Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 2421-2430 |
Страницы: « 1 2 ... 241 242 243 244 245 ... 290 291 » |
Физикада болған ең ұлы тоңкерiс ХХ ғасырдың бас кезiне дәл келедi. Тәжiрибеде байқалңған жылудың сәуле шығару (қызған дененің электромагниттiк толқындар шығаруы) спектрлерiне энергияның үлестiрiлу заңдылықтарын түсiндiру мүмкiн болмады. Максвеллдiң сан рет тексерiлген электромагнетизм заңдарын заттың қысқа электромагниттiк толқындар шығару проблемасына қолданбақшы болғанда, кенет «қарсылық керсеттi». Бұл заңдардың антеннаның радиотолқындар шығаруын тамаша сипаттауы және өз кезінде электромагниттiк толқындардың барын осы зандар негiзiнде алдын ала айтуы таңқаларлық едi. |
Сығымдағыш - газ тәрізді денелерді сығуға арналған жұмыстық машина. Сығымдағыш жетегінде жұмсалатын механикалық энергия, сығылған газдың потенциалдық энергиясына өзгереді және жарым-жартылай жылуға айналады. Піспекті сығымдағыштағы энергияның мұндай түрленуі, тікелей қозғалтқыштың газға тигізер әрекетімен жасалынады. Турбосығымдағышта (қалақшалы машиналар), механикалық жұмыстың қалақшаны айналдыруға жүмсалуымен, газ ағынына кинетикалық энергияны береді де, ол одан ары қарай потенциалдық энергияға түрленеді (қысым энергиясы). Сығымдағыштардың қозғалуын сыртқы жұмысшы энергия көзімен жүргізеді. |
«Жылудинамикасы» - грек сөзінен шыққан: «терме» - жылу, ыстық, от деген сөздерді білдіреді, «динамикос» - күш, қозғалыс, ал барлығы бірге - жылу (от) қозғалтушы күш. Сонымен, жылудинамикасы - жылу қозғалтқышының теориясы пайда болды. Техникалық жылудинамикасы - жылу мен механикалық энергиялардың өзара алмасуының заңдылығын зерттейді, ал, сонымен қатар, осыған қатынасатын алмасуындағы дененің қасиетінде зерттейді. Жылу алмасу теориясымен бірге, ол жылутехникасының теориялық негізі болады. |
Бу қыздырушы - оған түсетін қаныққан буды берілген температураға дейін қыздыруға арналған. Қазіргі кездегі, қазандық агрегаттардың бу қыздырғыштары бірден бір жауапты элементтері болып есептеледі, себебі бу қыздырғыштардың бетін қыздыру өте ауыр жағдайда болуда. Оларды жасау, бір жағынан бу - қыздырғыштарды газдардың жоғарғы температура (800...1100°С) облысында орналастырудағы мақсаты, оның қыздыру бетін кеміту, ал басқа жағынан кемшілігі - қабырғасынан буға жылу беру коэффициентінің аздығы. |
Әдетте ЖИТС-пен қала тұрғындары жиірек ауырады. Оған жөнсіз жыныстық қатынас, шектен тыс сексуальдық еркіндік, жезөкшелік, гомосексуализм т. б. жайлар себеп болады. Көпшілік жағдайда ЖИТС-тен сексуальдық белсенділігі басылмаған жастағы ерлер мен әйелдер зардап шегеді. Бала туу мүмкіндігі бар әйелдердің арасында ЖИТС тарала бастауына байланысты балалардың да осы ауруға шалдығуы жиілей түсті. Осыдан 3—4 жыл бұрын АИВ жұқтырғандардың 70—75%-ы еркектер болса, бүгінде есірткі қолдануылардың саны күрт көбейіп, олар көпшілік жағдайда ортақ шприц инелерін пайдаланатын болғандықтан, бұл науқасқа шалдыққан ерлер мен әйелдердің саны теңесті (50%-дан). Мұндай жағдай балаларға ЖИТС жұқтыру қаупін күшейтіп отыр. |
Курортология (курорт және грек. logos – ілім) – емдік қасиеті бар табиғи факторларды зерттеп, оларды пайдалану жолдарын қарастыратын медицинаның бір саласы. К. микробиология, хим., физ., биофизика, физиология, ғылым салаларымен тығыз байланысты. Оның мед. климатология, климатотерапия, бальнеология, бальнеотерапия, балшықпен емдеу, қымызбен емдеу, т.б. салалары бар. |
Гинекология(грекше gyne, gynaіkos – әйел және logos – ілім) – ең алдымен, әйел қайта жасау жүйесiнiң ауруын әйелдiң организмы үшiн ауру үйрететiн дәрiгерлiктер сала тән тек қана. Сонымен бiрге дәрiгер-гинекологтердiң қазiргi кезеңiндегi көпшiлiк акушерлермен болып табылады. Гинекология өте тар түрмен ақырына дейiн туғаннан кейiнгi мерзiмнiң жүктiлiкке және тек жататын бала бiтулерi моменттен әйел организмындағы құбылыс үйрететiн акушерлiкпен байланған; жүйке, iшкi аурулар және тағы басқалар - Жаттығу дәрiгерлiгiнiң тағы басқа бөлiмдерiне хирургияға сонымен бiрге ол жақын тұрады, |
Гигиена – (грек. hygіeіnos – дені сау) денсаулықты сақтау, аурулардан алдын ала сақтану туралы ғылым; медицинаның бір саласы. Гигиена сөзі грекше hygіeіnos, яғни ол дені сау деген ұғымды білдіреді. Қоршаған ортаның адам организміне (денсаулығына, оның еңбек ету қабілеті мен өмірінің ұзақтығына) тигізетін әсерін зерттейді; елді мекендерді таза ұстау, мұндағы адамдардың тұрмысы мен қызмет жағдайын жақсарту жөнінде түрлі нормативтер мен ғылыми талаптар, санитарлық шаралар жүйесін жасайды. |
КАРДИОЛОГИЯ (грек. kardіa – жүрек және logos – ілім) – жүрек пен қан тамырларының құрылысы, қызметі және олардың ауруларының пайда болу себептері мен дамуы, белгілері және оларды анықтау, емдеу әдістері мен олардан алдын-ала сақтану жолдары туралы ғылым, медицинаның бір саласы |
КАРАНТИН (итал. quarantena, quaranta gіornі – қырық күн), уақытша тыйым салу – жұқпалы ауруларға шалдыққан немесе сол індеттер бойынша күдікті адамдар мен жануарларды жұқпалы аурулардан сақтауға, сол аурулардың жан-жаққа таралмауы үшін алдын ала жүргізілетін әкімшілік, мед.-санитариялық, ветеринариялық-санитариялық кешенді шаралар жүйесі. |