежеде, стратегиялық әрі теңқұқықты
әріптестер деңгейінде қарқынды даму үстінде. |
ҚР Сауд Арабиясындағы Елшісі Қ.Лама Шариф 2007 ж. маусымда
Қазақстанның Кувейттегі Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. 2010
ж. шілдеде Кувейт Мемлекетінің Пәкстандағы Елшісі Науаф әл-Онейзи ҚР-дағы
қосалқы Елші болды. Екі ел арасындағы ынтымақтастық негіздері ҚР Президенті
Н.Назарбаевтың 1997 жылдың 31 тамызы мен 1 қыркүйегі аралығында Кувейтке
жасаған ресми сапары кезінде қаланды. Cапар нәтижесінде Сауда-экономикалық ынтымақтастық,
Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімдерге, сондай-ақ екі
ел Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялар туралы меморандумға
қол қойылды. Кувейт Мемлекетіне ҚР Сыртқы істер министрі Қ.Тоқаевтың
(1997 ж.), Астана қаласы әкімі Ө.Шүкеевтің (2005 ж.), Сыртқы істер министрінің
орынбасары Н.Ермекбаевтың (2008 ж.), Энергетика және минералдық ресурстар министрі
С.Мыңбаевтың (2008 ж.), Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің төрағасы О.Өксікбаевтің
(2008 ж.), Туризм және спорт министрі Т.Досмұхамбетовтің (2009 және 2011 жж.), Қаржы министрлігінің жауапты
хатшысы Н.Коржованың (2010 ж.)
сапарлары болды. |
2007 ж. 17 маусымнан бастап Б.Айтимова - Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Елшісі. Қазақстан мен Кубаның арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуына 15 жыл толу мерей тойына орай 2007 жылы 17 сәуірде Астана қаласында ресми қабылдау өткізілді. Куба Елшісі Т.Камачо қазақстандық жазушы, «Аманат» журналының бас редакторы Роллан Сейсенбаевті латинамерикалық әдебиетті жұртқа танытуда сіңірген еңбегі үшін Достық орденімен марапаттады. 2007 ж. 21 қыркүйекте ҚР Парламенті Мәжілісінің бюросының қаулысымен Куба Республикасының Парламентімен ынтымақтастық тобы құрылды. |
Дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 ж. 28 қаңтарда орнатылды. Сеулдегі
Қазақстан елшілігі 1996 жылдан бастап жұмыс істейді. 2008 ж шілдеде ҚР елшісі
Д.Бердалиев Корея Республикасы Президенті Ли Мён Бакқа сенім грамотасын
тапсырды. Алматыдағы
Оңтүстік Корея Елшілігі 1993 ж ашылды (2008 ж тамыз айында Астана қаласына
көшірілді, ал Алматы қаласында Елшіліктің өкілдігі қызмет атқарады). 2009 ж
наурыз айында елші Ли Бен Хва елбасына сенім грамоталарын тапсырды. |
Екі жақты қатынастардың негізі ҚР Президенті Н.Назарбаевтың
Парсы Шығанағы араб елдеріне турнесі шеңберінде Қатар Мемлекетіне (1998 жыл
мамыр) жасаған ресми сапары, сондай-ақ Қатар Әмірі Шейх Хамад бен Халифа Әл
Танидың Астанаға сапары (1999 жылғы сәуір, 2008 жылғы наурыз) кезінде қаланды. 2007 жылдың 10-11 наурыз аралығындағы ҚР Президенті
Н.Назарбаевтың Қатар Мемлекетіне екінші ресми сапары екіжақты қатынастардың
дамуына қосымша серпін берді. 2008 жылдың 4-5 наурызда Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Хамад
бен Халифа Әл Тәнидің Астанаға ресми сапары өтті. |
Жалпы мәліметтер 1992 жылдың 6 сәуірінде Қазақстан мен Канада арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1994 жылы Қазақстанда Канаданың дипломатиялық миссиясы (Орталық Азиядағы жалғыз) ашылды. 2010 ж. желтоқсанында Канада Елшілігінің Астанадағы ғимаратының ашылуы жоспарлануда. 1997-2008 жж. Канадада ҚР Консулдығы жұмыс істеді. 2008 ж. мамыр айында ҚР-ның Канададағы Елшісі Ерлан Әбілдаев болып табылады. 2009 ж. 19 қарашадан бастап ҚР-ғы Канаданың Елшісі Стивен Миллар болды. |
Жалпы мәліметтер Қазақстан Республикасы мен Италия Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылы 12 маусымда орнатылды. Италия Республикасының Елшілігі 1992 жылы қазан айында Алматы қаласында ашылды. 2005 жылғы сәуірден бастап Италия Республикасының Елшілігі Астана қалсында. Қазақстан Республикасының Елшілігі 1996 жылы Рим қаласында ашылды. Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А.Хамзаев (2004 жылғы қазаннан). Италия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі - Диего Лоренцо Лонго. (2002 жылғы қыркүйектен). Италиядағы Қазақстан Республикасының Құрметті консулдары – Венето аймағы бойынша Н.Ларони мырза, Кампания аймағы бойынша – С.Москати. |
Негізгі ақпарат 1992 ж. 11 ақпан – Қазақстан Республикасы және Испан Корольдігі арасындағы дипломатикалық қатынастардың орнатылуы. 1999 ж. қаңтар айында Қазақстан Республикасының Испаниядағы Елшілігі ашылды. 1999 ж. маусым айында Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшілігі ашылды. 2008 ж. маусымның 13-нен бастап Қазақстан Республикасының Испания Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Е.Б.Бөлегенов. 2008 ж. қазан айынан бастап Испания Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенші және Өкілетті Елшісі Альберто Антон Кортес. |
Қазақстан және Иран Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам
конференциясы ұйымы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесі,
Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Экономикалық ынтымақтастық ұйымы сияқты халықаралық
және аймақтық ұйымдар, сондай-ақ Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін
айқындайтын арнайы жұмыс тобының аясында өзара іс-қимыл жасайды. Қазақстан және Иран сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық
және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық бірлескен
комиссиясының (ҮБК) отырыстары тұрақты түрде өткізіледі. ҮБК қазақстандық
бөлігінің тең төрағасы ҚР Көлік және коммуникация министрі Ә.Құсайынов, иран
тарапының тең төрағасы ИИР Сыртқы істер министрі А.Салехи. |
1992 ж. 27 тамызда - Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан
Республикасы арасында дипломатиялық қатынастар саяси мекемелердің нота алмасуы
арқылы орнатылды. 1994 ж. - Әзербайжан Республикасында Қазақстан Республикасы
Елшілігі ашылды. 2004 ж. – Қазақстан Республикасында Әзербайжан Республикасының
Елшілігі ашылды. 1996 ж. қыркүйек – Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың Әзербайжанға ресми сапары. 1997 ж. маусым - Әзербайжан Президенті Г.әлиевтің
Қазақстанға ресми сапары. 1998 ж. маусым - Әзербайжан Президенті Г.Әлиевтің
Қазақстанның жаңа елордасы – Астана күнін мерекелеуге қатысуы. 1998 ж. қазан - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Н.Балғымбаевтың Әзербайжанға сапары. 1999 ж. қазан – Премьер-Министр А.Раси-заде бастаған
Әзербайжан үкімет делегациясының Астанаға сапары. |