Главная » Файлы » РЕФЕРАТ | [ Добавить материал ] |
В разделе материалов: 2903 Показано материалов: 2401-2410 |
Страницы: « 1 2 ... 239 240 241 242 243 ... 290 291 » |
Конституциялық кеңес – конституциялық бақылауды жүзеге асыратын ерекше сот органы (Франция, т.б. елдерде). Ол белгілі бір заңның, әкімшілік актінің немесе өзге шараның Конституцияға сәйкестігі туралы мәселені сот рәсімдемесінің ережелері бойынша талқылау жолымен емес, кеңестің бір мүшесінің осы мәселе бойынша баяндамасын талқылау арқылы қарайды. |
Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады». |
Еңбек құқығы жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек міндеті бойынша, олардың арасындағы жеке еңбек шарты негізінде туындайтын қатынасты реттейді. Еңбек құқығы, сондай-ақ еңбекақы, еңбек тәртібі, жұмыс уақытын белгілеу және пайдалану, еңбекті қорғау бойынша қатынастарды да реттейді. |
Құқықтық мемлекет – конституциялық басқару тәртібі, дамыған құқықтық жүйе мен тиімді сот билігі бар мемлекет нысаны. Қ. м. атауы алғаш рет 19 ғ-дың 1-ширегінде пайда болып, кейін Еуропаның бірқатар елдеріне таралды. |
Кез келген мемлекет өмірдің барлық қоғамдық салаларында, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастарда қатаң тәртіп пен сақтықты орнатуға мүдделі. Онсыз қоғамның бірқалапты дамуы, экономиканың,мәдениеттің, игіліктің көтерілуі және халықтың қауіпсіздігінің артуы мүмкін емес. |
Құқық ізбасарлығы – құқықтар мен міндеттердің не жекелеген құқықтардың бір тұлғадан (құқық субъектісінен) екінші тұлғаға ауысуы. Қ. і. заңға, шартқа немесе басқа да заңи негіздемелерге сәйкес жүзеге асырылады. |
Мұрағат немесе Архив (лат. archіvum) – тарихи маңызы бар құжаттар сақталатын мемлекет арнаулы мекеме. Мекемелердің ескі құжаттарын сақтайтын бөлімі немесе жеке тұлғаның өмірі мен қызметіне байланысты жинақталған жәдігерлер жиынтығы да архив делінеді. |
Мүлік. Мүлік ұғымы. Римдік құқықтың классикалық уақытты мүліктің ұғымы кең түрде шығарылды. Бұл кең мағынада сыртқы материалды заты ғана емес, сонымен қатар қатынас пен құқықты қамтиды. Денелік және денелік емес зат мүліктер. Гай мүліктерді денелікке бөлді, оларды осязать етуге болады және денелік емеске бөлді, оларды осязать етуге болмайды. |
Әйел құны. Дәстүрлі ғұрыптық құқықтағы әдеттік құқық пен шариғат белгілеп берген ереже-қағидаларға сәйкес «әйел құны, ерлер құнының жартысына тең» болды (ер адамның құны өлімі үшін 100 жылқы, төмендегідей бес жақсы: құл мен күң, қаранар, ақсауыт, түзу мылтық, қарашолақ ат, қалы кілем берілді). |
Әйел құқығы. Қазақтың байырғы әдет-ғұрыптық заңы бойынша әйел адамның әлеуметтік ортадағы орны мен міндетін білдіретін және мүліктік меншікті иеленудегі үлесін білдіретін құқықтық нормалар жиынтығы. Байырғы заңдар жүйесі бойынша, ер азаматтың бірнеше әйелі болса, ең бірінші әйелі бәйбіше деп аталған. |