Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 241-250 |
Страницы: « 1 2 ... 23 24 25 26 27 ... 290 291 » |
Жылдар бойы, егеменді елдердің аралығында сындарлы
политикалық диалог орнатылып дәйекті дамыған. Ұлыбритания Корльдігінің және
Қазақстан Республикасының Халықаралық қатынастарының политкалық мәселелері
көбінесе үйлесімді. Елдердің политикалық және экономикалық екі жақ
ынтымақтастықтын дамушылығы ең жоғарғы дәрәжедегі сапарлармен қамтамасыз етті.
Қарым қатынас орнату кезеңінде ҚР Президенті Н. Назарбаев Ұлыбритания
Корльдігіне ресми түрінде алты сапар шеккен (қазан 1991 ж, қаңтар 1992 ж, наурыз 1994 ж, маусым 1997 ж,
қараша 2000 ж, қараша 2006 ж). |
Тулаған Тоқырауын өзені бойындағы Ақтоғай жері Алаш азаматтарының алтын бесігі. Алаштың жақсы-жайсаңдарының кіндік қаны тамған жер. Ауыздыға сөз бермеген, істің төрелігін айта отырып әділдіктің ақ туын жықпаған Қараменде мен Шабанбай билер, Алты алаштың қамын жеген Әлихан Бөкейхан, Әлімхан Ермеков, Жақып Ақбаев және күміс көмей әншілер Әсет Наймантайұлы, Күләш Байсейітова, Манарбек Ержанов, ақиық ақындары Кенішбай мен Шашубай, Нарманбет секілді жыр дүлділдері дәл осы топырақта дүние есігін ашты. Отаны үшін жанын берген Қазыбек Нұржанов, Нүркен Әбдіров сияқты аңызға айналған Кеңес Одағы батырларының бойына бабалар рухын сіңірген де осы Ақтоғай болатын. |
1992 ж. ақпанда ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Үндістанға бірінші ресми сапары барысында Мемлекетаралық қатынастардың негізгі қағидалары мен бағыттары жөнінде декларацияға, Дипломатиялық қатынастарды орнату жөнінде протоколға, сауда-экономика, ғылым және технология, мәдениет, өнер, білім, ақпарат және спорт салаларында қарым-қатынастар жөніндегі келісім шарттарға қол қойылды. Премьер-министрдің (1993 ж. мамыр) және Үндістан Вице-президентінің (1996 ж. қыркүйек) Қазақстанға ресми сапарлар барысында техникалық ынтымақтастық, мәдени алмасу, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, өнеркәсіптік және мәдени ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық бірлескен комиссия (ҮБК) құру жөнінде келісімдерге қол қойылды. |
Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 5 қазанында орнатылды. Cаяси саладағы өзара іс-қимыл. Ынтымақтастықтың нормативтік-құқықтық негізін 65 құжат құрайды, соның ішінде негізгілері – 1993 жылғы 19 мамырдағы Достық қатынастар және ынтымақтастық туралы шарт, 1997 жылғы 27 ақпандағы Ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы декларация. 2007 жылғы 28-29 мамырда Түрікменстан Президенті Г.Бердімұхамедовтың Қазақстанға мемлекеттік сапары өтті. Оның барысында тараптар түрлі, әсіресе мұнай-газ саласы және көлік инфрақұрылымын дамыту бағыттарда өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады. 2007 жылғы 11-12 қыркүйекте ҚР Президенті Н.Назарбаев Түрікменстанға мемлекеттік сапар шекті. Сапар барысында қазақстандық компаниялардың Түрікменстандағы мұнай-газ кен орындарын игеру жобаларына қатысуы, «Өзен– Қызылқия – Берекет» темір жолын салу, өнеркәсіптің түрлі салаларында бірлескен кәсіпкерліктер салу, мәдени-гуманитарлы салада ынтымақтастықтың болашағы мәселелері талқыланды. 2009 жылғы 13-14 желтоқсанда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Түрікменстанға жұмыс сапары өтті. Оның барысында «Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» газ құбырын салтанатты ашу рәсіміне қатысты. |
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2003 жылғы мамырда Түркияға
жасаған ресми сапары барысында Астана мен Анкара арасындағы қатынастардың стратегиялық
әріптестік деңгейге жеткені мәлімденсе, 2004 жылғы маусымдағы Стамбұлдағы НАТО
Саммиті және 2005 жылғы 25 мамырда Бакуде «Баку-Тбилиси-Жейхан» мұнай құбырының
әзербайжандық учаскесінің іске қосылу рәсімі шеңберінде ҚР Президенті мен ТР
Президенті А.Н.Сезердің кездесулерінде бұл үрдістің жалғасып келе жатқаны тағы
да қуатталды. Түркияның қазіргі саяси басшылығы сыртқы саясатты дамыту
үрдiсiнде сабақтастық сипатын жалғастыратынын және Қазақстан Анкара үшін
Орталық Азиядағы ең сенімді саяси және экономикалық әріптес болып табылатынын
ашық түрде мәлімдеп келеді. |
Қазақстан Республикасы және Тәжікстан Республикасы арасында
дипломатиялық қатынастар 1993 жылғы 7 қаңтарда орнатылды. Саяси саладағы өзара іс-қимыл. Бүгінгі күні Қазақстан және Тәжікстан
кең көлемді екі жақты қатынастар көлемінде ынтымақтастың бар саласын қамтитын
елуден астам құқықтық негізі бар 70 астам келісім-шарттарға қол қойған. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2007 жылғы
12-13 қыркүйектегі Тәжікстанға ресми сапарының барысында тараптар саяси,
сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салаларда
ынтымақтастығын дамыту мүмкіншіліктерін талқылады. Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы екіжақты ынтымақтастықты
нығайтудың мықты импульсы ретінде 2008 жылғы 12-13 мамырда Тәжікстан
Республикасының Президенті Э.Ш.Рахмоновтың Қазақстан Республикасына ресми
сапары болды. Сапар нәтижесінде екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәслелелерін
жоғары деңгейде үйлестіріп, шешуге және оның басымды бағыттарын анықтауға
мүмкіндік беретін ҚР мен ТР Мемлекетаралық Үйлестіруші Кеңесі және Сыртқы істер
министрлері кеңесін құру туралы меморандумға қол қойылды. |
15 шілде
1992 ж. – Қазақстан Республикасы мен Румыния арасында дипломатиялық қатынастар
орнады. 1993 ж. қараша – Румынияның Қазақстан Республикасындағы
Елшілігі ашылды. 2003 ж. қыркүйек – Қазақстан Республикасының Румыниядағы
Дипломатиялық Миссиясы ашылды. 2008 ж. мамыр айынан бастап – Румынияның ҚР-дағы Төтенше
және Өкілетті Елшісі Э.Рапчя болып табылады. |
1991 жылы Ресей Федерациясы Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігін таныды. 1992 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы мен Ресей
Федерациясы арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. 1992 жылы – Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының
Елшілігі ашылды. 1992 жылы - Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының
Елшілігі ашылды. Ресей Федерациясында Қазақстан Республикасының
Санкт-Петербург қаласындағы Бас Консулдығы және Астрахань мен Омбы қалаларында
Консулдықтары жұмыс жасайды. Қазақстан Республикасында Ресей Федерациясының Алматы
қаласындағы Бас Консулдығы және Орал қаласында Консулдығы жұмыс жасайды. 2009 жылдың 14 тамызынан бастап Ресей Федерациясындағы
Қазақстан Республикасының Төтенше жән Өкілетті Елшісі – Зауытбек Қауысбекұлы
Тұрысбеков. 2006 жылдың қараша
айынан бастап Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Төтенше жән
Өкілетті Елшісі – Михаил Николаевич Бочарников. |
Еуропа мен Азия ежелден бері Ұлы Жібек Жолы арқылы
байланысқан болып келетін, ал бірінші еуропалықтардың арасында жеті ғасырдан
артық уақыт бұрын қазақ даласын алғаш ашқан поляк францискан тақуасы Бенедикт
Поляк болатын. Оның 1245-1247 жылдардағы Қасиетті Тақтың елшілік миссиясының
құрамында қазіргі Қазақстанның даласы арқылы Азияның ішіне қарай саяхаты
аймақтарымыздың арасындағы елшілік қатынастардың орнауының алғашқы дәйегіне
айналды. Саяхаттаушы монах Бенедикт
Поляк Ұлы Дала жайлы ақпаратты жинақтауда басты рөл атқарды, соның арқасында
еуропалықтар оның халқының өмірі мен тұрмысы жайлы тұңғыш рет естіп білген
болатын. |
Қазақстан Республикасы мен Палестина Мемлекеті (ПМ) арасында дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 6 сәуірде орнатылды. Палестинаның Қазақстандағы Елшілігі 1993 жылдың маусымынан бері жұмыс атқарады. 2008 жылғы шілдеден Елші Хусейн Юсеф Абу аль-Аала. ҚР Израильдегі Елшілігі Палестина мен Қазақстан арасындағы қатынастарға жетекшілік етеді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев Палестинаға екі рет ресми сапар шекті -1995 жылғы желтоқсан, 2000 жылғы сәуір). Палестина тарапынан Палестина Мемлекетінің Президенті, Палестинаны Азат ету ұйымының, Палестина Ұлттық Әкімшілігінің Төрағасы Ясер Арафаттың Қазақстанға сапарлары болды (1991 жылы желтоқсанда, 1999 жылы сәуірде). 2008 жылғы қазан айында Палестина Ұлттық Билігінің Басшысы М.Аббастың Ерекше Өкілі Ясир Аббас Қазақстанда сапармен болды. |