Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 2591-2600 |
Страницы: « 1 2 ... 258 259 260 261 262 ... 290 291 » |
Қастеев Әбілхан (1904-1973) - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері — Алматы қаласы. |
Әмина Ерғожақызы Өмірзақова – қазақ актрисасы. Қазақ КСР халық әртісі (1965 ж.). 1919 жылдың 8-наурызында Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. |
Әубәкір Ысмайылов (1913-1999 жж.) – қазақ кескіндемешісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1960 ж.). 1913 жылы қазіргі Қарағанды облысы Тельман ауданында туған. 1928 жылы Омбы көркемөнеркәсіп техникумын, 1932 жылы Вхутемасты (Г.К. Савицкийден), 1938 жылы Мәскеудегі Мемлекеттік театр өнері институтын бітірді. |
1948 жылы 4 қыркүйекте Қызылорда облысының Тереңөзек ауданы (қазіргі Сырдария) орталығында дүниеге келген. 1964 жылы сондағы орыс мектебінің 8 сыныбын, 1968 жылы Қызылорда қаласындағы М. Мәметова атындағы қыздар педагогикалық училищесін бітірген. Одан кейін бірер жыл Қызылорда қалалық комсомол комитетінде нұсқаушы қызметін атқарған. 1968-1970жж. Қызылорда пединститутының филология факультетінде сырттай оқыған. |
Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, Паттеев Шәмшидин Әшенқожаұлы 1960 жылы 12 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1978 жылы Түркістан қаласындағы орта мектепті жақсы тәмамдаған ол еңбек жолын киелі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі жанындағы мұражайдың кіші ғылыми қызметкері болып, жөндеу қызметіне қатысудан бастады. |
Тілепбергенұлы Қазанғап (1854-1927) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері – Арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері – сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі – Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі - Шанышқылы. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, Мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. |
1976 жылы Самарқанд Мемлекеттік сәулет-құрылыс институтын бітірген. Негізгі мамандығы суретші, сәулетші, тарихшы, ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті мүшесі (академигі), ҚР Мәдениет қайраткері, тарих ғылымдарының кандидаты. |
Қабышұлы Ғаббас 1935-жылы көкек айының 9-ы күні Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Ұранхай ауылында дүниеге келген. 1956-жылы орта мектепті тәмәмдап, облыстық «Алтай большевигі» гәзетінің редакциясына жұмысқа орналасты. Шәкірт кезінде гәзетке өлең, хабар жазып тұрған (ол гәзет бүгінде «Дидар» деп аталады). Редакцияның жауапты хатшылығынан 1966-жылы «Қазақ әдебиеті» гәзетінің редакциясына (Алматы) әдеби қызметкер болып ауысты. Сын бөлімінің меңгерушісі болып жүргенінде Жазушылар одағы басқармасының шешімімен КСРО Әдеби қоры Қазақ бөлімінің директоры (1973 – 1983 ж.), ҚКП Орталық комитеті бюросының шешімімен «Ара-Шмель» жорналының Бас редакторы (1983 – 1987ж.) болды. |
Жазушы, драматург, кинодраматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Жамбыл атындағы халықаралық әдеби сыйлығының, Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің құрметті профессоры, Аякөз, Қатонқарағай аудандарының құрметті азаматы. |
Байсеркина Фарида Дуғалықызы 1964 жылғы 17 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Ақсуат ауылында қызметкер отбасында дүниеге келген. Әкесі - Қамзин Дуғалы - Ақсуат орта мектебінде 40 жылдан астам уақыт физика және математика пәнінен сабақ берген еңбек ардагері, өз ауданының құрметті азаматы, өсіп келе жатқан жас ұрпақты тәрбиелеуде және білім беруде қосқан сүбелі үлесі үшін көптеген медальдар мен мақтау қағаздарымен марапатталған. Шешесі – Сыдықова Рахима, 35 жыл бойы аудандық балабақшаның меңгерушісі болып қызмет атқарған. |